Қостанай облысы, Рудный қаласы, № 19 орта мектептің
жарты күндік шағын орталық тобының тәрбиешісі
Бугенбаева Тажида Асанбайқызы
Сабақ: Қазақ тілі (4 сынып)
Сабақ тақырыбы: Жатыс септік
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Зат есімнің септелуі туралы түсіндіріп, күрделі сөздер жөніндегі түсінігін кеңейту, білімділікке, тапқырлыққа баулу.
2. Дамытушылық : Ақыл –ойын, логикалық ойлау жүйесін дамытуды көздеп арнайы жаттығулар орындату, сөздік қорын, ойлау қабілетін дамыту.
3. Тәрбиелік : сауаттылыққа, көркем жазуға, ұстамдылыққа, жылдам ойлауға, әдемі сөйлеуге, ана-тілін құрметтеуге тәрбиелеу.
Сабақтың әдіс-тәсілі : Сұрақ-жауап, әңгімелесу, түсіндіру, ауызша, жазбаша жазу жұмысы.
Сабақтың көрнектілігі : сызбалар, суреттер.
Пән аралық байланыс: ана тілі.
Сабақтың барысы :
- Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық.
- Үй тапсырмасын тексеру, пысықтау.
— Зат есімдер қалай септеледі?
— Ребус шешу.
- 3. Жаңа сабақ.
Жатыс септігінің ережелерімен таныстыру .
1.Жұмбақ.
Зат есіммен көршілес
Сынаудан бір сәт ерінбес
Бұл қай сөз табы? (Сын есім)
2.Дәптермен жұмыс
Дәптерімізді ашайық,
Салақтықтан қашайық.
Қолға қалам алайық,
Көркем етіп жазайық.
Көркем жазу.
1- жаттығуды көшіріп жазып, қарамен жазылған сөздердің түбірі мен қосымшасын табамыз. Ол сөздер қандай септік және қандай сұраққа жауап береді?
Ережемен таныстыру. (бір оқушыға оқыту)
Мұғалімнің түсініктемесі.
Жатыс септіктің сұрақтары: кімде? неде? кімдерде? нелерде? қайда?
Жалғаулары: -да, -де, -та, -те.
Ауызша жаттығу орындау.
2- жаттығу. Мәтінді оқып, жатыс септіктегі сөздерді табамыз.
3.Сергіту сәті.(қимыл-қозғалыс жаттығулары)
Ойын «Кім тапқыр»
3- жаттығу.
Көшесі жүзді
Астана… барды Су… ішті
көрді түсті
болды беті
Өзіндік жұмыс 4-жаттығу.
Өлеңді оқып ішінен барыс, табыс, жатыс септіктерді теріп жазу.
Кестемен жұмыс.
Атау септік | Ілік септік | Барыс септік | Табыс септік | Жатыс септік | |
Күресте | + | ||||
Тауда | + | ||||
Қарияның | + | ||||
Балмұздақты | + | ||||
Жануарға | + | ||||
Азамат | + | ||||
Дәптердің | + | ||||
Оқушыны | + |
«Суретті билет» ойыны.
Шығармашылық жұмыс. Топтар әр маусымға байланысты мәтін құрастырады.
Қыс, көктем, жаз, күз.
Сабақты қорытындылау:
Жұмбақ шештік, дәптерге жаздық
Сонымен сабақта нені оқып үйрендік?
Сабақты пысықтау, балаларды бағалау.
Үйге: 5-жаттығу, жатыс септігі.