Жаңалықтар

Ресми тілшілер пікірлері…

Бірлесе қызмет ету туралы 2014 жылдың «10» шілде күнгі «Редакция тілшісі» арасында бірлесе қызмет ету туралы хатыңызды қолдаймын. Алдағы уақыттарда бірлесе отырып жұмыстар жүргізуге өз үлесімді қосамын деп есептеймін. Атырау облысы бойынша меншікті тілі, үйлестіруші ретінде 2014-2015 жылына қабылдауыңызды сұрай отырып, сіздер арқылы шығармашылық тұрғысынан жұмыстар жүргізіп отыруға келісімімді беремін.

Атырау облысы бойынша ресми тілші: БЕКБАУОВ НУРБЕК СЕМБАЙҰЛЫ

Құрметті, Ізгілік Байдрахманұлы! Бүгінгі күнде дамыған мемлекет құрудың алғы шарты -білім мен ғылымды жетілдіру екені бәрімізге мәлім, ендеше осы тұрғыда жасалып жатқан іс-шараларға, жүргізілетін жұмыстарға бірлесе отырып қол жеткізу үшін өз үлесімді қосқым келеді. Білімді ұрпақ тәрбиелеуде ұстаздар ролі зор, алдымыздағы міндетті бұлжытпай орындап мақсатымызға жету үшін жан-жақты кең ауқымда жұмыс істеуге, тәжірибе алмасып салыстырмалы түрде дамуға қолайлы интернет желісі болғандықтан сіздер мен біздердің арасында тығыз байланыс болу шартты. «Интернет жүйесінде» республикамыздың барлық аймақтары мұғалімдері мен оқушыларының басын біріктіріп, еңбектері мен шығармашылық жұмыстарының таратылуына зор үлес қосып отырған 45 минут сайтының педагогтардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігінің артуына етер ықпалы зор. Сондықтан өз облысымның педагогтарына бірден-бір көмегімді тигізуге мен дайынмын.

Шығыс Қазақстан облысы бойынша ресми тілші: Токай Зауреш

Құрметті, Ізгілік Байдрахманұлы!  Қайырлы күн! Сөзімнің басын еліміздің көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының сөзімен бастағым келіп отыр. 2012 жылдың 5 қыркүйегінде ел Президенті «Назарбаев университетінде» «Қазақстан білім қоғамы жолында» тақырыбында оқыған дәрісінде: — «Бүгін ХХІ ғасырда біз «шыны әлемінде» өмір сүрудеміз. Бұл әлем – мөлдір де нәзік, білімді, тәрбиелі, өнерлі жандарды қажет ететін ғажайып, сырлы әлем. Оның ішінде тас лақтырысуға болмайды, оны аялау қажет», — деп ой өрбіткен еді. Осы «шыны әлемінде» республиканың барлық аймақтарының мұғалімдері мен оқушыларының басын біріктіріп, еңбектері мен шығармашылық жұмыстарының таратылуына зор үлес қосып отырған ұжымға халықтың айтар алғысы шексіз екені айтпаса да түсінікті. Алысты жақындатқан 45 минут сайтының педагогтардың біліктілігі мен кәсіби шеберлігінің артуына еткен ықпалы жоғары дәрежеде. Осы жұмыстардың үлгілі ұстаздардың қатарына жаңадан қосылып жатқан мен секілді жас мамандарға тигізген және болашақта тигізер пайдасы орасан екені хақ.

Тілші болу қыруар күш пен қарым – қабілетті, дарын мен біліктілікті, ізденімпаздық пен жаңашылдықты, икемділік пен ұйымдастырушылықты, ең негізгісі – еңбекті талап етеді. Ал енді республикаға танымал http://www.45minut.kz БАҚ өкілі болу – көптеген жандарға аяулы арман, берері көп мүмкіндік, шеберлікті шыңдау жолындағы мектеп. Менің де осындай мектептен ілім үйреніп, шеберлігімді шыңдап, арманыма қол жеткізгім келеді.
Табалдырығынан талай талантты тәрбиелеп шығарған Қызылорда облысындағы білім ордаларында оқу-тәрбие саласы бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар, жаңалықтар, жеткен жетістіктері мен жеңістері туралы Қазақстанның түкпір-түкпіріне таралатын «45minut.kz» газетінде жүйелі жариялау – ұстаздар мен оқушылардың, білім саласы қызметкерлерінің еңбегін бағалау, қолдау көрсету, алдағы жоспарларына демеу екені хақ. Іске сәт! Армандарыңыз орындалсын!

Қызылорда облысы бойынша ресми тілші: Мыңжасарова Светлана Кенбайқызы

Ұстаздар үшін ашылған республикалық 45minut.kz басылымы шын мәнінде Ұстаздарға қызмет ете білді. Мұны өзім тығыз байланыста жұмыс істеген 2013-2014 оқу жылы ішінде көз жеткізе білдім. Ұстаздар қауымы өздеріне қажетті ақпаратты молынан пайдаланып, өз іс –тәжірибелерімен бөлісті. Көптеген мұғалімдердің топтама жинақтарға әдістемелік тақырыпта баяндамалары, сабақтары жарияланды. Әсіресе шалғай жатқан аймақтағы Ұстаздардың интернет арқылы қашықтан республикалық деңгейде семинарларға қатысуы олардың деңгейін көтеріп, санаттарын жоғарылатуға себепші болды.
Редактордың қатысуымен өткен әсерлі де мағыналы семинарлар үшін шексіз алғысымды білдіремін! Биылғы оқу жылында 45minut.kz басылымы ұжымы орынды, маңызды бағыттар алған екен. Бұл бағыттар оқушылардың, ұстаздардың шығармашылық дамуына себепші болады деп сенемін.

Ш.Б.Темиргалиева, БҚО бойынша меншікті тілші,
Казталов аудандық білім беру бөлімінің жоғары санатты әдіскері.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.