Ақтөбе облысы, Шалқар қаласы, № 2 мектеп-гимназия
№2 мектеп-гимназия әдіскері Төрежанова Светлана Кеңшілікқызы
«Мұғалім жетістігі шеберлігінде» диалог конференция
Мақсаты:Жас мамандармен тәжірибелі ұстаздардың арасында өзара тәжірибе алмасу,ой бөлісу,сенім орнату,көңілде жүрген түйткілді мәселелерді шешісу,жас мамандарымызды ситуациялық жағдайлардан шыға білуге қалыптастыру.
І.Мектебіміздің жас ұстазы,биология пәні мұғалімі Қожабаева Айбану Нұрсұлтанқызының психологиялық тренингтері.
1.Өзара танысу:Әр мұғалім өзінің атын атап,атының бас әрпімен бойындағы жақсы қасиет-терін сипаттайды,келесі мұғалім әрі қарай жалғастырады.
2.Қатысқан мұғалімдердің туған күндерімен байланыстырып,жұмысқа қабілеттілігіне, мамандық таңдау ерекшеліктеріне,өз кәсібіндегі шеберліктеріне тоқталуға жұлдыз-жорамал жасау.
ІІ.Тәжірибелі химия пәні мұғалімі Мырзалы Сәмия Ыбырайымқызының интерактивті тақтада «Кальций.Кальций қосылыстары» тақырыбындағы үздік панорамалық сабақ үлгісін көрсетуі.
ІІІ. Диалогтік кезең.
Жас ұстаздарымыздың тәжірибелі мұғалімдерге сұрақтары:
1.Оқушылардың қызығушылығын үнемі арттыру үшін,өтілетін сабаққа қалай дайындалуға кеңес берер едіңіз?
Берілген жауаптардың түйіні:Өзін сыйлайтын әрбір ұстаз өзінің баланың алдындағы беделін,құзырлылығын сақтау үшін,ешуақытта сабаққа дайындалмай оқушының алдына келмеуі керек.Теориялық білімге барлық уақытта дайындық,жетілдіру керек.Өзінен көп білетін,сабақты түрлендіріп өткізетін,үнемі жаңалыққа жаны құмар ұстаздың сабағына оқушының қызығушылығы болмауы мүмкін емес жағдай.
2. Интерактивті тақтада «Менің атым Қожа» киносынан Қожаның мұғалімді алдап кететін бейнекөрінісі көрсетіледі.
Жас ұстаздарға да,тәжірибелі мұғалімдерге де ортақ сұрақ:Сіздің де Қожа сияқты оқушыларыңыз бар болар,дәл осындай баламен қалай жұмыс жасар едіңіз?
Тәжірибелі ұстаздар да,жас мұғалімдер де мынадай ортақ пікірге келді:Ұстаздық мамандықты таңдап алғаннан кейін, әртүрлі жағдайлардың болатындығына барлық уақытта дайын болуымыз керек.Соның ішінде баламен жұмыс мұғалімнің өзін де ұстамдылыққа, ойланып сөйлеуге,ұстаздың ұлылығын көрсетуге арналған мамандық.Бұл жағдайда Қожаны өз ісінен ұялатындай әрекет жасап,балалығына кешіріммен қараған жөн деп ойлаймыз.
3. Сұрақ: Математика пәнінен 11 сыныпқа тәжірибелі , біраз жыл жұмыс жасап жатқан мұғалім береді, ал екінші сыныпқа жаңадан келген жас маман береді. Бірақ оқушылар бұрынғы сабақ беріп жүрген мұғаліміне үйреніп қалған. Бірақ бұл мұғалім қолының тимейтінін, уақытының тығыздығын айтады. Ал оқушысы жас маманнан дәріс алғысы келмейді. Осы кезде жас маман сіз өз потенциалыңызды қалай көрсетер едіңіз?
Өз ойларыңыз :
Жас ұстаз:Тәжірибелі ұстаздың дәрежесіне бірден жету жас маман үшін оңай да,мүмкін де емес,бірақ қол қусырып отыра бермеуіміз керек.Ұлы Абай атамыз айтқандай, «болмасаң да ұқсап бақ,бір жақсыны көрсеңіз» дегендей,үлгі алатын алдыңғы толқын бар жерде біздер де үйреніп,жақсы нәрсені ойымызға тоқып,сонымен бірге оқушыларымыздың өзіміз туралы ойларына,көзқарастарына өзгеріс жасап,сенім білдіруіне әкелуіміз керек болар.
4. Интерактивті тақтада «Менің атым Қожа» киносынан Қожаның мұғалімнің сумкасына бақа салып жіберетін бейнекөрінісі
Сұрақ:Жас ұстаз,осы жағдайдан сіз қалай шығар едіңіз?Мектеп басшыларынан көмек сұрайсыз ба,әлде өзіңіз шешімін табам деп ойлайсыз ба?
Жас мамандарымыздың ойларының қорытындысы::
Егер осындай жағдай қалыптасса,ол жерде басқаның көмегімен жағдайды шешем деу дұрыс емес. Себебі, онымен баланың алдында өз беделімізге нұқсан келеді.Осыны ескеріп,қанша қорқып кетсек те,ашулансақ та,өзімізді сабырға шақырып,жасымыздың үлкендігің есімізге алып,оқушының алды-артын ойламайтын аңғалдығын ескеріп,бұндай жағдай екінші рет қайталанбайтындай әрекетті ойластырып барып жасау керек.
5.Жас маманның тәжірибелі ұстазға сұрағы:Мен сіздің кешегі оқушыңызбын,егер менің күнделікті киім киісім,жүріс-тұрысым сізге ұнамаған болса,сіз маған ұстазым ретінде ескер-туді қалай жасар едіңіз?
Тәжірибелі ұстаздарымыздың қорытынды жауабы:Менің бұрынғы оқушым болғаныңыз -бен,сіз менімен бүгін тең дәрежелі ұстазсыз,соған байланысты,сізге оқушыға жасағандай ескерту жасауым артық болады,бірақ жасамауыма да болмайды.Сізбен сөз арасында,тең құрбыммен сырласқандай,қандай ортада жүргендігіңізді есіңізге салып, оқушының да көзқарасымен өзіңізге зер салуыңызды және тәрбиенің негізі көру арқылы жүргізілетіндігін ұстазға ұстаздың ойымен жеткізер едім.
ІV. Мектеп өмірінде ата-анамен жұмыстың орны бір бөлек.
Мұғалім
«Оқушы»
Жолдастары Ата-ана
үшбұрышы 2 топқа да ұсынылады.(плакатқа сызылып беріледі)
Сұрақ:Бұрынғы үздік оқитын,тәртібі өте жақсы оқушыңыз соңғы кездерде сабақ үлгерімі нашарлап,мінез-құлқы өзгеріп жүргенін байқадыңыз.Ата-анасына хабарласып едіңіз, жұмыстан ешқандай қолдары тимейтіндігін,сізге жолығуға да уақыты жоқтығын айтты.Ал баламен сөйлескіңіз келіп еді,бала ашылып сөйлесуге құлқы жоқтығын байқатты. Зерттей келе, жолдастарының жақсы балалар еместігін бақыладыңыз.Сіздің әрекетіңіз?
Жас мамандарымыздың да,тәжірибелі ұстаздарымыздың да ойлары бір арнаға тоғысты:Көз алдымызда оқушының жағдайын көріп отырып,оның өзін-өзі жоғалтуына жол беру,ұстаз деген атымызға үлкен сын деп ойлаймын.Біздер, тентегін тезімен жөнге салған елдің баласымыз.Ата-анасына да,баланың болашағын ойламау өздеріне үлкен қасірет әкелетінін жеріне жеткізе айтып,баланың жақсы ортадан жолдастар табуына көмектесіп, сеніміне еніп,тілін тауып,ашық сөйлесіп,оқушымның қоғамның белді азаматы болып қалыптасып кетуіне Қазақстан Республикасының ұрпақ тағдырын сеніп тапсырған азаматы ретінде үлес қосамын.
Рефлексия
Не ұнады? | Не ұнамады? | Өзіңіздің пікіріңіз,қосар идеяңыз? | Алған әсеріңіз? |
Қорытынды:Мектеп директоры Әлиева Миуа Шымбайқызы «тәжірибелі мамандарымыз-дың өзінен кейінгілерге үлгі-өнеге көрсетіп,жас ұстаздарымыздың өзара ашық ой ,пікір білдіріп,мектеп өмірінен ой тудыратын мәселелер қозғап,тәжірибе алмасуы өте құптарлық нәрсе»- деп ризашылығын білдірді.