Салауатты өмір салтын қалыптастыру
Мақсаты мен міндеттері: Адам ағзасына әсер ететін ішімдіктің темекі шегудің, нашақорлықтың зиянды әдеттердің сипаттамасы және олардың әлеуметтік, психологиялық зардабы.
Жоспар:
- Алкоголь (ішімдік) және туа біте ауытқулары (аномалия).
-
Темекі шегу.
-
Нашақорлық — әлеуметтік зұлым.
-
Зиянды әдеттер.
-
Әлеуметтік орта және адам.
Әдебиеттер тізімі:
- Тайжанов С. Өмір қауіпсіздігі негіздері. -2004.
Саудабеков К. и др. Безопасность жизнедеятельности и формирование здорового образа жизни: Учебн. пособие. –Алматы, 1999.
Приходько Н.Г. Безопасность жизнедеятельности: курс лекций. –Алматы, 2000.
Безопасность жизнедеятельности / Арустамова Э.А., 2003.
Тіршілік қауіпсіздігінің негіздері. В. Ситникова, М., 1997 ж.
Дәрістің қысқаша мазмұны: Арақ-шараптан адамға келетін зиянды есептеп шығарудың өзі қиын. Араққа үйір адамның семьяда бақытсыз (тек өзі ғана емес), қызметте абыройсыз, ағайынға, көрші-қолаңға беделсіз болатыны белгілі. Олар түрлі ауруларға да шалдыққыш келеді.
Дәрігерге жап-жас жігіттерді жетелеп әкелетін қандай жағдайлар? Әрине, маскүнемдік. Өйткені алкоголиктердің жыныс органдары әлсірейді, келе-келе арақ-шарап еркекті белсіздікке апарып соқтырады.
Арақ-шарапты салынып ішкен адамның бүйрегі мен бауыры, жүрегі мен нерв жүйесі алуан түрлі қатерлі ауруларға шалдығады. Ол көрсеқызар болады, инабаттылықты ұмытады, дөрекілік көрсетеді. Көрсеқызарлықтың, нәпсі құмарлықтың салдарынан маскүнемдер жыныс ауруларына жиі душар болады.
Алкоголь «нерв уы» деп бекер айтылмаған. Ішкілік организмнің қуыс-қуысына өте тез жайылады да, сонан соң орталық нерв жүйесін улап, оның қоректену процесін бұзады.
Маскүнем әйелдерден туған балалардың жартысына жуығы дүниеге келгеннен кейінгі алғашқы айларда шетінейді. Шетінеуге нәрестенің миындағы ісікті сырқаттар себепкер болады.
Кішкентай баласы бар әйелдердің маскүнемдігі тіпті өрескелдік. Олар арақ түгіл, сыра ішуге де болмайтынын естерінде сақтаулары керек. Ана сүтімен нәрестенің организміне енген алкоголь баланы тынышсыздандырады, ұйқысын нашарлатады, ақыл-есінің жетілуіне кедергі келтіреді. Сайып келгенде, ішкіліктің зияны мол екенін есте ұстаған семья мұны ұмытпағаны жөн. Талай адамның түбіне жеткен ішімдік кімнің жанын азапқа салмады дейсіз. Салауаттылық — денсаулықты жақсартып, материалдық байлықты арттырудың, еліміздің күш-қуатын көтерудің бір көзі. Алкоголизм мен маскүнемдікке қарсы шараларды жүзеге асыру жолында аянбай еңбек етеді.
Дегенмен, жалпы адам организміне зардап тек арақ-шараптан ғана келеді десек, қателескен болар едік. Бұл күндері «сәнге» айналып жүрген темекі шегудің зияндылығы да аз емес. Тіпті оны шегуді былай қойғанның езінде, темекі плантациясында жұмыс істеп журген кыздардың, қалыңдықтардың бала көтермей қалу қаупі тағы бар.
Әрине, алкоголизм, есірткі, темекі шегу жайындағы дабыл орынды, дер кезінде соғылды. Нашақұмарлықтың, темекіқұмарлықтың, наркотикалық есірткілерді пайдаланудың салдарынан жарымес, мүгедек, аурушаң нәрестелер емірге өксіп — жылай келеді.
Өмір өлшемі — салауаттық, салауаттық — өмір заңы. Салауатты өмір сүрмей тұрып, өміріңе қажетті нәрсені ала алмайсың. Адам баласының жарасымды тұрмыс құрып, үйлесімді дамуы үшін біздің елде барлық жағдай жасалған. Өнердің, спорттың сан-салалы түрімен айналысуға болады ғой. Олардың қайсысынан болса да жан дүниең ләззат тауып, сезіміңе әдемі түйсік алады емессің бе? Одан өмірің мәнді, мазмұнды бола түседі емес пе? Олай болса, арақсыз, есірткісіз, темекісіз әрі мазмұнды, әрі сәнді өмір сүруге болады. Алдамшы құмарлықтан бас тартып, өзін-өзі билей білу — адам бойындағы ізгі қасиет, үлкен парасаттылық.
Ішкілікке үйір болып туатын адам жоқ, маскүнемділік тұқым да қуаламайды. Оған көбінесе мол дастарқан басындағы отырыстар ырду-дырду араласқан адамдар, жүрген орта себепкер болады. Маскүнемдіктен сақтандыру, оның алдын алу мәселесі бұл күндері кімді болса да бейғам қалдыра алмайды. Өйткені алкоголизм мен маскүнемдіктің артында жеке адам, семья тағдыры тұр. Оның ауыр зардабы жанашыр жақынды да, бейтаныс адамды да бейғам қалдыра алмайды.
Теріс жолға түскен адамға білікті де дұрыс ақылшы керек. Ішімдік салдарынан маскүнемнің жан дүниесінде болған дағдарыстарды, өміріндегі сәтсіздіктерді көріп, түсіне, түсіндіре білетін, көзін жеткізіп айта білетін шын жанашыр адам керек.
Маскүнемдік адамдардың денсаулығын бұзып, шаңырақтың тату-тәттілігін шайқалтады, адамды әл-қуатынан, ерік-қайратынан айырады, тапсырылған іске салдыр-салақ қараушылықты тудырады, еңбек өнімінің төмендеуіне, өнеркәсіп пен транспортта жарамсыз өнім шығаруға, жұмысқа себепсіз кешігуге және апатқа ұшырауға әкеп соқтырады. Маскүнемдік ағайыншылыққа, сыбайластыкка, жең ұшынан жалғасушылыққа, тамыр-таныстыққа жол ашады, принципсіздік тудырады, қылмыс жасауға итермелейді.
Жыл сайын дүние жүзінде темекі шегудің салдарынан 4 млн. адам қайтыс болады екен. Мұны жыл бойына әр күн сайын 25 авиалайнер апатқа ұшырап, сол себепті түгел ажал құшқан пассажирлердің санымен салыстыруға болады. Бүгінде жер шарында 1,2 млрд. адам темекі шегетін көрінеді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегі бойынша, 1997 жылы темекіден 3 млн. адам қайтыс болған болса, бұл көрсеткіш жыл сайын 33 пайызға өсіп отырған. Бұл – бұл ма? Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының есебіне жүгінетін болсақ, егер жағдай өзгермесе, онда таяу жылдарда жарты миллиард тірі адамның түбіне темекі жетуі мүмкін көрінеді. Бұл қолайсыз мәлімдеме үрейлендіріп, үркіту үшін емес, нақты факт негізінде жасалып отыр.
Ал, Қазақстанға келер болсақ, қазіргі уақытта 5 миллионға жуық адам темекі шегеді екен. Оның басым бөлігі орта жастағы адамдар болса керек.
Темекі тартатын адам күніге орта есеппен 200 рет, айына 6 мың рет, жылына 72 мың рет ішке түтін тартса, ал 45 жастағы адам өмір бойына 2 млн. рет темекі тартады деседі. Қызығы сол, темекі шегуді о баста «ойнап» бастаған 100 адамның 80-і біртіндеп тұрақты шылымқорға айналады.
Темекі шегудің зиян келтіретінін білсе де, шылымқорлар көбеймесе азаймай отыр. Темекі шегуші адамдар тек өзін ғана улап қоймай, қасындағы басқа адамдарды да улайтыны белгілі.
Қазір тәжірибеде денсаулық сақтау қызметінің ескертуі, дәрігерлер кеңесі, шылымқорларға шұғыл шартты рефлекс жасау, оларға жағымсыз жайттар туғызу, гипноз (сиқыр), миға код жіберу және қолдаушы топ арқылы темекі қойғызуға арналған бағдарламалар жүдә көп. Бірақ, бұлардың нәтижелері түбегейлі болмай тұр. Осындай тәсілдермен емделген адамдардың бестен бірі ғана темекіні тәсігөй қойып кетуі ықтимал. Ал, олардың көпшілігі бұрынғы зиянды әрекеттерін жаңғыртып, қайтадан жалғастырады. Ал, енді темекінің адамдардың денсаулығына зардабы қандай? Темекінің әр талы адам өмірін 12 минутқа қысқартатыны дәлелденген шындық көрінеді.
Сондай-ақ, оның басты зияндылықтарын айтар болсақ, төмендегідей тізім пайда болады:
1. Ерін тіл және өңеш рагына жол ашады.
- Ас қорытуды қиындатады, тәбетті қайтарады.
Асқазанда жара пайда болуына көп әсері бар.
Өкпе мен көмекей рагына ұшыратады.
Қол-аяқ тамырлары бірте-бірте бітеледі. (Гангренаға айналып, қол, аяқ кесілуге дейін барады).
Миды қамтитын тамырларда да қатаю пайда болып, клеткалары өледі және ол орнына қайтып келмейді.
Жүрек ауруларына (инфарк) шалдығады.
Тез қартаяды, теріде әжім пайда бола бастайды.
Бел әлсіздігінің ең басты себебіне айналады.
Темекі өрттің шығуына да ықпал етеді. Соның кесірінен үй, орман өртеніп, адам өліміне де душар етуі мүмкін.
Темекі екіқабат әйелдерге зиян береді. Сырқат сәбидің дүниеге келуіне негіз болады. Тіпті, баланың өлі тууына да себеп болуы ықтимал. Түсік тастауға да алып келуі ғажап емес. 12. Бала емізетін әйелдерде никотин емшек сүтіне араласып, осы арқылы сәби уланып, туберкулез, өкпе, мазасыздану т.б. сырқаттарға ұшырайды.
Темекінің зияндылығының негізін оның құрамындағы көптеген қатерлі элементтерден түзелетіндігінен байқауға болады. Темекі түтінінде 4000-ға жуық химиялық зат бар екендігі анықталып отыр. Оның бір де бірі адам ағзасына пайдалы емес, барлығы бірдей залал. Оның ішінде никотин, шайыр, көміртегі тотығы және кансереген секілді заттардың зардабы аса ауыр болып келеді. 100 мг. никотинді бірден қабылдаған адам өледі. Бұл никотин мөлшерін екі қорап темекіден алуға болады. Әрине, екі қорап темекі шеккен адам өле қоймайды. Өйткені, ол оның бәрін бір сәтте қабылдап үлгермейді. Адам оны күні бойы шегеді.
Қазақстандық қоғамды есірткілендірудің әлеуметтік мәдени факторлары (моральдық-этикалық нормалар мен мінез-құлық құндылықтарының бұзылуы, батыстық мәдениеттің жаппай әсер етуі, отбасылық қарым-қатынастардың бұзылуы, жастардың әлеуметтік мінез-құлқының өзгеруі) ұлт денсаулығының негізі ретінде есірткіге деген қоғамдық иммунитетті қалыптастыру қажеттігін өзекті етеді.
Есірткіге қарсы әлеуметтік иммунитетті қалыптастыруға ең алдымен мемлекеттік әлеуметтік саясат және орта, жоғары білім беру жүйесіндегі жастар арасындағы жұмыс бағытталуы тиіс. Бұл ретте осы саладағы негізгі бағыт беретін күш тек орталық, жергілікті атқарушы билік органдарының ғана емес, азаматтық қоғам институттарының да қызметі болуы тиіс.
Әсіресе балалар, жастар мен әйелдер арасында салауатты өмір салтын, есірткісіз өмірді насихаттау есірткіге қарсы мемлекеттік қызметтің ажырамас бөлігі болуы тиіс.
Осы тұрғыда ең ортақ алдын алу іс-шаралары ретінде еліміздің жекелеген өңірлерінде есірткі пайдаланатын адамдар санының өсуіне ықпал ететін себептер мен жағдайларды зерделеу, салауатты өмір салтын жүргізуге ұмтылысты ынталандыратын бағдарламаларды әзірлеу мен енгізуді айтуға болады. Қоғамдық санада адамның денсаулығы өзі үшін де, тұтастай қоғам үшін де құндылық болып табылатындығы жөніндегі идеяның алатын орны барған сайын қомақты болуы тиіс. Оны есірткі пайдаланатын адамдармен жұмыстағы маңызды психологиялық алғышарт деп есептеуге болады, өйткені өзінің денсаулығына деген көзқарастың өзгеруі басқа да алдын алу және емдік бағдарламалардың іске асырылуын жеңілдетеді.
Бұл үшін ең алдымен балалар, жасөспірімдер мен жастар арасында нашақорлықтың алдын алу жөніндегі көп сатылы білім беру бағдарламасын құру қажет.
Халыққа есірткілердің зияны туралы кең көлемде ақпарат беруге көп көңіл бөлінуі тиіс. Бұқаралық ақпарат құралдары (БАҚ) көпшілік қауым үшін қажетті білімнің негізгі көзі болып есептелуі олардың бұл мәселедегі жауапкершілігін арттырады. Екінші жағынан БАҚ-та есірткі заттарының жарнамасына, есірткілер туралы босаңсу, рахаттану, бедел жинау құралы, өмірдің «жеңіл» стилі делінетіннің атрибуты ретіндегі теріс түсініктер уағызына жол бермеу жөнінде жұмыс жүргізілуі тиіс.
Тақырып бойынша глоссарий: Салауатты өмір салты, ішімдік, Темекі шегу, Нашақорлық, Зиянды әдет.