Оңтүстік Қазақстан облысы, Арыс қаласы
С. Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебі
математика пәнінің мұғалімі Оспанова Жеңіс Биғалиқызы
Сабақтың ұраны: Біле бер қанша білсен – тағы біле, Жетерсің мақсатыңа біле, біле (Ж.Баласағұн)
Сабақтың тақырыбы: Қысқаша көбейту формулаларын қолдану
Сабақтың презентациясын жүктеп алу: Қысқаша көбейту формулаларын қолдану. Презентация
Сабақтың мақсаттары: Оқушылардың ой – өрісін дамыту, есте сақтау қабілетін шыңдау, ауызша – жазбаша есептеу қабілетін жетілдіру; Есептер шығару арқылы оқушылардың білім, білік дағдыларын дамыту, өз ойын жеткізе білу дағдысын дамыту;
Оқушыларды ұйымшылдыққа, тапқырлыққа, жауапкершілік пен өз еңбегін бағалай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: қайталау, есептер шығару сабағы
Оқыту әдістері: ой тастау, сұрақ – жауап деңгейлік тапсырмалар
Көрнекілігі: интерактивті тақта, көмек қағазы, кеспе қағазы, схемалар