"Әр бала- болашақ данышпан" ( сайыс)
Көрнекілігі : интерактивті тақта, сайысқа қажетті сұрақтар жинағы, сағат, түрлі-түсті қағаздар.
Барысы :
I . Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар! Қайырлы күн, қонақтар!
Бүгінгі « Әр бала- болашақ данышпан» атты 3-4 сыныптар арасында өтетін зияткерлік сайысымызға қош келдіңіздер!
Мы приветствуем гостей, дорогих учителей,
Всех знакомых, незнакомых и серьезных , и веселых!
Good day dear guests and participants of our intellectual game. We are glad to meet you here and hope you will enjoy our game today.
Сайысымызды бастамас бұрын әділқазы алқасын таныстырып өтейік.
Ортаға қошеметпен сайыскерлерімізді шақырайық.
3 сынып оқушылары: 1. Зейнулла Шолпан
2. Алдамберген Аяған
3. Өмірзақова Динара
4. Жанаділ Диас
5. Қаражанова Аида
4 сынып оқушылары : 1. Сайлау Сұлупан
2. Айтназар Марғұлан
3. Тәжіхан Айжан
4. Едіге Нұрислам
5. Оспан Арайлым
Сайысымыз 6 турдан тұрады.
I . Таныстыру, өз ұстанымын айту. ( үш тілде )
II. Көкпар ( 20 сұраққа жауап беру) 1 минут.
III. Бәйге ( 100 сұрақ ) 7 секунд.
IY. Тамаша төрттік ( 16 сұрақ)
Y . Шығармашылық « шебер қолдар»
YI . Тірі сұрақ . 1 минутI. Таныстыру ( үш тілде ) II. « Көкпар »( 20 сұрақ )
1. Сиырдың пірі.( Зеңгі баба)
2. « Абай жолы» романының авторы кім? ( М.Әуезов)
3. Адам денесінің тірегі не ? ( қанқа)
4. Жылдан құр қалған жануар? ( түйе)
5. Адам ағзасының дене қызуын немен өлшейді? ( градусник)
6. 1986 ж Қазақстанда болған оқиға? ( желтоқсан оқиғасы )
7. « Қырдан келген жас қазақ» шығармасы кім туралы ? ( Ш.Уәлиханов)
8. « Қызыл кітап» деген не ? (жойылып бара жатқан өсімдіктер мен аңдарды қорғауға алу үшін тіркейтін кітап).
9. Судың үш күйін ата ? ( сүйық, қатты, газ түрі)
10. Тау жыныстарына нелер жатады? ( гранит, мәрмәр,құмтас, тас көмір)
11. Отбасы мүшелеріне кімдер жатады? ( ата-ана, ата-әже, аға-әпке)
12. Бір өркешті түйені қалай атаймыз? ( нар)
13. 9 санының квадраты нешеге тең? ( 81)
14. Қармақпен не аулайды ? ( балық)
15. Ұзындығы 4 см, ені 3 см тіктөртбұрыштың периметрін тап. (14 см)
16. Қазақтың үш биін ата? ( Төле би, Қазыбек би, Әйтеке би)
17. 1 қыркүйек қандай күн ? ( білім күні )
18. Л. Асанова деген кім ? ( желтоқсан құрбаны)
19. Отбасы тірегі кім ? ( әке)
20. Отбасының ұйытқысы кім? ( ана )
III. « Бәйге » ( 16 сұрақ )
1 оқушы.
1. Басты байлық ( денсаулық)
2. ҚР мемлекеттік тілі ( қазақ тілі)
3. 1 м неше см бар ? ( 100 см)
4. Қара алтын ? ( мұнай )
5. Қазақстан рәміздерін ата . ( Ту, Елтаңба, Әнұран )
6. Бір тәулікте неше сағат бар ? ( 24 )
7. 7 х 9 ( 63 )
8. Қазақтың ұлттық аспабында ойналатын әуен ? ( күй )
9. Әліппенің атасы кім ? ( А. Байтұрсынов )
10. Жер серігі ? ( ай )
2 –оқушы
1. Абайдың әжесі ? ( Зере)
2. 9х 9 ( 81)
3. Түйенің пірі ? ( Ойсылқара )
4. Көру мүшесі ? ( көз)
5. Қазақтың қаһарман қос қызы ?
(Әлия, Мәншүк)
6. Мектеп психологі кім ? ( Надира )
7. Бір сағатта неше минут бар ? ( 60)
8. Кез келген санды сол санға бөлгенде
неше шығады . ( 1 )
9. Ең кіші төрттаңбалы сан ? ( 1000 )
10. Дауыссыз дыбыстар қалай бөлінеді ?
( 3-ке, ұяң, үнді , қатаң)
3- оқушы.
1. Бір жылда неше күн бар? ( 365-366)
2. 1 кг неше грамм бар ? ( 1000)
3. Гимназия директоры кім? ( Ш.Алтынбай)
4. 7 х 7 ( 49)
5. Табиғат нешеге бөлінеді ? ( 2 )
6. 2-В сыныбының сынып жетекшісі ? ( Жеңіскүл апай )
7. Елтаңба авторлары кім ? ( Ш. Уалиханов, Ж. Мәлібеков )
8. Ертең қай күн ? ( бейсенбі )
9. Қойдың толі ? ( қозы )
10. Жылқының пірі ? ( Қамбар ата )
4- оқушы
1. Жыл басы не ? ( тышқан)
2. Алматыдағы мұз айдыны ? ( Медеу)
3. Қазақтың тұнғыш ғарышкері кім?
(Т.Әубәкіров)
4. Заттың санын білдіретін сөз табы?
( сан есім)
5. « Ұшқан ұя» авторы кім?
(Б.Момышұлы)
6. 1- маусым қандай күн ? ( балалар
қорғау күні)
7. Мектеп кітапханашы кім ?
8. Ең алғаш қазақ балаларына мектеп
9. Абайдың анасы ? ( Ұлжан )
10. 25- қазан қандай күн ? ( Республика күні )
5-оқушы
1. Күйді орындаушы адам? ( күйші)
2.Жұмадан кейін қай күн? ( сенбі)
3. Фонетика нені зерттейді? ( дыбыстарды)
4. Ана тілі кітабы неше бөлімнен тұрады ? ( 10 бөлім)
5. Арман қала ? ( Астана )
6. Қазір жылдың қай мезгілі ? ( көктем )
7. Тау көтерген бала ? ( Толағай )
8. 5 х 6 ( 30 )
9. Сыныбыңда қанша қыз бар ?
10.Сынып жетекшілерің кім? ( Айнұр апай )
6- оқушы
1. Заттың сынын білдіретін сөз табы? ( сын есім)
2. 9- мамыр қандай күн? ( жеңіс күні)
3. « Менің атым Қожа» повесінің авторы кім? ( Б. Соқпақбаев)
4. Абайдың неше қара сөзі бар ? ( 45)
5. Ресейдің астанасы ? ( Москва )
6 Қолда неше саусақ бар ? ( 10 )
7. Елбасшымыз кім ? ( Президент Н.А. Назарбаев )
8. Біздің гимназия кімнің атында ? ( Б.К. Мергенбаев )
9. Ауданы 16 кв.см шаршының қабырғасы қанша см ? ( 4 )
10. Ақан Серінің тұлпарының аты ? ( Құлагер)
7- оқушы
1. Орман дәрігері ? ( тоқылдақ)
2. ҚР ұлтаралық тіл ( орыс тілі )
3. Ағылшыннан кім береді ? ( Нұрсұлу апай)
4. Жаңа бала туған балаға ат қойып, бесікке салу жорағы ? ( бесік той)
5. Қазақ тілінде қанша сөз табы бар, ата .
6. Аспанда не бар ?
7. Көксерек ненің баласы ? ( қасқырдың )
8. Сөйлемнің қандай тұрлері бар, ата ? (3. лепті,хабарлы, сұраулы )
9. Ағылшын алфавитінде неше әріп бар ? ( 26 )
10. « сыныптан» сөзі қай септікте тұрғанын тап ? (шығыс )
8-оқушы
1. Ең үлкен төрт таңбалы сан? ( 9999 )
2. 2011 ж .өткен Ақ Азиада белгісі ? ( Ирби )
3. 8- наурыз қандай мереке ? ( Халықаралық әйелдер күні)
4. Заттың қимылын білдіретін сөз табы ? ( етістік)
5. Сезім мүшелеріне нелер жатады ? ( көз, құлақ. мұрын,тіл, тері )
6. Төрт тұлік малды ата ? ( түйе, сиыр, қой , жылқы, ешкі )
7. Жылқыны қалай шақырады ? ( құрау- құрау ) ( 3 )
8. 1000 қай санның кубы ? ( 100)
9. Үкімет басқарушысын кім деп атаймыз ? ( Премьер –министр)
10. Жеті атаны ата ( ата, әке, бала , немере, шөбере, шөпшек, немене )
9-оқушы
1. Ақ алтын (мақта )
2. Ас қорыту мүшелеріне не жатады? ( ауыз, өңеш, асқазан )
3. Ы.Жақаев деген кім ? ( күрішші )
4. Тік төртбұрыштың ауданын қалай табамыз ? ( ұз. еніне көбейту )
5. Қобыландының тұлпарының аты ? ( Тайбұрыл )
6. Біздің ауданымыз жер шарының қай бөлігінде орналасқан? ( оңтүстік )
7. Астанадағы ғимарат ? ( Бәйтерек )
9. 7- мамыр қандай күн ? (Ұландар )
10. Ұлы Отан соғысына қатысқан « Халық қаһарманы» ( Б.Момышұлы )
10- оқушы
1. Құйрығы айыр құс ? ( қарлығаш )
2. Биыл қандай жыл ? ( қоян )
3. 64 қай санның квадраты ? ( 8 )
4. Қазақстанда жер қойнауын зерттеген алғашқы ғалым ? ( Қ. Сәтпаев )
5. 9- ақпан қай ақынның туған күні ? ( М. Мақатаев )
6. Биік бәйтерек басына қонған құс ? ( Самұрық )
7. Құрманғазының шәкірті ? ( Дина Нұрпеисова )
8. С. Сейфуллин шын аты ? ( Садуақас )
9. Ә. Қастеев кім ? ( суретші )
10. Шоқанның әкесінің аты ? ( Уәлихан )
IY . Тамаша төрттік .
1. Математика 10 ұпай. Кез келген санды 0-ге көбейтсең неше болады?( 0 ).
2. 20 ұпай . Периметрды қалай табамыз ? ( барлық қабырғаларын қосу)
3. 30 ұпай . Ұзындығы 9 см, ені 7 см тіктөртбұрыштың ауданын тап ? (63)
4. 40 ұпай . Көбейтудың заңдылықтарын ата, нешеу ? ( 3; ауыстырымдылық, терімділік, үлестірімділік )
Ана тілі
1. 10 ұпай . А. Құнанбаев қай жылы дүниеге келді, туған жері ?
( 1845 ж. Семей қаласы )
2. 20 ұпай . « Алып бала » шығармасы кім туралы ?
( Қажымұқан )
3. 30 ұпай . « Құлақтан кіріп бойды алар
жақсы ән менен тәтті күй.
Көңілге түрлі ой салар
әнді сүйсең,менше сүй»- деген кімнің сөзі? (Абай )
4. 40 ұпай . М. Мақатаевтың бір өлеңін мәнерлеп оқу.
Орыс тілі .
1. 10 ұпай . Назови фрукты и овощи
2. 20 ұпай . Подберите подходящие слова .
———————– наступила
Высохли ————————-.
И глядят уныло голые ————— .
Слова для справок ( кусты, осень, цветы )
3. 30 ұпай . Отгадайте загадки .
В школьной сумке я лежу, как ты учишься скажу .( дневник )
Растут зеленые, падают желтые. ( листья )
Зимой белый, летом серый .( заяц )
Сели на странички тридцать три сестрички.
Сели рядом- не молчат, нам загадки говорят ( буквы)
4. 40 ұпай . Определите род существительных :
повторите скороговорки . ( слайды )
Ағылшын тілі .
1. 10 ұпай .What day is the 22-nd of March ?(Traditional Kazakh Holiday)
2. 20 ұпай . An apple a day keep the doctor away ?
Күнделікті бір алма, дәрігерге қаралма.
Одно яблоко в день , доктор не нужен совсем.
3. 30 ұпай . What do you wear in winter . Name them?
4 . 40 ұпай. Put the adjectives : clever-…..;- the……
funny-…… the…….., more interesting-…….
Beautiful-………, the-…………
Better -………., the worst……
Y тур. Шығармашылық . Балалар түрлі- түсті қағаздардан
мерекелік открытка жасап, соны қорғап шығады( ор, ағылш)
Балалар жұмыс жасап жатқанда ата-аналармен жұмыс.
а)Мына жаңылтпаштарды қайталау.
Балама қалам алам ба ,
Қалаға ала барам ба?
Қаладан жаңа қалам алам ба,
Жаңа қалам таба алам ба ?
Іске ысылыңқырамағаным
Қысылыңқырағанымнан көрінеді.
Іске ысылыңқырағаным
Қысылыңқырамағанымнан көрінеді
Жалпақ балпақ
Жалтақ балпаққа жалпақтар ма ?
Жалтақ балпақ
Жалпақ балпақтарға жалтақтар ма ?
ә) Сұрақтарға жауап беру.
1. Теңізде қандай тастар болмайды ? ( құрғақ )
2. 31 ақпан күні не болды ? ( 31 ақпан болмайды )
3. Тамақ пісірер алдында қазанға ең бірінші не салады ? ( көз )
4. Екі күн бойы жаңбыр жаууы мүмкін бе? (жоқ, өйткені арада түн бар )
5. Қара мысықтың үйге кіруі қашан ыңғайлы ? ( есік ашық тұрғанда )
б) Қазақ 3 , 7 , 9 , 40 сандарын кие тұтқан. Соған байланысты
мақал-мәтел, тыйым сөздер айту.
YI тур . Тірі сұрақ . 30 сек.
1. Есдәулетов Қанат бүгін
Атап өтпек туған күнін.
Тойласуға Таңат келді,
Марат, Манап, Манат келді
Жанат, Жанақ, Талғат келді
Сағат келмей, Самат келді
Бірақ Самат қайтып кетті
Жай- жапсарын айтып кетті.
Жанат та енді Саматқа ерді,одан кейін Талап келді.
Одан кейін Орақ келді. Бәрі қанша қонақ келді ? ( 8 )
2. Су құйып ем астауға,
Үш қаз ұшты аспанға.
Үш қасқалдақ, бірқазан,
Екі үйрек, бір сазан.
Бір көксерек, бір қарға
Қосылды кеп бұларға.
Айт, неше құс ұшып жұр. ( 10 құс )
3. Ағам бізді жинады 8 қолғап сыйлады.
Қамқор болған- ағамыз бала
Үйде неше баламыз ? ( 8 )
4. Біздің үйде көжек көп, Іштерінде өжет көп.
Әсіресе бас көжек, Маған нағыз дос көжек
Қолымнан кеп жем жейді, Басқалары келмейді.
Бас көжекке достасқан Сәбіз бердім қос – қостан.
Бір сәбізім соңында Қалып қойды қолымда.
Сәбізімізді әуелі санап берші ал енді ? ( 5+ 2 = 10, 11-10= 1)
( 1 сәбіз )
Қорытынды .
Марапаттау .
