Адам-жердегі биологиялық түрлердің ең құндысы

Қызылорда облысы, Қазалы қаласы, Ғ.Мұратбаев атындағы
№17 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі
Кенжебаева Гүлназ Теңізбайқызы

            Табиғат қорларына жеке- жеке сипаттама бере отырып оқушының ауа, су, жер қорлары жөнінде алған білімдерін,ғылыми бағыт бере отырып дамыту туған табиғатты аялай білуге бар байлықты көздің қарашығындай сақтай білуге тәрбиелеу. Қышқыл түзуші өнеркәсіп шығындары (SO.NO.HCI .т.б)қышқылдары жауын түзілуіне себепші болады. Жылу алу үшін көмір мен мазутты жаққан кезде күкірт ангидриді,ауаға бөлінеді. Осы газ атмосфераға оттекпен тотығып,су буымен қаныққан соң,одан күкірт қышқылы  түзіледі.

   Құрамында күкірт қышқылы бар тұмандықтар Адам өзін қоршаған ортамен бірге өсіп,біте қайнасып келеді,өзі де осы табиғаттың бір бөлшегі болып саналады.

Қоршаған орта:ауа, жер,су ормандар сау болсағана адамның өзіде сау болады.

Адам-жердегі биологиялық түрлердің ең құндысы.Жер-адам пайда болуынан миллиардтаған жыл бұрын бәлкім,адам бір-бірімен және табиғатпен бейбіт өмір сүруды үйренбесе, адамзат өліп кеткен жағдайда,жер соншалық уақыт тіршілік ете алады. Бірақ та біз ғасырлар бойы және мыңдаған жылдардан бері табиғатты пайдалану ұранын басшылыққа алып келеміз, яғни табиғатқа қарама қарсы бағытта тәрбиеленіп келдік.

    Табиғатпен жарастықта өмір сүру үшін, оның заңдарын үйрену керек және оны бұзбаған жөн. Адам қоршаған ортаға аса сақтықпен қарап, одан өз орнын табуға тиіс. Алайда қоршаған ортаға зорлықпен жасалған өзгерістердің ішіндегі ең ауыры Семей аймағындағы болған өзгеріс.

   Полигонның жылдар бойы атқарған белсенді қызметі кезінде қоршаған орта: топырақ, атмосфера, су – радиоактивті газ тозаңдар, азық-түлік, радионуклидтермен ластанды.

    Шаруашылықтардың байырғы өрістерінде жайылып жүрген және полигонға таяу жерлерден су ішетін малдың еті мен сүтіндегі радионуклидтердің барлығы мөлшерден ондаған есе асып түседі.

   Семей полигонының алаңдарының гранит деп аталатын тектес жақпартастардан тұрады. Граниттің сейсмикалық тербелістерді сіңіру қасиеті төмен. Сондықтан мұндағы жер асты жарылыстар айтарлықтай тербелістер туғызады. Қашықтықтары мен қуаттары бірдей жарылыстардың Невада полигонындағы сейсмикалық тербеліс күші Семейден 3-4 есе төмен.

    Полигонға іргеліс аудандардың шаруашылықтарында осындай суы тартылған құдықтар әрбір жарылыс сайын пайда болып отырады. Адам ағзасы ұшан теңіз клеткалардан тұрады. Мөлшермен ол жүз триллионға тең. Адам дегеніміз, айтарлықтай жоғары дамыған сезімтал механизм. Бірақ, өкінішке қарай, ол сәуле әсеріне ұшырағанын білмей қалады. Барлық клеткалар және тері радиация энергиясын еш ауырсынбай сіңіре береді. Осы кезде ағзаның иондануы басталады. Тағы бір теріс әсер – атомдардың қозуы. Клеткалармен тері заттарының қозған атомдары аса жоғары химиялық белсенділікке ие. Содан барып қалыпты, сау ағзаға тән емес жаңа химиялық қоспалар құрылады, олар клеткалар мен терідегі алмасуға қажет күрделі биохимиялық процестердің бұзылуына апарып соғады.

         Бір сөзбен айтқанда, радиация туғызған физикалық процестер – иондану және атомдардың қозуы ағзаның өмірлік маңызды функцияларын тікелей бұзып және адамның түрлі мүшелерінің жүйелерін істен шығарады. Адам ағзасының клеткалары әдетте түрлі ауруларды туғызатын сыртқы және ішкі бөгде заттарды жуытпай кері тебу қасиетіне ие. Сөйтіп ол имундық қорғаныс жүйесін құрайды. Адамның аса шапшаң көбейетін клеткалардан тұратын иммундық жүйесі жүздеген ғасырлар бойына жалғасып, қалыптасты. Ол маңызды міндет атқарады. Қоршаған ортаның тікелей әсерінен ағзаның тәуелсіздігін қамтамассыз етеді. Яғни адам денесі ішінде қажетті жағдайлар туғызу жолымен ағзаның қоршаған орта әсерлеріне төтеп беруіне жетіседі. Бір сөзбен айтқанда иммундық жүйе адамды сан қилы аурулардан табандылықпен қорғайды.

         Жоғарыда айтқанымыздай радиация клеткаларды ең бірінші кезекте иммундық жүйенің клеткаларын жаралайды. Иммундық жүйе клеткаларының өз бетімен дербес құрады. Бұл – олардың генетикалық табиғатына тән құбылыс. Өйткені, олар аса шапшаң көбейетін клеткалар жәрдемімен қайта қалпына келеді. Әйтседе радиация әсерімен иммундық клеткалардың өлуі ондаған дәне жүздеген есе шапшаңдайды. Осының салдарынан ағзаның иммундық қорғауы әлсірейді, иммундық тапшылық жағдайы дамиды, Яғни адамның табиғи қуаты азаяды. Ақыры адам түрлі аурулар алдында әлсіз немесе қорғаныссыз күйге ұшырайды.

         Бәрінен де жұқпалы ауруларға қарсы тұратын иммундық жүйе осалдық жасайды. Ағзаның шын мәнісінде барлық жұқпалы ауруларға қарсылық көрсетуі кемиді. Қатерлі ісіктерге қарсы иммундық жүйенің бөлінуі  едәуір уақыт өткен соң – сәуле алғанына бес жылдан қырық жылға дейін және одан да көп уақыттан соң білінеді.

         Табиғаты бұзылған иммундық жүйені қалпфына келтіру үшін ағзаға қажетті уақыт беріп қамқорлық жасайды. Соған сәйкес бүлінбеген клеткалар бүлінгендерін алмастыра алады. Алайдат сәуле әсеріне қайта ұшыраған шақта сол сау клеткалардың өздері бүлінуі мүмкін. Мұндай жағдайда ағзаның қалпына келуі тежеледі немесе ұзақ жылдарға созылады. Радиация адам ағзасының басты қаруы – иммундық жүйені құрту, әлсірету барлық ауруларға даңғыл жол ашып береді. Сөйтіп сәуле әсеріне ұшыраған адамдар иммундық жүйенің тапшылығына душар болады. Радиологиялық диспансердің дектеріне қарағанда полигонға жақын аудандарда тұратын халықтың 70-80% иммундық тапшлық зардабын тартуда.

         Адам ағзасының әрбір мүшесінің өз клеткалары болады және олардың әрқайсысы өз бойында хромосомдар деп аталатын тұқымқуалау механизмін сақтайды. Әр клетка хромосомдарының өзіндік кескін кейпі болады. Яғни адамның әр мүшесі тек өзіне ғана тән хромосомаларға ие. Тұқымқуалау механизмі сонау палеозой дәуірінен бері мыңдаған жылдар ішінде өмір сүрген ұрпақтардың өмірлік тәжіриесінің жемісі. Осы ғажайып бізді барлық тіршілк құбылыстарынан бүкіл ағзаның аса күрделі жүйелерін кешенді әрекет істеуге жүмылдыру арқылы аман сақтап келеді. Адамның тұқым қуалау механизмі шын мәнінде ұланғайыр зор жұмыс жасайды.  Олар – аталық жіне аналық клеткаларда орналасқан аса күрделі молекулалар танымдық белгілерді сақтаушылар жаңа тіршілік иесіне құрылымдарды барлық бағдар мен ақпаратты өзінен бұрын барлық ұрпақтың жадындағыларды мұра етіп береді. Радиациялық әсердің көзге көрінбейтін және жанға батпайтын қасқағым сәті ғана тұқым қуалау механизміне ондаған, тіпті жүздеген жылдараға жететін ауыр соққы береді.

         Иондаушы радиация әсерінен тұқымдық белгілерді сақтау үшін хромосомалар қайтып қалпына келмейтін жағдайға душар болады, яғни хромосомалық аппарат істен шығады. Бұл өзгеріс  радиациялық сәуле алған адамда ұрпақтан ұрпаққа баланың баласына көшеді. Содан барып нәрестелер сан түрлі кемістермен, кемтарлықпен өмірге келеді.

         Иондаушы радиацияның тіпті болымсыз өте кішкене мөлшерінің адам ағзасы клеткаларына генетикалық ауыр бүлдірулер тигізетіні анықталды. Мұндай жағдайда сау клеткалардың биологиялық заңды көбею орнына сәуле алған клеткалардың қалай болса солай және басқа кері қасиетке ие хромосомалық сапада көбеюі өрістейді. Радиация әсерінен пайда болған табиғи жағдайларды жою мүмкін емес дейді ғалімдар.

         Полигон қасіретінің ең ауыр көрінісі – адам ағзасында өте қатерлі ісіктердің пайда болуы (рак ауруы). Әдетте әр сәтте миллиондағанк леткалардың бірі өзгеріп басқаша айтқанда қатерлі ісікке айналып тоқтаусыз өсу қабілетіне ие болып жатады. Әдетте мұндай клеткалар сау иммундық жүйе қызметі арқасында дереу жойылады. Ал, иммундыұ жүйенің өзі радиация әсерінен дәрменсіз күйге түскен жағдайда рак клеткаларының саны айтарлықтай көбейіп, қатерлі ісіктер жиілейді.

         Бүгінгі Семей проблемасын тек Қазақстанның проблемасы деуге болмайды. Ядролық қару сынау жерлерін жабу ісінде Қазақстан тұңғыш мемлекеттердің бірі болды.

         Бүгінгі Қазақстан ядролық сынақтардың нәтижесінде туған проблемаларды шешуді бүкіл әлемнің көмегіне сенім артуда. Бұл қасіретпен біз бетпе бет күресіп келудеміз. Соңғы жылда полигоннан қайғы шеккен азаматтарға төлемақы төлеуге, аудан экологиясын қалпына келтіру жұмыстарына Қазақстан жүз шақты миллион теңге қаражат жұмсады – деді президент.

         Әлемдегі үлкен ядролық полигонның орнында бүгін алтын өндіру жұмыстары жүргізіліп келеді.

         Радиация адам өміріне аса қажетті иммундық жүйемен тұқым сақтау механизмі, адам ағзасында қатерді ісіктердің пайда болуына және психикалық аурулардың өріс алуына жол ашады. Сөйтіп адам тірек ететін негізгі өзектерді істен шығаруы баршамызға мәлім.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше