Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№249 мектеп лицейінің бастауыш сынып мұғалімі
Бисенбай Сарқыткүл Қуанбайқызы
Сабақтың тақырыбы: Су. Табиғаттағы су айналымы. Дүниетану
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Суды табиғаттағы айналымы туралы ұғым, қалыптастыру, судың физикалық қасиеттерінің үш күйде кездесуін, судың еріткіш екенін,өсімдіктердің суды сіңіруі мен булануы туралы алған білімдерін пысықтау.
Дамытушылық: Су,оның адам өміріндегі маңызы,оны қорғаутуралы білімдерін нығайту. Пәнге деген қызығушылығын арттыру,ой-өрісін,есте сақтау қабілеттерін,шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік: Жер бетіндегі және жер астындағы суды тиімді пайдалануға, суды ластамай, қорғауға баулу.
Сабақтың түрі: Зертханалық сабақ
Сабақтың типі: Аралас
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап,ой жинақтау,ой қорыту, түсіндіру Пән аралық байланыс: Ана тілі,
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта
Сабақтың барысы: 1.Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық дайындық
Қуанамын мен де,
Қуанасың сен де,
Қуанайық достарым,
Арайлап атқан күнге.
2.Үй тапсырмасын сұрау.
Су туралы мәліметтер біліп келу тапсырылған.
Судың қасиеттері туралы ассоциациа жасау
Су – жер бетіндегі таңғажайып жаратылыс. Сусыз өмірімізді
елестетудің өзі қорқынышты. Бірақ, біз суға қандай құпия жасырылғанын білеміз бе? Ол қашаннан бері бар? Бұл сұрақтардың жауабын судың өзінен іздеу керек шығар. Судың о бастағы мөлшері қандай болса, бүгінде сол қалпынан айныған емес. Бір қарасаң, су – сол баяғы біз білетін құрамы мен белгілері бар сұйық зат. Бірақ зерттеу нәтижелері тіпті керемет дүниелерді анықтады.
«Жер бетін қанша шарласаңыз да, су сияқты мөлдір, әрі иіңізге көне беретін жұмсақ зат таппайсыз. Бірақ су, өз жолында қандай қатты, әрі берік зат болса да, егеп, қашап, тесіп өтеді. Оны ешкімде өз ырқына бағындыра алмайды. Кез – келген қаттыны жеңіп кетеді. Жұмсақ болса да берік нәрсені өз ыңғайына көндіре алады. Мұны барлығы біледі, бірақ осылай әрекет етуге ешкімнің де жүрегі дауаламайды», — деп бұдан екі жарым мың жыл бұрын ғұмыр кешкен қытай ғұламасы Лао – Цзы жазған болатын.
Су -тіршілік көзі.Сусыз тіршілік ететін ағза кездеспейді.Тіршілік құбылыстарының бәрі судың қатысуымен жүреді.
Су табиғаттағы ең көп тараған зат.Жер бетінің үштен екі бөлігін су қабаты алып жатыр.Қалған үштен бір бөлігі ғана құрылық
Судың тағы бір кереметі ол жер бетінде үнемі тынымсыз айналыста жүретіндігі.
(интерактивті тақтадан бейне материал)
Күн сәулесі қызуынан мұхит,теңіз,көл,өзен суы буланып,ауа қабатына барады.
Топырақтан,өсімдіктерден,жануарлардан буланған су буы ауа қабатына көтеріледі.
Көзге көрінбейтін су буы ауаның салқын қабатына көтерілгенде қоюланып,бұлт түзеді.
Бұлт ауаның ағысымен,қозғалысқа түседі.Ол жауын-шашынға айналып,құрылыққа қайтып оралады.Бірақ ұзақ тұрақтамай Күн қыздырғанда қайтадан буланып ауаға көтеріледі.
Жауын-шашынның бір бөлігі топыраққа сіңеді.Онда өсімдік қорегіне айналып,құрлықты жасыл жамылғысына орайды. Жайқалып шөптер,бұйраланып бұталар, бой түзеп ағаштар өседі
Жер бетіндегі су тұщы және ащы болып бөлінеді.Ащы су- бұл теңіз,мұхит сулары,ал тұщы су-өзен,көл,жер асты сулары.Жердегі әрбір 100 литр судың 98 литрі тұзды су.2 литрі тұщы су.
Интернет,кітап,журналдардан оқып ,судың адамдар сияқты ести білетінін және олардың да есте сақтау қабілеті бар екенін білдім.(сиқырлы тақтаға көңіл аударыңдар)
Яғни, су магнитофон таспасы сияқты, не естілсе, соның бәрін жазып алып отырады. Естиді, түйсінеді, ұзақ уақыт бойында сақтайды.
Жапон елінің ғалымы Эмотто Масарудың мынадай тәжірибесіне көңіл аударайық.. Ыдыстарға күріш салып оның үстіне су құйып бір ай бойы бірінші ыдыстағы суға РАХМЕТ,екінші ыдыстағы суға СЕН АҚЫМАҚСЫҢ, ал үшінші ыдысқа тіпті көңіл бөлмейді.Бір айдан соң қараса бірінші ыдыстағы күріш бөртіп ,судан жағымды иіс шығады. Ал екінші ыдыстанғы күріш қарайып кеткен,ал үшінші ыдыстағы күріш те, су да көгеріп кеткен.Бұдан біз судың жақсы сөз,көңіл бөлуді ұнататынын байқауға болады.
Су музыка да тыңдай біледі екен.(жасалған тәжірибені интерактивті тақтадан көрсету) Музыка тыңдағанда Судың құрылымы өзгерген .
Судың жақсылығымен қатар бізге тигізетін зияндары да бар екен.Теңіздерде қатқан мұздар еріп су тасқынына әкеліп соғады.Желдің қатты соғуынан ,жер сілкінуіне теңіз, мұхиттарда цунами яғни жерді су алу. Бұл судың жылдамдығы реактивті ұшақтың жылдамдығымен пара-пар.
Бұдан көптеген елді мекендер азап шегеді.Осы сияқты су тасқыны біздің Қазақстанда да болды. (қай жерде болғанын сұрау .Қызылағаштағы жағдай.
Арал теңізін алып көрейікші . Аралдың суы тартылып ,тұздар ұшып адамның денсаулығына,өсімдіктерге зиянын тигізуде.Балалардан сұрау)
Завод ,фабрикалардың қалдық суларының әсерінен өзен,көлдер де ластануда.
Оқулықпен жұмыс.
Мәтінді тізбектей оқу әдісімен оқыту.
Су туралы біраз мәліметтер білген сияқтымыз.Сендердің бұл сабақтан не үйренгендеріңді білу үшін мен сендерді 3- топқа бөліп тапсырма бергім келіп тұр.
Тәжірибе жасату.
І-тапсырма
1-топ.
Судың түссіз екенін дәлелде.
1.Шыны ыдысқа сүт,екінші ыдысқа су құйып салыстыру.Сүт-ақ,су-түссіз.
2.Екі стаканның біреуіне сүт,біреуіне су құйып олардың ішіне қасық салып, судың мөлдір екенін дәлелдеу.
2-топ.
1. Бірнеше ыдыс қойып ,оларға су құйып судың тұрақты пішіні болмайтынын дәлелдеу.
2.Суды кез келген жерге құю.Ол жан-жағына ағады,себебі ол сұйық.
3-топ.
1.Тасты суға салғанда ол су болып шығады,өйткені су жұғады.
2.Суды шыны бетіне тамызып,оның астын май шаммен қыздыр.Су буға айналып ұшып кетеді.
Бұл судың буға айналуы.
СЕРГІТУ СӘТІ
Балалар сендер жазда қандай көлге барып шомылдыңдар.
Көзімізді жұмып Қамбашта жүрміз деп ойлайық .Толқын болып қозғаламыз,шағала болып ұшамыз,жүзіп жүрміз ,қандай керемет,су қандай тамаша.
Көзімізді ашамыз,салқын сумен бетімізді жуамыз.
Демалдық енді екінші тапсырмаға көшейік.
ІІ-тапсырма
1-топ
Су туралы мақал-мәтел жазу.
2-топ.
Су туралы тиым сөздер жазу.
3-топ.
Су туралы жұмбақ жаз
ІІІ-тапсырма
1-топ.
Судың пайдасы туралы әңгіме жазу
2-топ
Судың зияны туралы әңгіме жазу
3-топ
Суды қалай қорғауға болатыны туралы әңгіме жазу.
Сабақты қорыту. Схема арқылы балалардың бүгінгі сабақтан не түсінгендерін байқау.
Үйге:
«Табиғаттағы су айналымы »тақырыбын оқу,
«Су- тіршілік көзі »тақырыбында сурет салу
Сабаққа жақсы қатысқандары үшін тілек жазылған су тамшысын таратып беру.