«Балуан Шолақ Баймырзаұлы»

Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Тайпақ ауылы
№10 кәсіптік лицейдің  қазақ тілі мен   әдебиеті пәнінің оқытушысы
Балгереева Анаргүл Маратқызы

Сабақтың тақырыбы: «Балуан Шолақ Баймырзаұлы»
Сабақтың білімділік мақсаты: Сал серілер мен әнші-ақындар дәстүрін өзіндік өрнек-нақышпен жалғастырып өткен Балуан Шолақ Баймырзаұлының өмірі мен шығармашылығын оқыту.
Тәрбиелілігі: Ер жігіттің бір басына жететін осынша өнерді бойына жиған Балуан Шолақтай жан-жақты өнер иесі болуға тәрбиелеу.
Дамытушылығы: Оқушыларды өнерді бағалай білуге, талантты дарынды болуға шақыра отырып, жан-жақты қабілеттерін дамыту.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, баяндау, өзіндік жұмыс, ауыз екі әңгімелесу, т.б
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, әнші-ақындардың портреттері, қосымша сабаққа қажетті материалдар.

Сабақтың барысы: 1Ұйымдастыру бөлімі: амандасу, түгендеу, оқушылардың сабаққа дайындығын қадағалау.

2. Үй тапсырмасы:

Жаяу Мұса Байжанұлы өмірі мен  шығармашылығы.

Қазақтың белгілі ақыны, әнші сазгері 1835 жылы Павлодар облысының Баянауыл ауданында туған. Әділдік үшін күрес тақырыбында : «Ақсиса», «Құлбай бай», «Сынақ», «Хаулау»

Түрлі тақырыптарда: «Көкаршын», «Сұрша қыз», Сәулем қыздар, «Көкейтесті» , «Сапар» т.б

3. Жаңа сабақ:

Балуан Шолақ Баймырзаұлы

Қазақтың әнші-ақындары атанған серілер.Қазақтың халық композиторы, ат ойынының  түрлі тәсілін меңгерген өнерпазы, күш өнерін көрсеткен спортшысы, жауырыны жерге тимеген балуаны Балуан Шолақ Баймырзаұлы.

Балуан Шолақ Баймырзаұлы 1864 жылы Жамбыл облысы, Хан тауының маңында дүниеге келген.

Азан шақырып қойған аты – Нұрмағамбет. Әкесі Баймырза ағаштан түйін түйетін шебер еді. Баймырзаның шеберлікпен әсемдеп жасаған әшекейлі ер, жаңа туған бөбектерге арналған бастау, т,б жасау жабдықтарын жасаған.

Анасы Қалампыр мол қайрат иесі болғандығы туралы неше түрлі аңыз тараған. (аңыз қысқаша айтылып кетеді)

Шығармалары: «Ғалия», «Дікілдек», «Дүние», «Жатық», «Құлан кісінес», «Сентябрь», «Желдірме», «Кенже қоңыр», «Қос перне» т.б

Алматы қаласындағы Балуан Шолақ атындағы спорт және мәдениет сарайы

 

 

4. Қорытынды: Өлеңдеріне талдау, ақпаратпен толықтыру

 

 

1-тапсырма

Өлеңнің тақырыбы идеясы  Өлең жолдарынан үзінді
 

 

 

   

 

 

2- тапсырма

Ақпаратпен толықтыру (оқулықпен жұмыс)

 

  1. Кейін күреске түсіп балуандық аты жайылған кезінде халық оны «______»  сөзін қосарлап айтып   _______ ____ атандырып жібереді.
  2. Балуан Шолақтың азан шақырып қойған аты ______
  3. ______ағаштан түйін түйетін ____  еді.
  4. Өлеңдерінің ішінен  «______»  деген кең тараған туындысының орны бөлек.
  5. Әр өлеңінде тарихи деталь, ______       _______ шабыт екпіні жарқырай көрініс табады.

5.Үй тапсырмасы:

Балуан Шолақ Баймырзаұлы, «Атандым Балуан Шолақ бала күннен» атты өлеңін жатқа айту.

  1. Бекіту: Оқушыларды бағалау

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше