Без рубрики

Ұстаз-ұлы тұлға

Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп-гимназиясы
Нұрғалиева Бибігүл Жомартқызы
информатика пәні мұғалімі

Ұстазұлы тұлға

1-жүргізуші:

                    Асыл тастан, өнер жастан

                    Шығады деп дарынды

                    Халық  айтса, халық сөзі

                    Әрқашан да нанымды.

                     Сол өнердің жолын қуған

                     Шәкірттердің атынан

                     Шын жүректен қабыл алғын,

                     Сәлем сізге жалынды!

2-жүргізуші:

       Ұстаз! Осы бір сөздің өзінде қаншама мән мағына, күш құдіреті жатыр десеңші! Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаны батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін еккен дихан да, мал бағып, терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де, жез таңдай, күміс көмей әнші де, мың бұралған биші де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған. Сондықтан, ұлағатты ұстаздар, сіздерді төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз. Көңілдеріңіз көтеріңкі болып, шуақты жүздеріңізден күлкі кетпесін деген тілекпен «Ұстаз-ұлы тұлға!» атты сазды бағдарламамызды назарларыңызға ұсынамыз. Қабыл алыңыздар!

1-жүргізуші:

    Абай атамыз: «Ұстазсыз шәкірт-тұл, шәкіртсіз ұстаз тұл»деп адам баласының кісі болып қалыптасуы көбінесе ұстазға байланысты екенін ерекше атап көрсетеді. Ұстаз-әмбебап білімдар, адам жанын терең түсінетін, қадірлі де қастерлі, қасиетті мамандықтың иесі. Ұстаз-өз ісінің шебері, өнерлі, кішіпейіл, мейірімді, қайырымды, ізетті, инабатты жан.

 

 2-жүргізуші: Сөз мектебіміздің басшысы Абдешев Ғабиден Сәуірбайұлына беріледі.

 

1-жүргізуші: Қазақ биі. Орындайтын: Ыхсанова Айдана

Ардақ:

Ұстазым өзің едің асқақ әнім,

Басталған ақ батаңнан жас талабым.

Ұғындым ұлылықтың, даналықтың,

Ұстаздың ұлағатынан басталарын.

Үйретіп бойындағы барын маған,

Сәті жоқ, шаршадым деп дамылдаған.

Сіз дәріс берген алтын ұялардан,

Шығадыау талайталай дарынды адам.

Мөлдір:

Ізгілікті өн бойына жинаған,

Шәкірттерге жан жылуын сыйлаған

Қалап берген іргетасын білімнің,

Мұғалім ол-дүниеде сыйлы адам.

Бекзат:

Жас сәбидей пәк көңіл, балауса  үнді,

Асқақтатқан даңқымен талай шыңды.

Қарапайым қалпымен қамал алған,

Ұстаз-ғұмыр мәңгілік алау сынды.

Өн бойынан қасиет таралатын,

Ұстаз тұлға қадірлі саналатын.

Ғасырларға ғажайып сәуле шашар,

Мәңгілікке жеткізіп аманатын!

 

2-жүргізуші: Ән:Ұстазым. Орындайтын: Еркебұлан мен Мөлдір

Айбат:

Ұстаз деген-өміріңнің шырағы,

Ұстаз деген-білімнің бай бұлағы.

Ұстаз деген-шәкіртіне ой берген,

Жас ғұмырдың тағдырының пырағы.

Нұрлыгүл:

Жанымды менің жайнатып,

Баураған өзің, мұғалім.

Өзіңмен бірге таң атып,

Өзіңмен күліп шығар күн.

Шәкіртің өткен іздерде,

Үмітің гүлдер, мұғалім.

Білеміз ертең бізден де,

Өмірдің талап сұрарын.

Аманжан:

Ұстазым, биігісің биіктердің,

Сүйіктілер ішінде сүйікті едің.

Жемісін біліміңнің аямаған,

Шәкірттерге барыңды жиып бердің.

Өмірге шәкірт үшін келіп пе едің?

Қылығына шәкірттің төзімді едің,

Соны ойлап талай тағдыр көз ілмедің.

 

 1-жүргізуші:

«Қош келдің»,-деп,-балдырған,

Күліп шыққан алдыңнан.

Ұстазыңмен алғашқы

Бірге асасың сан қырдан.

Жүзінен нұр шашылған

Табылатын қасыңнан.

Құрбы құрдастарыңмен

Достастырған асыл жан.

Азамат:

Жүрегінен жан жылуы тараған,

Ұстаздарды қастерлейді бар адам.

Ет жүрегі елжірейді шәкіртке

Айтқан сөзі кетпек емес санадан.

Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан,

Жансыздар әлдилеген шуақты арман

Жатталсын есімдерің жан жүректе,

Адамның аяулысы әні сияқтанған.

Ерболат:

Ұстаздар, қандай ғажап халықсыздар,

Шәкірттерге шыңдай биік алыпсыздар.

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған,

Күндей боп күлімдеген жарықсыздар.

Серікбол:

Талмай ұстаз тәрбиелеп келесіз,

Мәпелейсіз, білім нұрын себесіз.

Қасиетті қайратыңды бойдағы,

Ұрпағыңа мұра етіп бересіз.

Сан жүректің тілін тапқан ұстазым,

Бір өзіңе келе берер ұқсағым

Ізгілік пен адалдыққа баулитын,

Адамдықтың белгісісің ұстазым.

2-жүргізуші:

Ән: Ұстазым. Орындайтын: Ер балалар ансамбльі.

1-жүргізуші:  Академик Зейнолла Қабдолов ағамыздың: «Ұстаздық ету өзіңнің уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау» деген тебіреніске толы әсерлі сөзі ұстаз ұғымының маңызын танытқандай. «Білім алмай болдым деме, еңбек етпей толдым деме!» деген әділ қағиданы ғұмыр бойына ұстанатындыр да жүрек жылуын шәкірттеріне арнаған ұлағатты ұстаздар. Олай болса, ұстаздар қауымын тағы да төл мерекелеріңізбен құттықтаймыз

 

 2-жүргізуші: Жанеркенің орындауында ұстаз туралы толғау.

Жалпы мен ұстаз бейнесін былайша сипаттар едім:Ақыл.Сана.Сабыр.Талас-тартысу.

Мұғалімнің табиғаты жалпы осы.

Бос уақыты:

Ойдан басқа ойы жоқ.

Демалысы:

Әрбір түннің жартысы.

Махаббаты:

Бала және Отаны!

Сүйікті ісі:

Қағаз-кітап қопару.

Ал, кәсібі:

От беру мен от алу!

Қашан көрсең бұл халықтың шат бәрі,

Қашан көрсең күліп бара жатқаны,

Күлетіні бақыттылық нышаны,

Байлықтары:

Шәкірттердің аттары!

Олай болса, осындай аяулы да ардақты ұстаздарымызды әрқашан қадірлей білейік.

1-жүргізуші: 

Ұстаз деген-жүректің батырлығы,

Ұстаз деген-көңілдің ақындығы.

Ұстаз деген-мінездің күн шуағы,

Еш нәрсеге теңелмес-алтындығы!

2-жүргізуші:

Үйретіп алғаш бізге әліппені,

Мұғалім ғылымға жол салып берді

Адамның ой-арманы, мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

1-жүргізуші:  Құрметті ұстаз ағайлар мен апайлар! Біз сіздерден үлгі өнеге аламыз. Сіздерді мақтан етіп жырға қосамыз. Енді өздеріңіз туралы өзегімізден шыққан алғыс сөзімізді тыңдаңыздар!

Айдана:

Сөз сөйлесе жарқын-ақ,

Күніміздей жарқылдап.

Қызық өтіп сабағы,

Өсіреді ой-сананы.

Біздермен ойнап күледі,

Сырымызды біледі,

Қасымызда қашан да

Қамқор болып жүреді.

Кемшілікті кезінде,

Кесіп айтар өзіңе

Өнеге мол өзінде

Өсиет көп сөзінде .

Көңілін хошын ай

Көп шәкірттің досындай

Ақ ниетті, кең пейіл

    Ғабиден ағай, Қонысбай ағай, Өзеркін ағай, Тауман ағай, Кенесары ағай, Әділжан ағай, Айдын ағай, Рүстем ағай осындай.

2-  жүргізуші:

     Біз мектеп қабырғасында жүріп көптеген пәндерді оқимыз. Сол пәндердің ең негізгісі-математика пәні. Сондықтан математика пәнінен дәріс беретін Роза Бегайдарова, Зүбайда Есмағанбетова, Эльмира Адиловаға алғысымыз шексіз.

 

Математика десе ұйқымнан

Шошып түнде ояндым

Теңдеу менен теңсіздік

Шеше алмай қиналам

Соқтыра алмай жауабын

Есептер мені қинадың

Роза, Зүбайда, Эльмира апайлар

Өздеріңізден көмек сұрадым

1-жүргізуші:

Би:Вальс

2-жүргізуші:

     Сонымен қатар, Малика Нұрғалиева, Клара Нұрғалиева, Ханым Бисенбаева, Балжан Мұратқызының арқасында физика пәнінің қыры мен сырына қанығып, күрделі мәселелерді ұғынып келеміз. Ендеше, осынау аяулы да ардақты ұстаздарымызға алғыс білдіреміз.

Физиканың есебін,

Үйрене алмай келіппіз.

Мектепке келгесін

Қиындығын көрдік біз

Малика, Клара, Ханым, Балжан апайлар қаталақ

Сыйлаймыз, әрі қорқамыз

Түсіндірген кезде сабақты,

Риза болып қайтамыз.

 

1-жүргізуші:

    Информатика пәнінің мұғалімдері Роза, Гаухар-ға қызықты да әсерлі сабағы үшін, біздің терең білім алуымыз үшін еткен еңбектері жемісті болсын демекпіз.

Байсалды да салмақты,

Роза апай, Гаухар апай ардақты.

Информатикадан үйретер,

Компьютерді жан жақты.

2-жүргізуші:

Квннан көрініс.

2-жүргізуші:

    Пәндердің арасында есептерінің қиындығымен, элементтер жүйесімен ерекшеленетін айрықша пән-химия. Өзіндік қызығы мен қиындығы қатар жүретін осынау химия пәнінің мұғалімдері Тоғжан апай мен Мәрия апайға өз ризашылығымызды білдіреміз.

Айтатынбыз бұрыннан

Химия деген  қиын ғой

Менделлев көрсеткен

Элементтер қатарын

Үйренсін, білсін дейді ме,

Нығыздап бәрін сұрайтын

 

1-жүргізуші:

Мұғалім! Бұл адамның ардақты аты

Білімділік бар биікке шығар сәтті

Ең алғаш басталады осы адамнан

Сүйеді сондықтан да жақын, жаты,-дей келе, тарих пәнінің оқытушылары Ғабиден ағай, Айнұр апай, Зайтуна апай, Сая апайларға ел болашағы-білімді ұрпақ тәрбиелеудегі еңбектеріңіз жана берсін демекпіз!

Тарих деген-өткен шақ,

Тарихсыз жоқ болашақ

Оны білмей сөйлесең

Атайды құр мақтаншақ

Тарих алға жолдайды

Оқымауға болмайды

Айнұр, Зайтуна апайлар

Оқымасыңа қоймайды.                                      

 

2-жүргізуші:

Ән: «Анажан». Орындайтын: Сағидоллаева Айдана

1-жүргізуші:

    «Жақсы мұғалім-мектептің жүрегі»-деген екен Ыбырай Алтынсарин атамыз. Құрметті тіл және әдебиет пәнінің ұстаздары-Алдабергенова Қойқын, Шәкуқызы Әлия, Ильясова Мәншүк, Сұлтанғалиева Гүлсім, Түшкенова Қарлығаш!Біз сіздер оқытып жүрген пәндерді ардақтаймыз. Әрбір сөздеріңізді ықыласпен ынта қойып тыңдаймыз. Сіздерге жан жақты білім бергендеріңіз үшін алғыс білдіреміз.

 

Пәктіктен, парасаттан  жаратылған

Бір асқақ  тұлғасыздар дара тұлған

Ұлағатты ұстаздарым Қойқын, Әлия, Мәншүк,

Гүлсім, Қарлығаш апайларым

Мейірімі мол, жүрегі кең, жаратылған

Ана тілдің қыр сырын терең білген

Шәкірттердің алғысына бөленген

Ерекше ұстаздар еңбегіңіз еленген

Мерекеңіз құтты болсын бүгінгі

Қабыл алғын шәкірттердің ақ тілегін тілеген

2-жүргізуші: Ән: Үшқоңыр. Орындайтын: 9 сынып оқушылары

1-жүргізуші: Пән атаулының ішінде біздің жан дүниемізді өзіндік сиқырымен баурап алатын, өсімдіктер мен жануарлар әлеміне жетелейтін, жер су, дала, қала аттарымен таныстыратын пәндер-Биология, география пәндері. Біз осы пәндерден білім білік дағдыларын қалыптастырып, өзіндік іскерлігімен көзге түскен Қонысбай ағай, Нұргүл апайды ерекше атап өткенді жөн көрдік. Аяулы ұстаздар! Төл мерекелеріңіз құтты болсын!

Биология, география пәнін біз,

Ерекше ықыласпен оқимыз.

Қонысбай ағай, Нұргүл апайлардың

Айтқандарын жадымызда тоқимыз

2-жүргізуші:

Корей халқының биін қарсы алыңыздар.

1-жүргізуші: Ағылшын пәнінен сабақ жүргізетін Нұрия апай, Нағима апай, Гүлмира апай, Ардақ апайларға деген алғысымыз шексіз. Болашақ ұрпақтың басты мақсаты-өз тілімен қатар, өзге тілдерді де меңгерту. Осы жолда аянбай еңбек етіп жатқан аяулы ұстаздарымызды мерекелерімен құттықтаймыз.

 

Ағылшын тілін білсем ғой

Мүдірмей сөйлеп жүрсем ғой

Күндердің күні болғанда

Лондонға барып келсем ғой

Таңданып маған қараса

Бәрі мені тыңдаса

Нұрия, Нағима, Гүлмира, Ардақ апайларым үйреткен

Дер едім жұртқа мен сонда

2-жүргізуші:

Қолыңнан әр шәкірттің ұшқан түлеп

Сыйлайды, еңбегіне алғыс құрмет

Мақтан!Мақтан!Мұғалім армиясы

Республика түгелдей шәкіртім деп

Білім берген шын ынта пейілімен

Баулыған ұрпақты бар зейінімен

Жасай берсін, ұстазым, жасай берсін!

Даласындай қазақтың пейілі кең!

1-жүргізуші:

     Дорогие учителя! В этот светлый день мы искренне желаем всем вам счастья, творческих дерзаний, огромной любви к детям. Пусть мир и блогополучие царят в ваших семьях. Крепкого здоровья вам и вашим близким. Успехов Вам!

2-жүргізуші:  Хор: «Ұстазым».

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.