Лаула, мәнгі жастық шақтың алауы! ( жастар фестивалі)
Мақсаты: жастардың жігерін ояту, ұйымшылдыққа, ауызбіршілікке шақыру, әртістік қабілетін арттыру.
Көрнекілік: билборд, шақыру қағазы,мақал-мәтел жазылған плакаттар,интерактивті тақта, тігінші құрал-сайманы., сіріңке қорабы.
Барысы:
Қайырлы күн, құрметті ұстаздар! Бүгінгі біздің « Лаула, мәнгі жастық шақтың алауы!» атты фестивалімізге қош келдіңіздер!Сайысымызды бастамастан бұрын
сіздерге екі топты таныстырып өтейін.
I топ « Жалын » Мырзағұлова Ақмарал.
Әбдіхалық Лаура.
Бердібекова Гүлбадан
Ермаханова Сәуле
Тұяқбаева НүргүлII топ. « Күзгі жапырақтар» Шүйіншалиева Орынкүл
Оспанова Айнұр
Туребаева Мөлдір
Бахытова Сандуғаш
Ерекешова Маржан
Сайыс 9 турдан тұрады.
I тур. Таныстыру
II тур. Жаттығу ( жаңылтпаш айту)
III тур. Би конкурсы
IY тур. Комплимент ( мадақтау)
Y тур. Сиам егіздері.
YI тур. Еліктеуіш (дауыс арқылы)
YII тур. Жүріс ( походка)
YIII тур. Көрермендерге сауал.
Қорытынды.
Құрметті ұстаздар! Сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Қазылар алқасын сайлау.
« Сәлем- сөздің анасы» дегендей, таныстырудан бастайық. Әр топ өзін таныстырып өтеді.
II турымыз- жаттығу, яғни әр топтан бір-бір адамнан шығып, үш тал сіріңкені тістеп тұрып, шаңылтпашты қайталау керек.
1. «Әй, Тәйқарбай, Тәйқарбай, малыңды май жусанға жай,Тәйқарбай.
Тәйқарбай, Майқарбайлар толып жатыр. Әй,Тәйқарбай дегенің,қай Тәйқарбай?»
2. « Хасен шешен сөйлеймін деп әлек, Әсем әсем билеймін деп әлек. Қашан Хасен шешен сөйлеп еді? Қашан Әсем әсем билеп еді? Хасен шешен сөйлегенін көргем жоқ, Әсем әсем билегенін көргенім жоқ.»
3. « Әй,Айдарбай,Айдарбай, ұйір мұйіз сиырыңды үйіңі айдай бар.»
4. «Балама қалам алам ба? Қалаға ала барам ба? Қаладан жаңа қалам алам ба? Жаңа қалам баба алам ба?»
III тур. Би конкурсы.
Биші қыз, бұралған биің қандай еді! Бірде теңіз патшасы Нептун жер патшасына еліктеп би кешін ұйымдастырыпты. Су асты тұрғындарын білесіздер- түрлі балықтар, теңіз жұлдыздары, су перісі сияқты және әдемі бәлдірлер өседі.Енді көрсететін билерің- су перісінің биі. Шарты: бір жерде тұрып, қозғалмастан.,тек қана қол және дене қозғалады.
IY тур. Комплимент ( мақтау, мадақтау)
«Комплимент» француз сөзінен аударғанда « мақтау, мадақтау, арнау» немесе қазір жарнама деп айтады. И.А,Крыловтың «Түлкі және қарға» мысалында түлкі барынша қарғаны мақтап, ал қарға соған аузы ашылып аузындағы тамағынан айырылып қалған.
Енді мына заттарға сипаттама беріңдер.Бар өнерлеріңді салып, заттардың мақтауын келістіріңдер. Сол заттарды алуға ынтық болайық. Жақсыны көруге асығайық!
Y тур. Сиам егіздері.
Ертеде Тайландта Чанг және Энг деген егіз екі бала туылған екен.Олардың бөтен егіздерден ерекшеліктері – денелері бір болып туылған. Тайландтың екінші аты Сиам болғандықтан,егіздердің аты сиам егіздері деп аталған. Оңай шаруа емес- бір денеде екі аяқ , немесе екі қол келеді. Олай болса, мынадай тапсырма: екі қыз шығып, ыңғайласып тұрып, берілген тапсырмаларды орындасын:
—— қағаздан шеңбер қиып беру:
—— инені сабақтап, матаға түйме қадау.
YI тур. «Еліктеуіш»
Әр адамның, әсіресе мұғалімнің дауысы , зор болуы керек. Бұл- мықты қаруымыз. Дауыстың кереметін біле бермейміз.Біз дауыс арқылы сөйлейміз, ән саламыз, кез келген дауысты саламыз. Есімізге түсірсек : бала кезімізде мынадай кино болған « Волшебный голос Джальсамино».Баланың дауысының кереметтілігі– ол сөйлегенде терезелер сынатын еді.Ал, Левитанның дауысы неге тұрады. Радио арқылы соғыс жылдары жауынгерлерге жігер, күш беріп тұрған.Дұшпандары дауысын естігенде қорқатын болған. Керемет қаруымызды пайдалана отырып, мынадай дауыстырды салыңыз.:
—— мектептегі үзіліс ( қоңырау, коридордағы шу)
—— жыланның ысылын.
YII тур. « Жүріс» ( походка)
Адамдар іс- әрекетіне, мінез- құлқына байланысты төрт темпераментке бөлінеді, сондықтан жүрістері де соған байланысты болады. Жүріс арқылы мінезін, көңіл- күйін байқауға болады. Көңілді, қуанышты, тіпті ғашық болған жағдайда адам секіріп, жүгіріп жүреді,тіпті ұшуға дайын.Ал көңілсіз , ренжулі болса-аяғын әрең санап басады. Біреулер асығып жүрсе, екіншісі- маң-маң басып жүреді, үшінші- аяқтарын көтермей, сүйретіп жүреді. Олай болса, мынадай тапсырма:
1) Сен жұмысқа жаңадан келдің, жаңа жұмыс, жаңа орта, белгілі себептерге байланысты жұмысқа кешігіп бара жатырсың.Қырсыққанда, жаңа аяқ- киіміңде қысады, белдемшеңнің етегі де тар . Қайткенде де жұмысқа кешікпей баруың керек. Не істейсің?
—- жұмысқа кешігіп, аяқ- киімің қысып, белдемшеңнің етегі қайта-қайта көтеріліп жатқанды көрсет.
—– кезекшілігіңнің уақыты бітпей жатыр, соңғы маршрутканың тоқтайтын уақыты болып қалды, қайткенде де соған ілесіп кету керек. Сол әрекетті көрсету.
Осымен сайысымыз өз мәресіне жетті. Қазылар алқасы қорытынды шығарғанша, көрермендерге сауал. Мақал- мәтелдерді аяқтау.
Әке балаға қарыз, бала далаға қарыз .
Кітап- қаймақ, білім- оймақ.
Әйелің жаман болса- қонағың кетеді,
Ұлың жаман болса-бағың кетеді.
Әзілде кек жоқ,күлкіде шек жоқ .
Жақсы бала ойлағыш, жаман бала тойлағыш.
Атам елді билейді, әжем оны қамырдай илейді.
Жарлыға ән айтқанда – шығын.
Қорытынды сөз. Марапаттау.