Без рубрики

«ХХІ ғасыр көшбасшысы». 7 сынып

Мақсаты: а) Оқушылардың білім деңгейін байқау, тілдік және танымдық білігін қадағалау. б) Білімге құштарлығын арттыру, танымдық  қабілетін дамыту,  мәдени сөйлеу тілін ұстарту.  в) Білімнің сарқылмас  қазына екендігін  ұғындыра отырып, тілді, әдебиетті қастерлеуге тәрбиелеу, ағылшын тілінің әлемдегі кең тараған тілдің бірі екендігін ұғындыру.
Көрнекілігі: мультимедиялық кабинет, сұрақтар, баға жазылған жетондар, мақтау қағаздары.

1. Жүргізуші  Нұртілек: Бүгінгі сайысымыздың мақсаты: оқушылардың тіл, әдебиет, отантану тақырыбына қатысты білімдерін сапқа салу.

2. Жүргізуші Мадина: Good afternoon, dear boys and girls, dear teachers. You are welcome to our knowledge competition “THE LEADER OF XXI CENTURY”, where we check the  knowledge’s of  our classmates in two languages.

Нұртілек: білім асыл қазыналы сандық, оны ашатын кілт – еңбек демекші біздің білімпаздарымыз тек еңбек пен білімдерінің арқасында алдағы белеңдерден өтіп, білімнің ең биік шыңына жетпекші. Оған жетуге әділқазылар алқасы жәрдемдеседі. Әділқасы алқаларымен танысалық:

Мадина: The English language teacher of Michurin school  Zadarozhnaya Elena Fedorovna.

Нұртілек: Мичурин орта жалпы білім беретін мектеп – балабақшасының қазақ тілі пәнінің мұғалімі, әдістеме жетекшісі-Кенжебаева Ғалия Закарқызы.

Мадина: The English language teacher of Michurin school  Gulfya Kanatovna.

Нұртілек: Мичурин орта жалпы білім беретін мектеп – балабақшасының қазақ тілі пәнінің жоғары санатты мұғалімі — Мергалиева Райса Байғалиқызы.

Мадина: Now let’s begin our competition. Our competition has 7 parts. The first part is introduction. Each participants must introduce yourself in 2  languages.

Нұртілек:сайысымыз 7 кезеңнен тұрады. Ендеше алғашқы кезең таныстыру кезеңін басталық. Бұл кезеңде сайыскерлер өздерін екі тілде таныстыру керек.

Мадина: Our first   participant is Hairusheva Karina. Now you may begin.

Нұртілек: Екінші сайыскеріміз Бекеев Азат.

Мадина: The third participant is Kayrova Akerke.

Нұртілек: әділқазы алқаларынан бірінші кезең ұпайларын сұраймыз. Екінші кезең: «Мәнерлеп оқу» сайысы. Бұл кезең бойынша сайыскерлеріміз қазақ ақын, жырауларының бір шығармасын мәнерлеп оқуы тиіс.

Мадина: You may  put your marks to the second part. The third part is English poems. You must read English poems by heart.

Нұртілек: Әділқазы алқаларынан үшінші кезең ұпайларын сұраймыз. Төртінші кезеңіміз: «Грамматика» деп аталады. Бұл кезеңде екі пән бойынша 5 тапсырмадан келеді. 10 минут ішінде жазбаша орындау қажет.

Тапсырмалар: қазақ тілі:

1. Қазақ тілінде неше септік бар?

а) 5   б) 7    в)3    с)8

2. Қимылды, іс-әрекетті білдіретін сөз табы?

а) сан есім  б) сын есім   в) етістік  с) үстеу.

3. «Ертең  сағат 19 00-де ата-аналар жиналысы болады »  сөйлемнің қай түріне жатады?

а) сұраулы сөйлем  б) лепті сөйлем   в) хабарлы сөйлем  с) қаратпа сөз.

4. Көптік жалғаулы сөзді тап.

а) оқушылар  б) оқушыға   в) оқушының  с) оқушымен.

5. Сөйлемге синтаксистік талдау жаса. Арман  таңертең мектепке апасымен барады.

Ағылшын тілі:

1. Зат есімді жекеше түрден көпше түрге айналдыр.

a) a pupil –              b) an orange —                   c) a wolf —              d) a man-

2. Present Continuous  шағындағы етістікті  тап:

а) is         b) are        c) is written   d) is writing

3. Сөйлемді аяқта. Past simple шағына қой. He … born in 19967

а)  was   b) were  c) shall   d) is

4. Past Simple-дің көмекші етістіктері:

а) shall, will     b) was, were    c) am, is, are d) shall, was, were.

5. “I have studied English for 3 years”  сөйлемі қай шақта тұр?

a) Past Continuous  b) Future Indefinite  c) Present Perfect d) Past Indefinite.

Мадина: The marks for the fourth part. The fifth part is “Questions” . I’ll ask you 5 questions about yourself you must answer to the questions.

1. How are you?

2. Which class are you in?

3. Your favorite subject?

4. Where are you from?

5. How old are you?

Нұртілек: Әділқазы алқаларынан 4 кезеңнің ұпайларын сұраймыз. Бесінші соңғы, шешуші кезеңіміз «Егер де мен…» деп аталады. Әр оқушы өзіне берілген тақырып бойынша өз ойларын 3 минут ішінде айтулары тиіс.

1 оқушы: «Егер де мен президент болсам».

2 оқушы: «Егер де  мен мектеп директоры болсам».

3 оқушы: «Егер де мен сынып жетекшісі болсам».

Мадина:  Now our competition is ending, that is why let’s count all scores of our participants. We want to know who is the winner and who is the leader of the XXI century.

Нұртілек: Жеңімпаздарымызды анықтау үшін сөз кезегін әділқазы алқаларына береміз.

Мадина : Now we congratulate our winners, thank you for your attention. Good-bye.

 

«ХХІ ғасыр көшбасшысы». 7 сынып: 1 комментарий

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.