Натурал көрсеткішті дәреже ұғымы
ШҚО Семей қаласы, Новобаженово ауылы
А.Ибраев атындағы орта мектебінің
математика пәні мұғалімі Токай Зауреш
Пәні: Алгебра Сыныбы: 7 сынып Мерзімі:
Тақырыбы: Натурал көрсеткішті дәреже ұғымы.
Мақсаты: Натурал көрсеткішті дәреже ұғымымен таныстырып, есептеулер жүргізуді үйрету.
1. Білімділік.Санның натурал көрсеткішін анықтап, дәреженің негізі, көрсеткіш ұғымдарын ажырата білу, теріс санның жұп және тақ дәрежелерінің таңбаларын анықтай білу қабілеттерін қалыптастыру;
2. Дамытушылық. Дәреже ұғымы біліктілігін, ойлау қабілеттерін арттыру,
3. Тәрбиелік. Дұрыс жазуға, тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ.
Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың әдіс– тәсілі: Түсіндірме, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: .
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру. Сынып оқушыларын түгендеу, оқу құралдарын тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларды аралап жүріп тексеру, жазбаша
жұмыстарын жинап алу.
3. Жаңа сабақты түсіндіру:
Мысалдар: 2*2*2*2*2=25 көбейтуді дәрежемен жазуға болады, негізі 2, дәрежесі – 5 « екінің бесінші дәрежесі» деп оқылады.
3*3*3*3=34 көбейтуді дәреже түрінде жаздық, негізі 3, дәрежесі 4
(-2)3= (-2)(-2)(-2)= -8 керісінше дәрежені көбейтінді түрінде жазып мәнін табу
(-1)= (-1) (-1) (-1) (-1) (-1) (-1) = 1
– Осы жазулардан не байқадыңдар?
– Теріс санды дәрежелегенде жақшаға алып жазу керек;
– Терсі санның жұп дәрежесі оң сан, ал тақ дәрежесі теріс болады.
()²=, ( 1)²= ()²==2 аралас сандарды дәрежелеу үшін бұрыс бөлшекке айналдырып алу қажет.
хх+ууу= х²+у³; ахх+ввууу=ах²+в²х³ дәреже түрінде жазу
а санының көрсеткіші 1-ге тең дәрежесі осы а санының өзіне тең.
а1=а
Дәреже көрсеткіші бар өрнектің мәнін табуға мысалдар:
2*3³=2*3*3*3=54
(2*3)³=2*3*2*3*2*3=216
-34+(-2)6=-81+64= -17
25=5² ; 8=2³
4. Сабақты бекіту. № 31,33,34, 36,38 оқулықтағы
5.Қорытындылау.
– Санның натурал көрсеткіші деген не?
-Дәреженің негізі деп нені айтады?
– Дәреже көрсеткіші деп нені айтады?
– Теріс санның жұп дәрежесінің таңбасы қандай?
– Теріс санның тақ дәрежесінің таңбасы қандай?
6.Бағалау.
7.Үйге тапсырма беру. №32, 35
