Биология

Сабақтың түрлері және құрылысы

Қызылорда облысы, Қазалы қаласы, Ғ.Мұратбаев атындағы
№17 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі
Кенжебаева Гүлназ Теңізбайқызы

Сабақтың тақырыбы:  Сабақтың түрлері және құрылысы
Мақсаты: Білімділігі: Оқушыларға өсімдіктің  сабағы және оның түрдері туралы мағлұматтар  беру
Дамытушылығы: Оқушылардың сабақ туралы ой –орісін кеңейту және тіл байлығын , сөздік қорын дамыту
Тәрбиелілігі: Оқушылардың табиғаты сүюіне, ақыл ойын ғылыми дүниетанымын қалыптастырып, тірі табиғат пен ізгілікті қарым –қатынаста болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Жаңа оқу материалын игерту

Сабақтың типі: Түсіндіру, әңгімелесу, сұрақ –жауап, кестемен жұмыс, ой жинақтау

Сабақтың әдісі: Аралас сабақ

Көрнекіліктер: Интерактивті тақта,кеппе шөп,ағаш діңінің кесіндісі

Пәнаралық байланыс: География, химия,бейнелеу өнері

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

А) Оқушылармен сәлемдесу

Ә) Класты түгелдеу

Б) Сабаққа даярлау

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

А) Сұрақ –жауап

1. Бүршік неліктен бастапқы өркен деп аталады?

2. Буын, буынаралық дегенді қалай түсінесіңдер?

3. Ұзарған өркен мен қысқарған өркеннің айырмашылы  неде және олар қандай қызмет атқарады?

4. Өсу бүршігі мен гүл бүршігінің айырмашылығын атаңдар.

 

Б) Кесте мен жұмыс

Төбе

Жанама

Қосалқы

Қолтық

бұйыққан

         

 

ІІІ. Жаңа сабақ:

Сабақ- өсімдіктің жер асты мүшелері мен жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын орталық тірек.

бүршік, жапырақ, гүл, жеміс бекінеді                Қоректік заттар қозғалады

 

 

 

 

 

 

Органикалық заттар қорға жиналады                    көбеюге қатысады

 

Өсімдік сабақтары

 

Шөптекті                    ағаш текті         Сүректі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

   

 

 

Сабақтың ішкі құрылысын ағаш діңінің көлденең кесіндісінен көреміз.

Қабық-сабақтың ең сыртқы қабаты. Қабық- өң, тоз, тін қабатынан тұрады.

Өң- түссіз, жас сабақтардың сыртын қаптайды. Үлкен ағаштардағы өң түлеп түсіп, орының тоз алмастырады.

Тоз қалың болсада ішкі жасушалардың тыныс алуына оттегін өткізеді. Тозда орналасқан, тыныс алуға қатысатын пішіні төмпешікке ұқсаған жасшаларды жасымықша дейді.

Камбий –қабықтан кейінгі орналасатын қабат.

Сүрек – сабақтың едәуір бөлігін алып жататын камбийден кейін орналасатын қабат.

Өзек – сабақтың орталық бөлімі.

ІҮ. Жаңа сабақты бекіту:

«Сөзтуым» шешу

 

С

1.Жатаған сабаққа жататын өсімдікті ата

2.Шырмалғыш сабаққа жататын өсімдік

3.Тік сабақа жататын өсімдік

4.Өрмелегіш сабаққа жататын өсімдік

5.Қысқарған сабаққа жататын өсімдік

ІІ

 

«Біліміңді тексер»

1.Қияр, 2.жабайы бұршақ,  3.пияз,  4.қайың, 5.бақпақ,  6.үрмебұршақ 7.күріш, 8.шырмауық,  9.асқабақ.  Осы өсімдіктер тізбесінен сабақтың қай түріне жататынын  анықтап, тұсындағы санын кестедегі тиісті бағанға жаз.

Тік

Жатаған

Өрмелегіш

Шырмалғыш

Қысқарған

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІІ  тест тапсырмасы:

1. Өсімдіктің жер асты және жер үсті мүшелерін жалғастырып тұратын тірек қалай аталады?

А) Сабақ  Ә) жапырақ    Б) гүл   Г) жеміс

2. Сабақ түрлері нешеге бөлінеді?

А)  5    Ә)  2   Б) 3      Г) 4

3. Қысқарған сабаққа жататын өсімдікті ата

А) пияз  Ә) қауын   Б) қарбыз   Г)  асқабақ

4. сабақтың ішкі құрылысы неше бөлімнен түрады?

А)  2  Ә)  4   Б) 3      Г) 1

5. Тін қандай қызмет атқарады?

А)Беріктік қасиет береді    Ә) ішке оттегін өткізеді

Б) күн саулесін өткізеді   Г) қолайсыз жағдайлардан қорғайды

IV.Зертханалық жұмыс

Ағаштардың жасын анықтау

Мұғалім сөзі:

Әрбір төрт ағаштан алынған  оттегі 3 адамның тыныстануына жетеді. Олай болса өсімдіксіз жер бетінде тіршілік жоқ. Сол себептіде Ел басы «Қазақстан -2030» бағдарламасында табиғатты қорғау, айналаны көгалдандыру мәселесін енгізді. Біздің парызымыз айналамызға көрік беретін тіршілік тірегі-жасыл желекті қорғап табиғатты аялай білу.

 

Ү. Бағалау: оқушыларды бағалау (тапсырмалар бойынша)

ҮІ.Үйге тапсырма: §10

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.