Өзге тілдің бәрін біл, өз тіліңді құрметте!!!
№121 ОМ кітапханашысы А. Абуталипова
Құсмұрын №121 ОМ. Әулиекөл ауданы, Қостанай облысы
Қазіргі кезде, еңселі еліміздің күннен-күнге әлемде дамыған отыз елдің қатарына қосылуда ат салысудан білім беру саласы да қалыспауда. Үш тұғырлы, үш тілділік қағидасымен білім қуған жас ұрпақ басқа тілдерге қарағанда мемлекеттік тілдің қадірін ерекше сезініп келеді. Өйткені, қазақ тілі – ол мемлекеттік тіл.
Тілге құрмет – елге құрмет демекші, Елбасымыздың жарлығымен 22-қыркүйек – Қазақстан Республикасындағы тілдер күні деп белгіленгеннен бастап, осы күнде еліміздің барша аймағында тілдерге қатысты іс-шаралар өткізілетіндей, Құсмұрындағы №121 орта мектепте де осы күні «Тілдер күні» мерекелік іс-шарасы өткізілді.
Білім мен тәрбие қатар жүретін үдеріс болғандықтан, аталмыш мерекеге бірыңғай балалар мен жасөспірімдерден тұратын «Жас қыран» және «Жас ұлан» ұйымдары қатарындағы білім алушылар қатысты. Үш жүргізушінің ерекше сезіммен іс-шараны бастауымен, 4-сынып білім алушыларының қазақ тілі туралы айтқан тақпақтарының қостауымен, 3-сынып балаларының белорус, орыс, башқұрт тілдерінде өлең жолдарын тақұлдатуымен, сонымен бірге әр тілде әндер де шырқалуымен жалғаса түсті. Баянның сүйемелдеуімен украин халықының «Пидманула, пидвела» әні Петр Ярошик және Лиана Горланова деген жұппен орындалса, жоғарғы сынып білім алушылары апасы мен сіңлісі болып табылатын Шеметовалардың орындауындағы «Туған жер», кітапханашы А.Б. Абуталипованың «Атамекен» әндерімен іс-шара өзінше әуендене түсті.
Осындай достық, бірлік, Отансүйгіштік жайлы айтылған өлеңдермен мектептегі түрлі ұлт өкілдерінің бірлігі одан сайын аса түсіп, жас ұрпақтың бойларына патриоттық сезімдері, достасу, бірлесу деген қасиеттері арта түскендей.
Әлбетте, еліміздегі тілдер мәртебиесі арта берсін, еліміздің бірлігі күшейе берсін, өзара тілдер туыстығы мен достастығы жасай берсін!
