Пирамида
ШҚО Семей қаласы, Новобаженово ауылы
А.Ибраев атындағы орта мектебінің
математика пәні мұғалімі Токай Зауреш
Пәні: Геометрия Сыныбы: 11 сынып
Тақырыбы: Пирамида
Мақсаты: Пирамида ұғымын енгізіп, пирмиданың түрлері мен оның элементтерімен таныстыру.
1. Білімділік «Дұрыс пирамида», «дұрыс пирамиданың апофемасы» ұғымдарын танып, оның қасиеттерін есеп шығаруда қолдану біліктілігін қалыптастыру;
2. Дамытушылық. Оқушылардың теориялық білімін практикада-есептеулерде, дәлелдеулерде қолдану біліктілігн дамыту;
3. Тәрбиелік. Сауатты, дұрыс жазуға тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақ. Сабақтың түрі: Дәстүрлі.
Сабақтың әдіс– тәсілі: Түсіндірме, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Таратпа материалдар, плакаттар
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру. Сынып оқушыларын түгендеу, оқу құралдарын тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларды аралап жүріп тексеру, жазбаша жұмыстарын жинап алу.
3. Жаңа сабақты түсіндіру:
Егер көпжақты бұрышты жазықтықпен қиятын болсақ «пирамида» деп аталатын көпжақты аламыз.
Пирамида деп бір жағы кез келген көпбұрыш, ал қалған n жағы төбелері ортақ үшбұрыштардан тұратын көпжақты атайды.
Пирамиданың элементтері: бүйір жақтары үшбұрыштар,бүйір жақтарының бірігуін бүйір беті деп атайды. Барлық бүйір қырларының ортақ төбесі- пирамиданың төбесі деп аталады.
4. Сабақты бекіту. №7,9,10,13
5.Қорытындылау.
6.Бағалау.
7.Үйге тапсырма беру.№40, 45
