Аралас сандарды азайту
ШҚО Семей қаласы, Новобаженово ауылы
А.Ибраев атындағы орта мектебінің
математика пәні мұғалімі Токай Зауреш
Пәні: математика Сыныбы: 5 сынып
Тақырыбы: Аралас сандарды азайту.
Мақсаты: 1. Білімділік. Бөлімдері әр түрлі аралас сандарды және натурал саннан аралас санды азайтуды меңгерту.
2. Дамытушылық. Аралас сандарды азайту ережесін қолдана отырып, аралас сандарды азайту дағдыларын арттыру.
3. Тәрбиелік. Тиянақтылыққа, дұрыс жазуға, еңбекқорлыққа, математика пәніне деген сүйспеншілікке тәрбиелеу.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту. Сабақтың түрі: Аралас.
Сабақтың әдіс– тәсілі: Ойын, сұрақ-жауап.
Сабақтың көрнекілігі: Таратпа материалдар, монитор
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру. Сынып оқушыларын түгендеу, оқу құралдарын тексеру.
2.Үй тапсырмасын тексеру. Оқушыларды аралап жүріп тексеру, жазбаша
жұмыстарын жинап алу.
3.Жаңа сабақта өтілген материалдарды қайталау.
-Балалар қазір қай мезгілі?
-Күзде жапырақ жинауды ұнатасыңдар ма?
-Олай болса өткен сабақты қайталау үшін жапырақ жинайық.
а) Бөлімдері әр түрлі аралас сандар қалай азайтылады?
ә) Натурал саннан аралас сан қалай азайтылады?
Қалған жапырақтарда ауызша есептпуге мысалдар беріледі.
4. Сабақты бекіту.
- 1. “Кім жылдам” ойынын ойнату. Ол үшін сынып екі топқа бөлінеді. Әр топтың аты болады. Екі топқа екі кесте берілді.
| − | |||||
|
|
|
||||
|
|
|
||||
|
|
|||||
| 27 |
|
||||
| 36 |
|
|
| − | |||||
|
|
|
||||
|
|
|
||||
|
|
|||||
| 27 |
|
||||
| 36 |
|
|
Осындай екі кесте дайындалады. Бірінші топ кестесіндегі ╝ жай бөлшектерді қосып белгі соғады да екінші топқа береді, оларда осылай орындап бірінші топқа кестесін береді. Осылайша кестелрін ауыстыра отырып , бір-бірінің қатесін тексеріп түзете алады.. Қай топ көп тапсырманы дұрыс орындайды сол топ жеңіске жететін болады.
5. Сабақты қорытындылау.
- Бүгінгі сабақта нені үйрендіңдер?
- Аралас сандар қалай азайтылады?
- Натурал саннан аралас санды азайтуды кім түсіндіріп береді?
6.Бағалау. Жарыс қорытындысы бойынша.
7.Үйге тапсырма беру. № 732, №734 қалғанын.
