Дәрістің қысқаша мазмұны: Табиғатта вирустар бірнеше жағдайда тіршілік етеді.
1. Клеткалардың ішінде кездесетін вегетациялық немесе көбею түрлері.
Мұндай вирустарға «вирус — клетка кешені» деген синоним қолданылады.
2. Клетканың сыртындағы көбеймей, жай тұрған түрі.
Бұл жағдайда «вирион» деген ұғым қолданылады. Вирустар тек қана клетка ішінде өсіп жетілетін арамтамақтар және бір иеден екінші иеге ауысып отырады. Вирустар тек клетка ішінде ғана өсіп-өнеді. істету үшін байланыс органдарын қолына алып өз үкімін жүргізеді.
Демек, вирустар өздеріне қоректі заттарды өздері құрамай тек қана нұсқау арқылы торшаны өзіне бағындырып, жұмыс істетеді.
Вирустардың тек клеткада ғана өсетін себебі не?
Себебі вирустардың құрамы өте қарапайым: нуклеин қышқылы, белок, қант және май, тек кейбір күрделі вирустардың ғана ферменттері болады. Осындай құрамы қарапайым вирустар көбею үшін клетканың материалдарын пайдалануға мәжбүр болады. Олар: рибосомалар, клетка мембранасы, ферменттер, энергия тудыратын жүйелер. Вирустарда ядро да, клеткаға тән заттар да жоқ. Дегенмен, вирустардың көбеюіне әсер ететін клетканың заттары қажет. Бұл жағдай қарақшылар басып алған кеме секілді. Өйткені, вирустар өз дегенін қышқылы береді. Вирустар табиғаттағы барлық жаны бар заттардан ерекше болады.
Вирустарды жай, майда торша ретінде қарауға болмайды. Вирустар — клеткаға дейін пайда болған нәрселер. Оларды организм ретінде де қарауға болмайды. Себебі организм дегеніміз (А. Львовтың айтуы бойынша) — өзімен-өзі байланысып жатқан кейбір ерекше құрамдар мен қозғалыстар. Мысалы, ит — жүгіреді, үреді, тірі; құрбақа — секіреді, құрылдайды, тірі. Олардың денесі өзара байланысқан құрама қозғалыстардан тұрады. Бұл — организмдер. Бір торшадан тұратын қарапайымдылар (амебалар)—организмге жатады, ал торша ішіндегі органеллалар (хромосомдар, митохондриялар) организмге жатпайды. Себебі олар өздігінше тіршілік ете алмайды.
Демек, вирустарды организм деуге болмайды. Өйткені, олар өздігінен тіршілік етпейді, олардың өсіп-өнуіне торша керек. Сонда вирустарды қайда жатқызуға болады: жануарлар әлеміне ме немесе жансыздар әлеміне ме?
Вирустардың табиғаты ерекше. Оларда әрі тірі жануар дүниесінің қасиеттері бар, яғни көбейеді, нәсілдік және өзгеру ерекшеліктері тағы бар. Ал сонымен бірге вирустарда тірі жандар дүниесінде жоқ қасиеттер де кездеседі: вирустардың кристалл ретінде болуы, кебеюінің ерекшеліктері (дисьюнктивті түрі), нуклеин қышқылының бір түрінің ғана кездесуі. Тіпті вирустар қоректенбейді, қозғалмайды, тыныс алмайды, ештеңе бөлмейді. Осының бәрі вирустардың өлі және тірі дүние арасында тұратынын дәлелдейді. Вирустарды тірі дүниеге жатқызуға 1915-1917 жылдардағы бактериофагтың — бактериялар вирусының ашылуы әсер етті (ағылшын ғалымы бактериолог Туорт пен канадалық микробиолог Д’Эррель).
Демек бактерия клеткасының ішінде тіршілік ететін тірі арамтамақ бар екені дәлелденді. Содан соң да көптеген деректер белгілі болды. Сөйтіп, вирус қоздыратын темекі ауруының бар екені, бактерияны құртатын бактериофаттың ашылуы, адам және жануарлар дүниесіндегі жұқпалы аурулардың қоздырушылары — вирустармен байланысты екені анықталды.
Вирустардың пайда болуы жөнінде бірнеше болжам бар.
- Қайта (кері) айналу теориясы, демек эволюцияның кері өзгеруі, өте жетілген түрден жай, қарапайым түрге көшу. Бұл теория бойынша бактериядан, бір клеткалы организмнен шыққан содан клетка ішінде тіршілік етуге бейімделіп, бірте-бірте формасы мен қасиеттерін жоғалтып, бір ғана нуклеин қышқылы қалған. Дегенмен бұл теория вирустардың нәсілдік генетикалық материалының көптігін, дисьюнктивтік көбею жолын түсіндіре алмайды.
- Басқа бір болжау — вирустардың клеткалы дүние пайда болғанға дейінгі тіршілік түрлері, содан кейін бірте-бірте торшалық, бертін келе — күрделі организмдер пайда болған. Бұл болжам да алдыңғы болжам сияқты әлгіндей сұрақтарға жауап бере алмайды.
- Келесі болжам — вирустар клетка ішіндегі денелерден шыққан. Бұл болжамды кейде «құтырынған гендер» деп атайды.
Шынына келсек клеткада 3 түрлі генетикалық (нәсілдік) заттар бар.
Олар: 1) хромосомдағы ДНҚ, 2) бактериялық плазмидтік ДНҚ, 3) митохондриялық ДНҚ.
Соңғы болжам бойынша вирустар плазмидтен пайда болған. Вирустардың торшаның нәсілдік элементтершен шығуы мүмкін. Себебі, табиғат вирустарда ДНҚ мен РНҚ-ның әрбір түрін жаттығып көргеннен кейін клеткаларда олардың ең керекті түрін екі жіптен тұратын ДНҚ мен бір жіптен тұратын РНҚ-ны ғана қалдырған болуы керек.
Демек, осының арқасында мынандай болжам пайда болған әртүрлі вирустар түрлі мерзімдерде клетканың әр түрлі нәсілдік элементтермен шыққан болуы керек. Осының салдарынан ғана бесаспап нәсілдік код вирустарға да, бүкіл жанды дүниеге де тән және олар жердің органикалық дүниесінен шыққан.
Аса қауіпті инфекциялар (жұқпалар)
Туберкулез — тұрғындардың денсаулығына біршама нұқсан келтіретін əлемде ең ауқымды таралған жұқпалы аурулар қатарына жатады. 1993 жылы Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы туберкулезді жалпы қоғамдық денсаулық сақтау жүйесінің глобальды мəселесі деп жариялады. Қазіргі таңда жер бетіндегі бүкіл халықтың 1/3 бөлігі туберкулез микобактериясы-мен жұқтырылған, ал жыл сайын жуық шамамен 8,4 млн. туберкулездің жаңажағдайлары тіркелсе, шамамен 2 млн. адам осы аталған аурудан көз жұмады.
Жұқпаның өзге қоздырушыларына қарағанда, туберкулез микобактериясынан адамдар көбірек қайтыс болады.
Туберкулез науқастарының 75%-зы 20-40 жас аралығындағы, яғни еңбекке біршама жарамды жастағы адамдар болғандықтан, туберкулез анықталған жанұялар үлкен зардаптарға душар болып, мемлекет айтарлықтай шығындарға тап болады.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы туберкулез жағдайларының біршама жағдайларын емдеп-жазуға болатындығын дəлелдеді. Сырқаттың анықталуы жəне оны емдеу шаралары дұрыс та, тиімді тағайындалған болса, туберкулез науқастары толығымен жазылуы тиіс.
Туберкулез – туберкулез микобактериясы деп аталатын (ТБМ) микроағзаларының адам ағзасына түсе салысымен, дами бастайтын жұқпалы ауру.
1882 жылы неміс ғалымы Роберт Кох аталмыш ауру мен ТБМ-сын ашқаныдығы үшін Нобель сыйлығын иеленді.
Бактерияны микроскоппен қарағанда иілген жұқа таяқша түрінде көрінетіндіктен, оны туберкулез таяқшалары деп атайды.
Өткен ғасырларда, туберкулез немесе сол заманда аталғандай «чахотка» ауруы соғыс уақытымен салыстырғанда, бейбіт өмірде өмір сүрген көптеген ғұлама адамдардың бұл дүниден кетуіне себепші болып, мемлекеттердің қаңырап қалуына да өз əсерін тигізді.
ВИЧ пен СПИД-тің айырмашылығы
Кейбір жандар бұл екі ұғымды шатастырып алады. Негізінде ВИЧ инфекциясын жұқтырған адам СПИД дертіне бірден шалдыға қоймайды. Ал негізінде ВИЧ— дерттің тек алғашқы сатысы ғана болып табылады. Мұны жұқтырғандар “болды, мен емделгеннен пайда жоқ, адам болмаймын” деп, өмірден түңілуі мүмкін. Бірақ, бұл сырқатты жұқтырғаннан кейін ол адам дұрыс ем қабылдаса, кемінде 10-15 жыл өмір сүре алады екен. Бұл ВИЧ вирусы адам ағзасына еніп, адамның қорғаныш жүйесін бұзып, ұзақ уақыт бойы, тіпті, 5-10 жылға дейін білінбей, оның ең соңғы сатысы СПИД-ке айналған кезде ғана асқынып кетеді. Сол секілді мұны абайсызда жұқтырған адамның кәдуілгі жандардан ешқандай айырмашылығы жоқ. Инфекция алғаш адам ағзасына енгеннен кейін иммунитетін сатылап бұза бастайды. Одан соң адамда суық тигендей әр түрлі белгілер байқалады (тұмау, дене қызуының көтерілуі, жөтел). Бұл кезде сырқатты анықтау мүмкін болмай, тек 3-6 айдан кейін білінеді.
Халықаралық ЖИТС қа қарсы күрес күні алғаш рет 1988 жылы 1-желтоқсанда аталып өтті. Жыл сайын атап өтілетін бұл күн ВИЧ инфекциясы және СПИД індетімен күресті күшейтуге негізделген. Әлемнің әр түпкірінде осы күні ЖИТС тің қатері туралы түсіндіретн түрлі шаралар өткізіледі. ЖИТС – (СПИД синдром приобретенного иммуно дефицита) жүре пайда болатын иммунды тапшылық синдромы – жынысқа, жасқа қарамайтын жұқпалы дерт. Әзірге бұл дерттен құлан-таза айықтырып жіберетіндей дәрі табылған жоқ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымның деректері бойынша, жер шарында бүгінге дейін 40 млн. астам адамның осы ауруды жұқтырғаны тіркелген. ЖИТС – жүре пайда болатын иммунды тапшылық синдромы көбінесе 20 жастан 49 жасқа дейінгі адамдар арасында жиі кездеседі.
Қазақстан Республикасында бірінші АИТВ – жұқпасына шалдыққан жағдай 1987 жылы тіркелді, 2010 жылғы 1 қараша дейінгі өсу қорытындысы бойынша Қазақстанда АИТВ – жұқтырған 15465 жағдай тіркелген, олардың ішінде ЖИТС-пен ауыратындар саны 1199 адам. АИТВ-жұқтырғандардың таралуының ең жоғарғы көрсеткіші Алматы қаласы (201,8), Павлодар облысында (170,1), Қарағанды облысында (141,2) анықталды. Еркектердің жұқтыруы әйелдерге қарағанда 2,5 есе жоғары болып отыр, көпшілігінде парентеральдық (66,4 %) берілу жолы басым, әрі қарай гетеросексуальдық (25,7%) берілу жолының артуы тенденциясы байқалатын көрінеді.
Тақырып бойынша глоссарий: Вирус, Аса қауіпті инфекциялар (жұқпалар), Туберкулез, паразитарлық аурулар, ВИЧ-инфекциясы, СПИД ауруы.