Қысылу. Қадыр Мырза Әли (4 сынып)

Қостанай облысы, Рудный қаласы, № 19 орта мектептің
жарты күндік шағын орталық тобының тәрбиешісі
Бугенбаева Тажида Асанбайқызы

Пәні : Әдебиеттік  оқу
Тақырыбы : Қысылу. Қадыр Мырза Әли (4 сынып)
Мақсаты : 1)оқушыларға  тазалық, инабаттылық  , денсаулық  туралы  түсінік  беру.
2) мәнерлеп оқуға , ойлау , есте сақтау қабілетін дамыту , сөздік қорын молайту, байланыстырып жүйелі  сөйлей білуге үйрету.
3)адамгершілікке, еңбекке тәрбиелеу.
Әдісі : түсіндіру , талдау, сұрақ-жауап, көрнекілік, ізденушілік.
Пәнаралық  байланыс : дүниетану

Сабақтың барысы

  1. Ұйымдастыру кезеңі. Окушы зейінін аудару.
  2.  Үй жұмысын сұрау кезеңі.

Асығым  өлеңін қорытындылау. Ұлттық ойындарға сипаттама беру.

  1. Жаңа тақырыппен жұмыс кезеңі.

Өлеңді мәнерлеп оқып беру. Балалар біз аулаға саяхатқа шығамыз. Ауланың тазалығына көңіл бөлеміз.  Ауланы кім тазалайды? Көшеде нелерді көрдің?

Көшені тазалайтын ағай, апайлардың ісін көргенде,  көшенің кірлігінен біз қысыламыз. Кім, кімдер қысылмайды?  Салақ бала қысылмайды, сол дұрыспа?

Сол үшін көшеде тұрған қоқыс жәшігіне қоқысты тастау керек. Балалар біз сыныбымызға оралдық. Сыныпты қалай күтуіміз керек екен?

   Ой толғау.

–         Өлеңде ақынның айтпақ болған ойы не?

–         Өзің тазалық сақтауға қалай қарайсың, ол үшін не істейсін?

–         Сынып таза болу үшін не істеу керек?

 

Венн көрсетуі.

«Тазалық» пен «салақтық» істерін салыстыру .

  1. Оқулықпен жұмыс. Окушылар өлеңді тізбектей оқыйды, мазмұнын айтады.
  2. Өзіндік жұмыс.

 

1.Тазалық- денсаулық кепілі, себебі…

2.Салақ болсаң, …

     6. Ойыңды ортаға сал. «Көше қалай ластанады?» көшенің ластануына әнгімелесу.

     7. Әдептілікке әуестен.

1.Жерге заттың қиқымын тастама.

2.Керексіз затыңды көшедегі қоқыс жәшігіне сал.

3.Ағашты сындырма,  құстарды қума, жәндіктерді өлтірме!

 

 8. Суретпен жұмыс.

Суреттерге  сипаттама беру, әңгімелеу, эссе жазу (әр окушыға оқыту)

 

Сергіту сәті: « біз тазалықты сүйеміз»

 

 

 

 

 

9.Рефлексиялық қорытындылау.

Тазалық пен ұкыптылыққа бала жастан әдеттен.

 

Кір, лас жүру ұят әрі надандық екенін ұмытпа!

Үйге тапсырма: «Қысылу» өлеңін мәнерлеп оқу, мазмұнын айту. Сыпырушы ағай еңбегі жайында әңгіме жазу.

Бағалау.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше