Көлік сақшылары көмекке әзір
Осыған орай, Атырау стансасындағы ІІЖБ қызметкерлері Атырау қаласындағы №23 мектептің 4-сынып оқушысын мектепке қажет киім-кешек, оқу құралдарымен қамтамасыз етті. Сонымен қатар, аталған акция бөлімге бағынысты бөлімшелерде де өткізілді. Шара шеңберінде, Ганюшкино стансасындағы ЖПБ-нің жеке құрамы Ақкөл орта мектебінің 3«а» сынып оқушысын мектеп құралдарымен жарақтандырды. Білім беру орындары мен ата-аналар мектеп оқушыларына көмек көрсеткені үшін Атырау стансасындағы ІІЖБ басшылығына шексіз ризашылықтарын білдірді.
Атырау стансасындағы ІІЖБ. http://press.mediaovd.kz/kz/?p=7203
