Кызылорда облысы, Кармакшы ауданы, Төретам кенті
№ 85 орта мектебінің дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
Мырзалиев Кенжебек Сәрсенбекұлы
Тақырыбы: «Тәуелсіз елдің үздік ұландары»
Сабақтың презентациясын жүктеп алу: «Тәуелсіз елдің үздік ұландары» (PDF)
Мақсаты: Жас ұландарымыздың бойына ұлттық салт-дәстүрімізді, Отанға, тілге, Тәуелсіздігімізге деген құрмет пен сүйіспеншілігімізді нығайтып, елжандылыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Мектеп, ұстаз, ата-ана бірлігін нығайту. Қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға,сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: карточкалар, мультимедиалық проектор
Күні: 24.01.12 Түрі: танымдық сайыс
Жарысқа қатысушылар: 4 оқушыдан, 2 ата – ана жанкүйер ретінде, әр топта 6 адамнан, барлығы 2 топ қатысады.
Барысы:
І. Ұйымдастыру.Сәлемдесу
Ата-ана, оқушыларды топқа орналастыру, әділ – қазылар алқасымен таныстырып өту, ойынның шарты бойынша сайыс7 кезеңнен тұрады, оқушы жауап бере алмаған жағдайда ғана, ата- ана көмектесе алады.
Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар! Бүгін біз «Тәуелсіз елдің үздік ұландары » тақырыбындағы сайысымызды бастаймыз.
І бөлім Таныстыру. «Жасқыран» тобы және «Жасұлан» тобы.
— Алдымен әр топ атын таныстырып мағлұмат береді.
ІІ бөлім. «Тәуелсіздік белестері»» деп аталады.Шарты: Тақтада 12-ұяшық болады. Әр топ кезек – кезек ұяшықты таңдайды. Сұраққа жауап бере алмаса, ата-аналар жауап беруге болады.
1. ҚР тәуелсіздікті қашан алды. (1991ж. 16-желтоқсан)
2. Еліміздің ғарышкерлерін ата (Т.Аубакиров, Т.Мұсабаев)
3. Қазақ хандығы қашан құрылды және оның негізін қалаған кімдер?
(XV-ші ғасыр ортасында құрылды және оның негізін қалаған Керей, Жәнібек хандар)
4. «Астана-Бәйтерек» монументінің биіктігі қанша және бұл кешенді салу идеясының авторы кім? (Биіктігі-97 м, идеяның авторы Н.Назарбаев)5. ҰОС-на қатысқан қазақ қаһарман қыздары (Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова)
6.Еліміздің намысын қорғаған қандай боксшыларды білесіңдер?
(БекзатСаттарханов, ЕрмаханЫбырайымов, Бақтияр Артаев)
7. Еліміздің астанасы тұрған өзен (Есіл) 8. Ұлттық киімдер қалай аталады? ( тақия, бешпент, қамзол, сәукеле, тон, кимешек т.б)
9.Қазақ халқының салт- дәстүрлерін ата? ( шілдехана, бесік той, тұсау кесу, құда түсу, келін түсіру, қыз ұзату. т.б.
10.Қазақ тілі қай тілдер тобына жатады? (түркі тілдес) 11.30 тамыз қандай мереке? (Конституция күні) 12. ҚР-ның елтаңба авторлары (Шота-Аман Уалиханов, Ж. Мәлібеков) .
ІІІ бөлім. Жұмбақшылар сайысы. Оқушылар жұмбақтарды шешеді, ең көп шешкен топ жеңімпаз атанады, оқушыжауап бере алмаса, ата-аналар жауап беруге болады.
1. Көзге ілінбейді,
Жұтсаң білінбейді. (Ауа)
2. Қолы жоқ, сурет салады, Тісі жоқ, тістеп алады. (Аяз)
3. Киіз үйімнің төбесі
Түбітке толы. О несі? (Бұлттар) 4. Арыстан арқырады,
Орман жарқырады. (Найзағай)
5. Ит сияқты пішіні, Ұнатпайды кісіні (қасқыр)
6.Жерге қазық қақтым Басына айдар тақтым (сәбіз)
7.Жазда жатпай қыдырады. Қыста қыбырсыз тынығады ( аю)
8. Ақ көбелек қонды,
Құстар енді тонды. (Қар)
9. Сатайын десем ауыр кілем,
Сатпайын десем тәуір кілем (Жер)
10. Әуеден күбі түсті,
Күбінің түбі түсті. (Күн күркүреуі)
.
Келесі бөліміміз IV бөлім «Көңілді сұрақтар»Яғни мұнда қай топ бірінші қол көтереді, сол топ жауап береді.оқушыжауап бере алмаса, ата-аналар жауап беруге болады.
1.Қарға үш жыл өмір сүргеннен кейін не істейді. (Әрі қарай өмір сүреді)
2.Ортасынан бөлінген алманың жартысы неге ұқсайды. (екінші жартысына)
3.Қазақстанда үшінші орында, Өзбекстанда екінші орында. (З әрпі)
4.Екі рет дүниеге келеді, бір рет өледі. (балапан )
5.Екі бала екі сағат дойбы ойнады, сонда әр бала неше сағат ойнады. (екі сағат )
6.Кпп – ден автобус қалаға кіріп бара жатқанда, төрт жеңіл машина КПП – ден шықты, сонда қанша машина қалаға кірді. (бір )
7.Менің атым Әлібек, менің әпкемнің бір інісі бар. Менің әпкемнің інісінің аты кім. (Әлібек )
8.Паркте 8орындық бар, оның үшеуі боялды. Сонда паркте қанша орындық қалды. (сегіз)
9.Үйде дайындап,жасауға болады, бірақ жеуге болмайды. (Үй тапсырмасы)
10.Үйсіз қалалар, сусыз өзендер, ағашсыз ормандарды қай жерден табуға болады.(географиялық картадан )
Келесі V бөлім «Ата – аналарға арналған сұрақтар»ата-аналар жауап бере алмаса, оқушыкөмектесуге болады.
1.Қазақстанның жаңа әнұраны қашан, қай жерде тұңғыш орындалды?
(2006 жылы 11 қаңтарда ҚР Президенті Н.Назарбаевтың лауазымын ұлықтау рәсімінде)
2.ҚРПрезидентіболыпқандайадамсайланаалады?
ҚРКонституциясының 41-бабына сәйкес Республика Президентіболыптумысынан Республика азаматыболыптабылатын, қырықжасқатолғанмемлекеттіктілдіеркінмеңгергенәріҚазақстандакемінде он бес жылбойытұратын Республика азаматысайланаалады.
3. .«Үшбәйтерек» дегенімізкімдер?
(ІлиясЖансүгіров, Сәкен Сейфуллин, БейімбетМайлин)4. Қазақстанда қандай білім алу міндетті түрде? ( орта)
5. 18 жасқа толмаған адам (бала)
6. Жасөспірім бала неше жастан бастап қылмыстық жауапкершілікке тартылады? ( 14 жас)
7.«Ата тұрып ұл сөйлесе – ержеткені болар,
Ана тұрып қыз сөйлесе – бойжеткені болар» деп айтқан кім?
(Сырымбатыр) 8. Үш дана кім?
(Абай, Ыбырай, Шоқан)
9. Қарабай Сарыбаймен аңға шықты деп басталатын жырдың кейіпкерлері кімдер?
(Қозы Көрпеш – Баян сұлу)
10. Қазақ халқын дүниежүзіне танытқан М. Әуезовтың қандай шығармасы ( « Абай жолы роман эпопеясы.)
VI бөлім «Қораптың ішіндегі затты тап?»Оқушылар бұл сайыста қораптың ішіндегі арнайы жасырылған затты тауып, тапқан оқушы оны сыйлыққа алады, ал тобына ұпай әкеледі. (1.қорапта «ертегі» кітап, 2.қорапта «дартс» ойыны жасырылды).
VII бөлім « Шешуші кезең » Оқушылар бұл кезеңде еліміздің 14 облысқа қиылған картасын құрастырады. Бірінші құраған топ жеңіске жетеді.
(Көк тудың желбірегені әні орындалып тұрады)
Қорытындылау:Құрметті ата-аналар, оқушылар бүгінгі сайысымызды қорытындылай келе, келіп қатысқан ата – аналарға алғыс білдіремін. Отбасыларыңызға қуаныш тілеймін. Балаларыңыз мына күннің шуағындай болып жайнап тек қуанышқа бөлей берсін! Қорытынды сөз тәрбие ісі меңгерушісіне беріледі. Қызылорда облысы, Қармақшы ауданы, Төретам кенті. №85 орта мектеп 5 «б» сынып жетекшісі дене тәрбиесі пән мұғалімі Мырзалиев Кенжебек Сәрсенбекұлы
Бағалау парағы
Топтардың аты Таныстыру Тәуелсіздікбелестері Жұмбақшылар сайысы. Көңілді сұрақтар Ата – аналарға арналған сұрақтар Қораптың ішіндегі затты тап? Шешуші кезең Барлық ұпайлары
«Жас қыран»
«Жас ұлан»