“СӨЙЛЕ СУРЕТ” Графикалық суреттер көрмесіне шақырамыз. (20-сурет жарияланды)

10699292_791720594222910_2124946482_n10721353_791857254209244_741271836_n 10726407_791857327542570_1381339221_n 10718047_791857370875899_301084510_o 10726200_791857510875885_553385827_n 10719466_791857804209189_2090744205_n 10723523_791857904209179_2121708219_n 10726533_791858000875836_870979880_n 10520976_791858057542497_1976354328_o 10726432_791858160875820_690459259_n 10726314_791858204209149_402337152_n 10723523_791858250875811_311961456_n 10722847_791858517542451_111955462_o 10718034_791858790875757_646664064_n 10720734_791858860875750_258633194_o 10714633_791858884209081_1192298624_n 10726845_791858917542411_2063017432_n 10711443_791859107542392_1874374525_n 10726577_791859184209051_1365656551_n 10728794_791859270875709_1694573024_n
14 қазан күні Астана қаласындағы Еуразия ұлттық университетінде танымал суретші Аңсаған Мұстафаның «Сөйле, сурет» атты алғашқы көрмесі өтеді. Қазан айының 25-не дейін жалғасатын шарада әлеуметтік тақырыптардағы қылқалам туындыларын тамашалауға болады.
Аңсаған Құрманғазықызын жіті танымайтындар үшін аз-кем ақпарат айта кетейік. Ол 1979 жылы Атырау облысы Миялы ауылында дүниеге келген. 13 жасынан «Ақ босаға» газетінің көркемдеуші редакторы қызметін атқарып келеді. Республикалық көркем сурет колледжін, Т.Жүргенев атындағы Өнер академиясының графикалық дизайн бөлімін бітірген. Академия қабырғасында А.Дүзелханов, А.Омаров, М.Қыдырбаев сынды ұстаздардан дәріс алды. Оның қолтаңбасы әлеуметтік тақырыптарды көп қалам тартуымен ерекшеленеді. Әрбір туындысы ащы шындыққа құрылған. Суреттері арқылы көпшілік ортаға, жалпы қоғамға ой тастағысы келеді. Тың тақырыптар мен өзекті мәселелердің тамырын тап басып, еріксіз назар аудартады. Қолынан шыққан дүниелерді әрдайым әлеуметтік желілер арқылы насихаттап, көпшілікке жеткізіп отырады. Нәтижесінде, талантты иллюстратордың шығармалары түрік, жапон, грузин, қырғыз, ағылшын, орыс және тағы да басқа он шақты тілдерге аударылып, шетелдік сайттарда жарияланып үлгерді.

Кей суреттері фейсбуктің Латын Америка сегментінде жергілікті ең танымал артистердің рейтингісінен асып түскен. Бүгінде Еуроодақта, Жапонияда тарайтын журналдар қайта басуға рұқсат сұрап отыр. Оларға қазақстандық басылым «Ақ босаға» газетіне сілтеме жасап, қайта басу құқығы тегін берілген.

– Соңғы жылдары әлеуметтік желіні тұтынушылар арасында суреттерім біраз танымалдылыққа ие болды. Олар төл туындыларымды өз көзімен көргілері келетіндіктерін жиі айтады. Сол кісілердің сұрауымен жеке көрмемді өткізуді ұйғардым. Басты мақсатым – қазақ жастарына, жалпы, көпшілікке ой тастау. Тәлім-тәрбие жұмыстарын заманауи және әркімге бірден түсінікті инфографика тәсілін пайдалана отырып жеткізу. Шараны өткізуге қолдау білдіріп, атсалысқаны үшін Лев Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры Ерлан Сыдықовқа және университет ұжымына алғыс білдіремін, – дейді Аңсаған Мұстафа.

Автордың мәліметінше, «Сөйле, сурет» көрмесі екі апта ішінде Елордадағы білім ордаларының барлық студенттеріне таныстырылады. Сондай-ақ алдағы уақытта еліміздің басқа да қалаларына апару жоспарда бар.

Ақпарат иесі: Байдәулет Қаншайым. http://aikyn.kz/articles/view/59109

комментария 2

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше