Баяндамалар

НӘТИЖЕГЕ БАҒДАРЛАНҒАН МЕКТЕП БАСҚАРУ ҮРДІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Әйтеке би кенті
№170  орта  мектеп директоры, орыс тілі мен әдебиеті
пәнінің мұғалімі   Имашев   Нурлан  Райпович

НӘТИЖЕГЕ БАҒДАРЛАНҒАН МЕКТЕП БАСҚАРУ ҮРДІСІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Білім беру жүйесін басқару дегеніміз — оқушыға сапалы білім беру үшін ұжымның әрбір мүшесін ортақ мақсатқа жұмылдыру жетістікке жетелеуге сәйкес ұжымды басқарудың нысанын ұйымдастыру, қадағалау, реттеу, алынған ақпарат негізінде талдау, нәтиженің қорытындысын шығару.
Бүгінгі мектеп – күрделі де жауапты жүйе. Мектеп қабырғасына жаңа заманның ұстаздары келіп жатыр. Олар компьютерді, интернетті меңгерген. Ел ішіндегі ғана емес әлемдегі жаңалықтардан, озық тәжірибелерден жеткілікті хабардар. Демек, мектепке басшылық ету тәсілдері де өзгерген. Оқу орындарын жаңа талаптарға сай басқару керек. Бүгінгі білім беру жүйесінің басқаша екендігі Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңында да тайға таңба басқандай анық жазылды. “Білім беру жүйесінің басты міндеті – ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау” делінеді Заңда.
Мемлекетіміздің маңызды құжаттарының бірі – «Қазақстан-2030» бағдарламасында да білім берудегі бүгінгі уақыт жауапкершілігі нақты айтылады. Бағдарламада «Білімі мен білігі жағынан шетелдердегі замандастарымен бәсекеде жеңілмейтін, отаншылдық рухы кемел қазақстандықтардың жаңа ұрпағын тәрбиелеу» деп көрсетіледі.
Қазіргі білім беру жүйесінің дамуы оның әртүрлі буындарын басқарудың тиімділігімен анықталады. Жаңарған мектеп алдындағы негізгі міндет басқару жүйесін түсіну мен оны нәтижелік тұрғысынан басқарудан тұрады.

Мектепішілік басқару жүйесінің түпкі нәтижеге бақытталуы оны ақпараттық қамтамасыз етуге, педагогикалық талдауға, жоспарлау мен бақылауға жаңаша көзқарасты қажет етеді.
Қазіргі таңда білім беру мекемелерінде процеске бағытталған дәстүрлі басқарудан нәтижеге бағытталған басқаруға көшу жүріп жатыр.

Нәтижелік басқару екі өзара байланысты процестерден тұрады: жүзеге асыру және талдау. Нәтижелік басқаруды жүзеге асыру жағдай жасаудан басталып, білім беру процесін ұйымдастыру арқылы нәтижеге алып келсе, нәтижелік талдау керісінше алынған нәтижені талдаудан басталып, білім беру процесін талдау арқылы жасалған жағдайларды талдауға барып тіреледі: Жағдай – Процесс – Нәтиже.
Қазіргі таңда басқару құрылымын ғылыми негізде қайта құру, жоспарлау мен бақылауда бұқаралық пен ізгілікті күшейту, өкілеттік және билікті бөліп беру арқылы басқаруды бұқараландыру, бұрынғы бұйрық-нұсқауларды ұсыныс-кеңестермен алмастыра отырып, басты назарды педагогикалық мәдениеті, іздену белсенділігі мен дербестігі жоғары шығармашыл тұлға қалыптастыру мақсаты қойылып отыр.
Мектеп басшылары мен мұғалімдерге басқару әдебін, педагогикалық менеджмент қағидаларын, қарым-қатынас өнерінің психологиялық негіздерін, педагогикалық қызметі модульдік-мониторингтік басқарудың үлгілерін ақпараттық және басқару технологияларын оқытып-үйрету, оң шешім қабылдауға, қызметті ішкі мотивациялық негізде ұйымдастыруға баулу мазмұнында жаңа сипат, жаңа қарқын қажет.
Мектепті басқару жүйесінде төмендегі құралдарды негізге ала отырып жұмыс жүргізу керек:

Басқаруды ұйымдастыру басшы білігіне байланысты екенін ескере отырып, басқарудың барлық буынында менеджмент өнерін меңгеру, қазіргі педагогикалық инновацияның негізгі бағытынан хабардар болу қағидасын ұстану қажет. Жоспарлау барысында негізгі мақсаттар мен міндеттерді нақты белгілей отырып, мақсатқа жеткізетін тиімді әдіс-тәсілдерді дұрыс таңдау, шешімді қызметкерлердің тапсырманы орындау мүмкіндіктерін ескеріп қабылдау өте маңызды. Мектеп қызметін жаңаша ұйымдастыру, әр мектеп басшысының өз деңгейіндегі басқару рөлін арттыру, оқушылардың, мұғалімдердің және мектептің қызметін бағалау тәсілдерін басқаша, тиімді негізде қайта құру, үрдіс пен нәтижеге сай қызметкерлердің кәсіби мәдениетіне, қызмет әдебіне, рухани-әлеуметтік жағдайына көңіл бөлу – мектепті басқару құрылымының негізгі қағидаларының бірі болып саналады.
Бүгінгі таңдағы ерекше талаптың бірі – басқаруда ақпаратты сапалы қамтамасыз ету. Басқаруда ақпаратты сапалы қамтамасыз ету мектептің «өмір сүруін» қолдап қана қоймай, оның дамуын жүзеге асырады. Себебі, жүзеге асырылып жатқан кез-келген құжаттың, үрдістің, шараның ақпараты қолда болмаған жағдайда білім мекемесі басшыларының мақсат пен міндеттерін дұрыс жолға қоюы және оны табысты шешуі екіталай.
Мектеп басқарымын ұйымдастырудағы маңызды жағдай – педагогикалық басқару жүйесінің қалыпты күйге келіп, әрекетшеңдік жағдайында болуы және оны іске асыру жолдарын әрбір басшының жіті білуі тиіс.

Басшыға қойылатын қазіргі талаптар:
Басқаруды тиімді ұйымдастыру мектеп басшысына кәсіби білім-біліктілікпен бірге, жеке басының сапалық қасиеттерін де қажет етеді.

Мектеп өзінің бәсекелестік заман жағдайына дайындығын ойластырып, одан жеңіп шығу жолдарын іздестіретіндей санаға жетуде. Бұл орайда білім ордасы өзінің барша тіршілігінің нәтижесін тек оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудағы табыстарымен ғана байланыстыруы тиіс.

ҰБТ-дің 3 жылдық көрсеткіштері
№    Оқу жылы    Бітіруші саны    ҰБТ-ға қатысқаны    Қатысу пайызы    Орташа
балы    Грантқа түсушіер
1    2007-2008    37    33    89%    64    7 (21,1%)
2    2008-2009    24    20    83%    77    11 (55%)
3    2009-2010    20    19    95%    99,3    15 (78,9%)

МАБ-дың 3 жылдық көрсеткіштері

9-сыныптар бойынша    4-сыныптар бойынша
Оқу жылдары    Оқушы саны    Қатысу %    Көрсеткіш    Оқушы саны    Қатысу %    Көрсеткіш
2007-2008    71    100%    67%    90    100%    19%
2008-2009    95    100%    79%    68    100%    18,8%
2009-2010    83    100%    77%    87    100%    19,2%

Мектеп мұғалімдерінің халықаралық конференцияларға қатысуы

Қорыта айтқанда, мектеп басшысы барлық жаңарулардың ортасында өзі жүріп, ең алдымен өзі, өзгелермен бірдей инновациялық жұмыстарды жүзеге асыруы тиіс. Өйткені, өзіне сенімді адам ғана өзгелерге төрелік жасайтыны белгілі. Ұйымдастыра білген адам ғана ұтатын мына заманда, заман ағымының көшінен қалып қоймау үшін мектеп басшысы ретінде, мен де осы талаптар үдесінен шығуға талпынып келемін. Мен шешім қабылдауда тәуелсіз болуға тырысамын, әрбір істе тәуекелге баруға бел байлаймын және тиімділікті басты өлшем етіп алуға ұмтыламын. Өзгелерге үйрете жүріп, өзімнің де үйрену керектігі мені жаңа белестерге талпындырып, жаңа көкжиектерге көз тігуге жетелейді.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1)    Симонов В.П. Педагогический менеджмент. М, 1997;
2)    Ред.Поташник М.М. Управление качеством образование. М, 2000;
3)    Ильенкова С.Д. Инновационный менеджмент. Юнити-97;
4)    «Білім беру мекемесі басшыларының анықтамалығы» журналы №1 (13), 2 (14), 4 (16) Алматы, 2008 жыл;
5)    Шамова Т.И; Третьяков П.И.; Капустин Н.П. Управление образовательными системами: М.,2002;
6)    Баймолдаев Т.М. Педагогический менеджмент и современное управление школой А., научно-издательский центр «Ғылым» 2001 жыл.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.