Без рубрики

Тән сұлулығы-табиғаттан,жан сұлулығы-өзіңнен

Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп-гимназиясы
Нұрғалиева Бибігүл Жомартқызы. информатика пәні мұғалімі

Сабақтың  тақырыбы:Тән сұлулығытабиғаттан,жан сұлулығыөзіңнен.

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға жантану пәні туралы түсінк беру,тән сұлулығы мен жан сұлулығы арасындағы үйлесімділік пен ерекшелік жөнінде әңгімелесу,эстетикалық тәрбие беру.

Көрнекілігі:интерактивті тақта,видео ролик,кеспе қағазы.

Тәрбие сағатыны барысы:Ұйымдастыру бөлімі.

                                            1.Би

                                            2. Кріспе

Саламатсыздар ма қадірлі қонақтар,құрметті оқушылар.Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы «Тән сұлулығы-табиғаттан,жан сұлулығы-өзіңнен» деп аталады.Ұлы ғалым Чехов: «Адамның ойындағысының бәрі де:жүзі де,киген кимі де,жаны да,ойлары да әсем болу керек»десе,қазақ халқының даналары «Қонымды,сәнді киім бойға көрік», «Сәнмен емес,санамен озған мерей», «Әдебі жақсы адам сүйкімді», «Қыздар сұлу болмайды көркіменен,мінезіне көз жетпей көңіл бөлме», «Озар елдің қызы мінезді,ұлы өнерлі келеді»деген.

  Тән сұлулығы адамның дене бітімінің сымбаттылығы,сырт пішінінің,бет әлпетінің әдемілігі.

   Жан сұлулығы жан жақты сұлулық.Әсіресе,ол адамның ішкі дүниесінің,мінез құлығының сыпайылығы,нәзіктігі.

   Ал оқушылар,сендер тән сұлулығы дегенді қалай түсінесіндер?

(Оқушының жауабы)

   Жан сұлулығы дегенді қалай түсінеміз?

( Оқушының жауабы)

   Балалар,тән сұлулығы мен жан сұлулығы арасында қандай байланыс бар деп ойлайсыңдар?

 (Оқушының жауабы)

Мұғалім сөзі:

Қазақ халқының ұлттық салт дәстүрінде өздерің айтып отырған жан сұлулығы дегенимандылық,инабаттылық,ізеттілік,әдептілік,биязылық,мейірімділік.

 Міне,осы қасиеттердің барлығы адам бойынан табылса,жан сұлулығы деген осы.

   Атырау қаласында өткен сұлулық байқауына қатысып жеңімпаз атанған бір бойында тән сұлулығы мен жан сұлулығы қатар кездесетін Гүлмира апайды айтуға болады.

   Ақтөбе қаласының сал ауруларға шалдыққан адамдарды қорғау қоғамының атқарушы директоры,Қ.Р. мүгедектер одағыны конфедерациясының Ақтөбе қаласындағы филиалының директоры,Қазақстан спорт шебері-Гүлмира Сражова.

  Олай болса,алдарыңыздағы экранға назар аударайық.Біздің берген сауалымызға Гүлмира апайымыздың жауабын тыңдайық.

Сұрақ:Тән сұлулығы мен жан сұлулығы арасында қандай байланыс бар ойлайсыз,осылардың арасындағы үйлесімділік деген не?

Жауап тыңдалады.

 Мұғалім сөзі:

Ендеше видеодан тыңдалған пікірден алған әсерлерің қандай?

Гүлмира Сыражованың бойындағы тән сұлулықты қай жерден көруге болады?

Жан сұлулығын қай жерден көруге болады?

Оқушылар пікірі тыңдалады.

                                   3. Сұрақ жауап

1топ.

1.Сұлулық сөзінің мағынасын ашыңыз?

2.Адам сұлу көріну үшін не істеуі керек?

2топ

1.Адам бойында қандай кемшіліктер болады?

2.Одан қалай арылуға болады?

3топ

1.Менің бойымдағы жақсы қасиеттер(атаңыз)

2.Менің ішкі жан дүнием қандай?

                                   4. Жұмбақ ойыны

Шарты:Әр топқа бірнеше сөздер беріледі,әр топ өздеріне берілген сөздерді келесі топтарға мағынасын түсіндіріп,қандай сөз екенін табу керек.Берілген сөздер:

1топ                               2топ                                 3топ

Әшекей                          Сабыр                               Ай

Шаш                              Айна                                  Ар

Өнер                               Қарт                                  Қамқор

Дос                                 Мінез                                Аққу

Көз                                  Көзәйнек                          Ән

Мұра                               Қас                                    Ақыл ой

Сұлу                               Адал                                  Тазалық

Гүл                                  Киім                                  Су

                                   5.Хатпен жұмыс

Хаттың мәтіні:

              Сәлем,қадірлі достар!

 

    Партада менімен бірге досым отырады.Өзі ақкөңіл,досқа адал,мейірімді.Бірақ маған оның бойындағы ұнамайтын бір қасиет,ол тазалыққа көп мән бере бермейді.Сабаққа қалай болса солай киініп келеді,кейде кір көйлекпен келетін күндері де болады. «Тазалықтан тән де,жан да жасарады»демекші,досыма сұлулықтың,әдеміліктің бір көзі тазалықта екенін қалай ұғындыруыма болады.Ақыл-кеңес берулеріңізді сұраймын.

Оқушылардың пікірлері тыңдалып,хатқа жауап беріледі.

 

                                  6.Тренинг«Сен сұлусың»

Оқушылар бір біріне сипаттама беріп,бойларындағы жақсы қасиеттерін жеткізеді.

                            

7.Қорытынды(Пайдалы кеңес)

 Ернің әдемі болсын десеңіз,жылы сөздер айтыңыз.

 Көздерің әдемі болсын десеңіз,адамдардың жақсы жақтарын көре біліңіз.

 Сыртқы пішінің сымбатты болсын десеңіз,талғамыңызды бөлісе біліңіз.

 Өз өзіңе сенімді болу үшін әр кез өзіңіздің жалғыз емес екеніңізді біліп жүріңіз.

 Адамдар заттарға қарағанда көбірек өзінің қайта қалпына келуін,оны кешіруіне мадақтауын қалайды.Естеріңде болсын,егер бір күні сізге көмек керек болса сіз оны бір біріңіздің қолдарыңыздан табасыз.Есейе келе сіз бір қолыңыз  өзіңізге жәрдем үшін,ал екінші қолыңыз өзгелерге көмектесу үшін екенін білесіз. 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.