«ХХІ ғасыр көшбасшысы» зияткерлік сайысы
Қызылорда облысы, Қазалы қаласы, Ғ.Мұратбаев атындағы
№17 орта мектептің биология пәнінің мұғалімі
Кенжебаева Гүлназ Теңізбайқызы
Армысыңдар, бүгінгі «ХХІ ғасыр көшбасшысы» атты сайыс сабағымызға жиналған қауым! Бүгінгі біздің сайысқа қош келіпсіздер!
Қатысушылар мен әділ қазыларды таныстыру.
І кезең. «Бәйге»
Қарап тұрмай бәйгеге еріңіз Жүзден жүйрік,мыңнан тұлпар шығарар
Шәкірттерге әділ шешім беріңіз Бәйге,бәйге,бәйгелерді көріңіз, – дей келе біз келесі кезең – бәйгені бастайық.
- Бұл кезеңде әр ойыншыға жеке алдын ала дайындалған үш сұрақ қойылады.
- Қатысушы дұрыс жауап берген әр сұраққа 10 ұпай иеленеді.
- Ойлануға уақыт беріледі
1- ойыншы
- Фотосинтез үрдісі нәтижесінде өсімдіктер бөлетін газ (Оттек)
- Теріс және оң зарядталған атомдар (Иондар)
- Ұйқы безінен бөлінетін гормон (Инсулин)
2 – ойыншы
1. Қанның құрамындағы элемент (Темір)
2. Ең жеңіл металл (Литий)
3. Күнбағыс қай тұқымдасқа жатады (Күрделі гүлділер)
3- ойыншы
1. Адамның дене жасушаларындағы хромасома саны (46)
2.Қанттың химиялық аталуы (Сахароза)
3. Қан беруші адам (Донор)
4- ойыншы
1.Ұйқы ауруын тудыратын Африкалық шыбын қалай аталады? (Цеце)
2.Оң зарядталған ион (Катион)
3. Тұқым қуалайтын өзгергіштік (Мутация)
5 – ойыншы
1. Периодтық жүйедегі элементтердің көлденең қатары (Период)
2. Жүректің құрылысы мен қызметін зерттейтін ғылым саласы (Кардиология)
3. Дені сау адамның асқазанында қандай қышқыл болады? (Тұз қышқылы)
6 – ойыншы
1. Адам ағзасында қай элемент жетіспеуінен тіс жегі аурына ұшырайды. (Фтор)
2. Қай галоген бактерияларды өлтіріп,денсаулықты қорғайды (Хлор) 3.Жасушаны зерттейтін ғылым саласы (Цитология)
7-ойыншы
1.Өмір мен ойдың элементі (Фосфор)
2. Йод тапшылығынан болатын ауру түрі (Жемсаулық немесе зоб)
3. «Ақ маржан» аталатын дәнді дақыл (Күріш)
8 –ойыншы
1. Теріні ультракүлгін сәулесінен қорғайды.Өзін оттектің үш атомы құрайды (Озон)
2. Суда еритін негіздер қалай аталады? (Сілтілер)
3. Муфлоннан үй жануарының қайсысы шықты (Қой)
ІІ – кезең «Дода»
Мәңгі бақи есте қалар Білімдірек шәкірт озар
Ғажайып бір сайыс болар Қиынырақ сұрақ болсын, – деп
Бір енді сайысымыздың келесі кезеңіне келдік.
Бірінші кезеңде жиналған ұпай екінші кезеңде сақталады.
1. Қатысушыларға 2 пәннен 10,20,30,40 ұпайлық сұрақтар ұсынылады. Белгіленген блок бойынша ойыншы пәнді және ұпайды өзі таңдайды. Таңдау кезегі ойыншының бірінші кезеңде жинаған ұпайларына сәйкес ең көп жинаған ойыншыға беріледі.
2.Сұраққа дұрыс жауап берген ойыншының бірінші турда жинаған ұпай санына балдар қосылып отырады. Ойыншы сұраққа жауап бере алмаса басқа ойыншыларға да жауап беру мүмкіндігі беріледі.
3.Екі кезең барысында барынша көп ұпай жинаған 4 ойыншы кезеңге шығады.
10 ұпай Биология. Бұл өсімдік ұзақ уақыт ботаникалық бақтарда егілген. Гүлдерін ханымдар әдемілік үшін шаштарына таққан. 200 жылдан кейін ғана шаруалар өздерінің бақшаларына егіп азық ретінде пайдалана бастаған. Бұл өсімдікті ресейге ең алғашқы рет І Петр әкелген.Қандай өсімдік туралы айтылуда? (Картоп)
20 ұпай Биология. АҚШ та ақбас бүркітті,Ресейде қоңыр аюды,қазақ халқы аққу мен үкіні қасиетті санайды,ал Үндістанда қай жануарды қасиетті санайды. (Сиыр)
30 ұпай Биология. Бұл құс түйеқұстардың ішіндегі ең кішкентайы. Дене сіңінің ұзындығы 50-80 см,салмағы 2-4 кг.Қорегін көбіне иіс сезу арқылы табады.Басқа түйеқұстардан басты ерекшелігі түнде белсенді тіршілік етеді.Олар құрттармен,жәндіктермен,жидектермен қоректенеді.1921 жылдан бері қатаң қорғауға алынған.Халықаралық табиғат қорғау одағының «Қызыл кітабына»тіркелген.Бұл құс Жаңа Зеландияның ұлттық символы. (Киви)
40 ұпай Биология. Аяқсыз жылан тәрізді кесіртке,ұзындығы 1-2 м. Жыланнан айырмашылығы қарсы болады және көзін жыпылықтата алады. Күндіз белсенді тіршілік етеді.Ол зиянсыз бауырымен жорғалаушы туралы айтылуда? (Сары жылан немесе сары бауыр)
10 ұпай Химия. Табиғатта таралуы бойынша бірінші тұрған металл?(Алюминий)
20 ұпай Химия. Неліктен темір аспан тасы деп аталған? Себебі метеориттің құрамында бар)
30 ұпай.Химия. Бұл заттың 0,9% ерітіндісі физиологиялық ерітінді деп аталады.Адам ағзасы көп қан жоғалтқанда қан тамырына құйылады.Ол затты тұрмыста тамақ дайындауға қолданады.Бұл заттың химиялық атауы қандай? (NaCl натрий хлориді)
40 ұпай Химия. Тайқазан 7 металдан құйылған,ол қандай металдар? (Темір,мырыш,қалайы,қорғасын,мыс,күміс,алтын)
ІІІ кезең. «Тіл өнер»
Келді кезек жұмбақты шешуге Қазақ ,Орыс,Ағылшынды білсеңіз
Жауаптарын беруге үш тілдерде Жақсы баға шәкірт саған несібе
Жасрылған жұмбақтардың жауабын қазақ,орыс,ағылшын тілдеріне аудару керек.Химия пәнінен қойылған сұрақтардың жауабы қазақ,орыс,латын тілінде берілуі қажет.Әр ойыншыға екі сұрақтан қойылады. Ойыншы жауап бере алмаса,қарсыластарына жауап беру құқығы беріледі.
- Халқымыз жеңіл ауру санайтын қатерлі дерт. (Тұмау- грипп- Flu)
- Таяқ еттен өтеді
Сөз …… өтеді (Сүйек- кость- bone)
3. Жазда тұрып жоғары ,
Күзде жерге қонады (Жапырақ- листья- leaf)
- Негізгі сутек пен гелиден тұратын қызған алып шар. (күн- солнце- sun)
- Өзі ауыр металға жатады,
Емшілер қорықтық құюға қолданады. (қорғасын- свинец- плюмбум)
- Сұйық металл (сынап-ртуть-гидраргирум)
- Ел іші бесік (алтын-золото-аурум)
- Батыр майданда шыңдалады
…… қайнауда шыңдалады (темір-железо-феррум)
ІV кезең. «Ұлы тұлғалар». Бұл кезеңде химия және биология ғылымдарының дамуына елеулі үлес қосқан ғалымдар туралы болады. Қойылған сұраққа ең бірінші болып қол көтерген ойыншы жауап береді, берген жауап дұрыс болмаған жағдайда,қарсыластары да өз жауаптарын аутуына болады.
- 1. Америкалық эмбриолог,генетик. Генетикалық зерттеулерді ең алғашқы болып жеміс шыбыны дрозофилаға жүргізген.Осы жұмыстарының нәтижесінде ол шәкірттерімен бірге тұқым қуалаушылықтың хромосомалық теориясын ашты? Генетика ғылымының дамуына үлес қосқан қай ғалым туралы айтылуда? (Т.Морган)
- 2. Қанайналым және ас қорыту саласындағы зерттеулері үшін Нобель сыйлығын алған алғашқы орыс ғалымы.Оның шартты рефлекстер туралы теориясы тірі ағзалардың сыртқы ортамен байланысын және олардың сыртқы әсерлерге көрсететін реакцияларын түсіндіруге септігін тигізіп,физиологияның дамуына үлес қосқан қай ғалым туралы айтылуыда? (Иван Петрович Павлов)
- 3. Зат массасы мен энергиясының сақталу заңын ашқан ғалым. «Қайда қарасақ та,қайда көз жіберсек те көретініміз химияның ғажайыптары», «Химия келешекте адамзатқа құшағын кеңінен жаяды»- деп көрегендік танытқан ғалым (М.В.Ломоносов)
- 4. Электролиттік диссоциациялану теориясының негізін қалаған швед ғалымы.Сонымен қатар физиканың көптеген саласында,иммунохимия саласында жұмыстар жүргізген.Химия ғылымының дамуына үлес қосқан қай ғалым туралы айтылуда? (Сванте Аррениус)
