Жеткерген Айсұлу өлеңдері. 9 сынып. Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Қожабақы ауылы
Ұмытылмас естелік…..
Бір ауыл бар,біздің ауыл артында,
Баратынбыз біздер оған тартынбай,
Ескі үйді көрем шатыры сынып қираған,
Бәз баяғы қалпында!
Ескі шатыр….тоз-тозболған сынықтар,
Дәл осында тамыр жайған ұрық бар.
Кезінде атам қазып кеткен қолымен,
Осында бір құдық бар.
Тамаша сәт,жаздың сұлу кештерін,
Анм байғұсқолмен салған кесте қып,
Үйді айнала ойнайтұғын кездерім,
Ұмытылмас естелік.
Құйқылжыған әсем құстар үйіне,
Анам қарап тұратұғын күлімдеп,
Біздер біргежеміс терген ағаштар,
Гүл жарып тұр бүгінде.
Тоз-тоз бопты қиратыпты тамды да,
Әкем күліп жүруші еді алдында.
Әрі-бері таситұғын үстелдер,
Өзгермепті орнында.
Ештеңе жоқ жым-жырт екен үй іші,
Тек қана жарда әкемнің қызыл түлкісі.
Кірген бойда үй ішіне алдымен,
Естіледі отбасымың күлкісі.
Бүршік жарған ағашыммен жүруші едім сырласып,
Мен өзіңді өтемін тек жырлап шын.
Мейлі қайта тұрғызсақта,бұрынғыдай болмассың,
Сен сонда да қымбатсың!
Батыр бабам-Жанқожам!
Мақтанатын расыменен жетті күн,
Азаттықтын үйткісі болған текті ұл.
Еңсесін тік көтеріп ел алдында,
Бодандықтың асқақтатты көк туын.
Асқақтатып рухын елдің тербеген,
Сірә,саған жан бар м екен тең келген.
Қоқандықтар қиқулап бас салғанда,
Келмейтей қып ойсырата жеңген ең.
Тарпа бас салып,жау жағадан алғанда,
Шайқасқан жалғыз,өзгеден қол сұрамай.
Тәуелсіздік үшін алаңдамайтын жан болса,
Жазалаған бауыр деп,жат деп қарамай.
Сендей-ақ болсын,баласы елдің ер болса,
Жат адам болып,өмір сүру құр далбаса.
Бодандықтың қамытын киіп қалар ма ек,
Кім білсін сендей ардақты бабам болмаса!?
Ерлігі ерен,Алты Алаш басын иді оған,
Сен жайлв жырлау,мәртебе әсте,сын маған.
Табандылықтың теңдігін әркез көрерсің,
Жас ұрпақтың ғажайып отты жырынан.
Сеніміме серкеу түспес білемін,
Қайсарлықпен көмкерілген жүрегі.
Ер Жанқожам жүрерсің әркез сен дәйім,
Жас буынның от-жыры болып үнемі.
«Қазақпын деп» мен жасқанбай айта алам,
Жас талмын-әлі,мен талай гүлдеп, жайқалам.
Ерлігіңнен шабыт алып әрдайым,
Мен жауымды жырыммен кері қайтарам!
Жүрсем сені жырлап және ән қылып,
Жетем солай биіктерге талпынып.
Қайсарлықпен халқын алға жеткізген,
Батыр рухы жасай берсін мәңгілік!!
Сырласу….
Сәлем,мама ауырмай жүрсің бе сен?
Сұрамасам мұнымды түсінбес-ең,
Ауырмашы жарайма,сен жай ғана,
БӨбектерің күлімдеп жүрсін десең.
Не үшін,шер тарқатып жыларымды,
Бәлкім сен, түсінерсің, ұғарсың.
Артыңда қалған қос-қос шынарыңды,
Білемін сен,сағынатын шығарсың.
Біздер шүкір аманбыз,жақсы бәрі,
Акем де аман өзінің жұмысында.
Балаларың көрсек деп асығады,
Іздейі келмесіңді біле тұра.
Өмірде сенсіз жалғыз қалғандаймыз,
Мәнде жоқ,мағына жоқ ісімізде,
Тым болмаса көрсек деп армандаймыз,
Шынға балап жүретін түсімізде.
Жалғызбыз,сенен айырылып қалған сәттен,
Өтпейді-ау тез зымырап өмір құрғыр,
15жсқа келіпін бірақ әттең,
Сені көрмегеніме соншама жыл.
Шыным осы,мен осы өлеңіммен,
Өзгені жылатуды көздемеймін.
Естеріңде болсын деп, тілеймін тек,
Бұл тағдырдың жазуы өзгермейтін.
Жанымызда болсаң сен,ғажап сол сәт,
Ешқашан жыламас ем,үндемеймін.
Өмірге екінші рет келер болсақ,
Рас айтам..сені ешқайда жібермеймін.
Жеткерген Айсұлу 9 сынып
Қазалы ауданы,Қожабақы ауылы. 2014 жыл
