Тіршілік әрекетінің қауіпсіздігі пәнінен тест сұрақтары
ІІ нұсқа
- Шаруашылық объектілері — …
А) адамның өмір сүру ортасымен қарым-қатынасы
Б) табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдай факторларының зақымдағыш әсерінен қорғау мақсатында өткізілетін жалпы мемлекеттік шаралардың жиыны
В) өнеркәсіптік, ауылшаруашылық өндірісі мен қоғам қызметінің басқа салалары мүдделеріне пайдаланылатын тәртіптер
Г) бағдарлама немесе мақсатты бірігіп жүзеге асырушы және белгіленген ережелер мен нормалар негізінде әрекет жасайтын адамдар тобы
Д) барлық жауап дұрыс
- Азаматтық Қорғаныс туралы Қазақстан республикасының Заңы қашан
қабылданды?
А) 1997 ж 17 мамырда
Б)1997 ж 7 мамырда
В) 1998 ж 17 мамырда
Г) 1998 ж 7 мамырда
Д) 1997 ж 27 мамырда
- Адамдардың қаза болуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін,
олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған авария, зілзала, апат салдарынан болған белгілі бір аумақта туындаған жағдай
А) апат
Б) авария
В) зілзала
Г) дүлей зілзала
Д) төтенше жағдай
- Апаттар көлемі бойынша бөлінеді:
А) кіші, үлкен
Б) кіші, орташа, үлкен
В) табиғи, жасанды
Г) тектоникалық, топологиялық, космостық
Д) кіші, орташа, үлкен, аса үлкен
- Төтенше жағдайлар пайда болу саласы бойынша бөлінуі:
А) құрылысты, өндірісті, ауылшаруашылықтағы
Б) табиғи, техногенді, жанжалды
В) объектілік, жергілікті, аймақтық, кең ауқымды
Г) геофизикалық , геологиялық, метеорологиялық
Д) дұрыс жауап жоқ
- Төтенше жағдайлар аймақтық таралуы бойынша бөлінуі:
А) құрылысты, өндірісті, ауылшаруашылықтағы
Б) табиғи, техногенді, жанжалды
В) объектілік, жергілікті, аймақтық, кең ауқымды
Г) геофизикалық , геологиялық, метеорологиялық
Д) дұрыс жауап жоқ
- Өмірге немесе денсаулыққа қауіп төндіретін кез келген шынайы немесе
елестік жағдайға адамның табиғи жағдайы
А) аштық
Б) қорқыныш
В) ыстық
Г) тәуекелділік
Д) әлсіреу
- Халықаралық жерүсті белгісінің LL мағынасы:
А) радиостанция, дабыл шамы қажет
Б) бәрі де ойдағыдай
В) қозғалыс бағытының көрсеткіші
Г) карта мен компас керек
Д) дәрі-дәрмек қажет
- Ядролық зақымдау ошағы шартты түрде неше аймаққа бөлінеді:
А) 4
Б) 3
В) 2
Г) 1
Д) 5
- Ядролық жарылыс кезінде шығатын сәулелер мен нейтрондар ағыны
А) жарықтың сәуле шығаруы
Б) жердің радиоативті ластануы
В) электромагниттік импульс
Г) өткіш радиация
Д) сәулелену дозасы
- Халықтың радиациялық қауіпсіздігі туралы ҚР Заңы қашан қабылданды?
А) 1998 ж 28 сәуірде
Б) 1997 ж 7 мамырда
В) 1997 ж 17 мамырда
Г) 1998 ж 23 сәуірде
Д) 1997 ж 23 сәуірде
- Галогенденген ароматты көмірсутегілердің тобына жататын улы
қосылыстар қандай қатты әсер ететін улы заттар қатарына жатады?
А) тұншықтырғыш әсері басым заттарға
Б) нейтропты уларға
В) заттардың алмасуын бұзатын затттарға
Г) метаболдық уларға
Д) жалпы улылық әсері басым заттарға
- Фосфороорганикалық заттарға жатады:
А) көгілдір қышқылы, хлорциан
Б) зарин, заман
В) хлорпикрин, хлорацетофенон
Г) адамсит, фосген
Д) иприт, люизит
- Күн батарда 1 сағаттай бұрын кешкі уақытта пайда болады және күн
батқаннан кейін 1 сағаттың бойында бұзылады:
А) инверсия
Б) изотермия
В) конвекция
Г) инвекция
Д) дұрыс жауап жоқ
- Күн шыққаннан кейін 2 сағаттан соң пайда болады және шамамен күн
батардан 2-2,5 сағат бұрын бұзылады
А) инверсия
Б) изотермия
В) конвекция
Г) инвекция
Д) дұрыс жауап жоқ
- Техногендік сипаттағы ТЖ
А) дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар
Б) өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.
В) бұл бейбіт және соғыс уақытындағы жағдайда халықты қорғау тәртібін анықтайтын ҚР үкіметі ресми белгілеген ережелер
Г) адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай
д) Барлық жауап дұрыс
- Естен тану –
А) адам ұлпалары мен органдарының зақымдануы, сыртқы себептердің аяқ-қолдың сынуы мен буынның шығуынан, жұмсақ ұлпаның жаралануы мен дененің сыдырылуынан, органдардың зақымдануынан және көптеген басқа жәйттардың әсерінен ұлпалары мен органдары тұтастығы мен қызметінің бұзылуы
Б) өмір үшін қауіпті жағдай, қан қысымының өмірлік маңызды органдардағы қан айналымының нашарлаған кезінде түсуі
В) адам миының қансыздануы нәтижесінде естен кенеттен уақытша айрылу.
Г) орталық нерв жүйесі қызметінің күрт нашарлауы нәтижесінде дамып, организмнің барлық жүйесі қызметінің тоқтауына алып келетін ауыр жағдай
Д) барлық жауап дұрыс
- Антисептика –
А) жараға түскен бактерияларды, микроорганизмдерді өлтірентін немесе олардың тіршілігін әлсірететін антибиотиктерді химиялық және биологиялық заттарды қолдану жолымен жою
Б) жара инфекциясынан сақтандырумен емдеу
В) микробқа қарсы қабілетке ие әртүрлі дәрі-дәрмекті қолдануға енгізілген
Г) жараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісі
Д) жарадағы микробтар үшін қолайсыз жағдай жасау
- Химиялық антисептика –
А) жарадағы микробтар үшін қолайсыз жағдай жасайды, атап айтқанда бұл жараны құрғатады, жарадан сұйық суды сыртқа шығарады
Б) микробқа қарсы қабілетке ие әртүрлі дәрі-дәрмекті қолдануға енгізілген
В) жара инфекциясынан сақтандырумен емдеу үшін пайдаланылатын антибиотиктер
Г) жараны алғашқы хиррургиялық емдеу кезінде жүргізіледі
Д) жараны микробтардың зақымдануынан қорғау әдісі