Республикалық 45minut.kz-45minut.org басылымы тарапынан қызмет көрсетудің сапасын арттыру және нақтылау мақсатында өзгертулер енгізілді. Бұл өзгертулерде Қазақстан Республикасының БАҚ туралы заңы және Білім және ғылым саласындағы аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттарына сәйкестігі басты назарға алынды.
Материалдың жарияланғаны туралы сертификаттың берілуі туралы:
Материал жарияланғанын білдіретін Сертификат құжаты Республикалық 45minut.kz-45minut.org басылымы тарапынан берілетін ресми құжат болып есептеледі. Ресми құжат сертификат иесінің материалы Республикалық 45minut.kz-45minut.org басылымына қатысты ақпарат құралында жарияланғанына кепілдік береді. Аттестаттаудан өту кезінде осы шарттар бойынша сертификаттың заңдылығына Республикалық 45minut.kz-45minut.org басылымы құқықтық жағынан жауапты екендігін мәлімдейді.
Сертификаттың заңдылық шарттары:
- Сертификатта көрсетілген материалдардың www.45minut.org басылымында жариялануы;
- Материалдың жарияланғаны туралы сертификаттың тіркеу нөмірі болуы;
- Редакцияның мөрінің болуы;
- Жауапты тұлғалардың қолдарының қойылуы;
- Сертификат туралы ақпараттың http://www.45minut.org порталында Сертификат тізімі бөлімінде жариялануы;
Редакция тарапынан берілетін алғыс хат, мадақтама және өзге де ынталандыру құжаттарының берілуі туралы:
Республикалық 45minut.kz-45minut.org басылымы басылым қызметінде белсенді қызмет атқарған, ақпараттық қолдау көрсеткен және қоғамдық негізде таралымға көмек көрсеткен тұлғаларға алғыс хат, мадақтама және өзге де ынталандыру құжаттарын береді. Бұл құжаттар редакцияның ризашылық ниетін білдіретін құжаты болып есептеледі.
Ақпараттық жауапкершілік туралы:
Қызмет көрсетудің сапасын арттыру және нақтылау мақсатында Редакцияның @45minut.kz ресми почтасының іске қосылғаны туралы мәлімдеймін. Редактор, Жауапты хатшы, Редакцияның ресми тілшілері және ерікті тілшілері @45minut.kz үшін ресми аккаунттар іске қосылады. Редактор, Жауапты хатшы, Ресми тілшілер, Ерікті тілшілер туралы ақпарат БАҚ өкілдері бөлімінде жарияланған. Редакция БАҚ өкілдері бөлімінде жарияланған ақпарат негізінде қызмет көрсетеді.
Ресми хаттар туралы:
Ресми хаттар Республикалық 45minut.kz-45minut.org басылымының мекемелермен, жеке тұлғалармен ресми түрде хабарласу хаты және басылым атынан тапсырылатын ресми хаты деп есептеледі. Ресми хатта көрсетілген ақпараттар Редакцияның ұстанымын білдіреді. Ресми хаттар www.45minut.org порталында http://www.45minut.org порталында Ресми хаттар бөлімінде электронды тіркеу негізінде тіркеледі және жарияланады.
Республикалық 45minut.kz-45minut.org басылымы
Редактор: Ізгілік Байдрахманұлы Нағиев