Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Егіндібұлақ селосы
№5 орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі Искаков К.С.
1837-1847 жылдардағы Кенесары Қасымұлы бастаған ұлт-азаттық көтеріліс
«Қазақта Хан Кенеме ер жетпейді» М. Жұмабаев
Сабақтың мақсаты: Білімділік: Еліміздің азаттық жолындағы Кенесарының ерен еңбегі мен қажымас ерлігін ашып көрсету. Хандық биліктегі саясаткерлігін ашып көрсету.
Дамытушылық: Көтерілістің себептерін, қозғаушы күштерін, мақсатын, кесте арқылы тиімді жолдармен түсіндіру. Салыстыра білу, өз пікірлерін дәлелдермен тұжырымдай білу дағдысын дамыту.
Тәрбиелік: Оқушыларды Отанын, халқын сүюге, патриоттық сезімдерін ұштау.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың көрнекілігі: Қазақстан картасы. 8 сыныпқа арналған электронды оқулық.
Мұғалім сөзі:
Қазақ халқының ғасырлар бойы аңсаған тәуелсіздігіне ХХ ғасырдың соңында жеттік. Тәуелсіздік біз үшін қиын жолдармен келгенін тарихтан білеміз. Былтыр 2011 жылы Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығын тойлап өттік. Осы қиын жолда қанша батыр, хандарымыз өз өмірлерін қиып, біз үшін мәнді уақытты сыйға тартты. Осындай дара, дана тұлғалардың бірі – Кенесары Қасымұлы.
|
Көтерілістің қозғаушы күші
Қарапайым Старшындар Билер Сұлтандар
көшпелілер
Көтеріліске қазақ халқымен бірге басқа ұлт өкілдеріде қатысты.
Ханның ерекше құрметіне ие болғандар
Кенесарының хатшысы — орыс солдаты болған
Наурызбайдың атқосшысы – орыс Николай Губин болған
Әскери кеңестің мүшесі – татар әлім Ягудин болған
Дипломатиялық мәселерде шешкен — өзбек Сейдаққожа Оспанов болған
Кенесары Қасымұлына мінездеме беріп өтейік
- 1802 жылы туған. Абылай ханның немересі.
- Жастайынан ат құлағында ойнаған.
- Құралайды көзге атқан мерген болған.
- Қара қылды қақ жарған әділ болған.
- Ерік жігерімен, қажымас қайратымен батыл болған.
- Ұйымдастырушылығымен көзге түскен.
- Орта бойлы. Торпақ денелі. Жауырыныды.
- Аз сөйлеп, көп тыңдаған.
Кенесарының хаттағы талаптары
Ақтау бекінісін жою Ақмола прказын жою Омдыдағы
тұтқындарды босату
Осыдан кейін 1838 жылы Ақмола бекінісін өртеп жібереді.
Кенесары көтерілісіне байланысты
Орынбор генерал-губернаторы Батыс Сібір генарал-губернаторы
Перовский Горчаков
бейбіт келісім жасауды қарулы күшпен басуды
ұсынады ұсынады
Осы аралықта Қазақ хандығы қалпына келтірілді
Әскери салада жасаған өзгерістер
- 20 мың тұрақты әскер жасақталды
- Мергендер жасағы жасақталды Орыс армиясы қатарында
- Ерекше айырым белгі енгізілді болған солдаттар
- Барлаушылар тобы жасақталды дайындады
1842 жылы 1843 жылы 1843 жылы тамызда
Сотников басқарған Лебедев басқарған Жантөреұлы мен Айшуақұлы
жазалаушы әскер келеді жазалаушы әскер келеді басқарған әскер жасақталды
Осы ұрыстарға жауап ретінде 1844 жылы Кенесары әскері
- Жантөре сұлтанның әскерін талқандады
- Екатерина станицасына шабуыл жасады
- Кенесары әскері жігерлене түсті
Кенесары ордасына Долгов пен Герннің келуі
- Патша үкіметіне шығын көп болып кетуінен
- Кенесары әскері туралы мағлұмат жинау
- Ырғыз, Торғай өзендерінің бойына бекіністер салу
- Келіссөздер жасау
Долгов пен Герннің алып келген шарттары
Кенесары хан Қоқан жеріне шабуыл жасаудың себептері
1836 жылы бауыры 1840 жылы әкесі Жинап келгенде кек алу
Саржан сұлтанды өлтірді Қасым төрені өлтір
НӘТИЖЕСІНДЕ
1845 жылы Жаңақорған, Жүлек, Қоқандықтардың қазақтарға
Созақ бекіністерін жаулап алды озбырлығы азайды
ЕҢ БАСТЫСЫ
Қосымша дұшпан тауып алды
Кенесары ханның Қырғыз жеріне келуінің себептері
Қырғыздарды Қоқан езгісінен Қоқандықтарға қарсы күш
босату біріктіру
Н Ә Т И Ж Е С І Н Д Е
1847 жылы кенесары Қырғыз Қоршауда қалды 1847 жылы Кенесары
жеріне басып кірді Қырғыз манаптарының
қолынан қаза тапты
Кенесары Қасымұлы Қазақ халқының есінде
- Мықты әскери қолбасшы ретінде есте сақтады
- Мемлекет қайраткері ретінде
- Үш жүздің басын біріктіруші ретінде
- Қазақ мемлекеттілігін қалпына келтіруші ретінде есте сақтады
Қорытынды мұғалім сөзі:
Кенесары көтеріліс туралы шындықты жазғаны үшін Е. Бекмаханов 25 жылға сотталды. Ал осы тарихшы Бекмахановты қолдағаны үшін М.Әуезов, Қ. Сәтпаевтар қуғынға ұшырады.
Көтерілісті «шоқтығы биік көтеріліс» деп баға береміз! Осы тақырыпты өз мәнінде жеткізуге қолдау көрсетіп, тыңдағандарыңызға рахмет.
Егіндібұлақ ауылы – 2012 жыл.