"45minut - Vox populi"

ҰСТАЗДАР КҮНІ МЕРЕКЕСІ ҚҰТТЫ БОЛСЫН!

Білім — игілік пен бірлік, білім — бақыт пен бақ,
байлық пен дәулеттің негізгі көзі.

Болашағымыз  ғылым мен білімнің өркендеуіне тікелей байланысты екенін айқын сезінетін ұлан байтақ еліміз «Ұстаздар күнін» ыстық ықыласпен  атап өтеді.

Әр ұстаз, әр оқушы бұл мерекелі күнді ерекше үмітпен, есейген көңілмен қарсы алады.  Мұғалім мамандығы — барлық мамандықтың анасы. Ұстаз алдынан тәрбие алмайтын жан жоқ. Ұстаз берген тәрбие- әрбір жанның өміріне жол сілтер шамшырағы.

«Қыран түлегіне қайтпас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» демекші, ұстаз- қай кезде де мектептің жүрегі, қоғамның тірегі.

Қоғам тұлғаны қаншалықты жетілдірсе, жетілген тұлға қоғамды соншалықты дәрежеде дамытады. Сондықтан қоғам дамуында білім беру ең маңызды мәселе болып табылады.  Әрбір тұлға өмірінде үлкен тәрбие мен таусылмас білім ошағын санасына ұялатқан Ұстазын мәңгілік есінде сақтайды.

Нағыз мұғалім, міне, осындай…

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.