9-сыныпта өткізілген ашық сабақтың сараптамасы

Ақмола облысы, Бурабай ауданы, Оқжетпес орта мектебінің
математика пәнінің мұғалімі Султанова Гүл Балташқызы

Сабақтың тақырыбы: Арифметикалық прогрессияның алғашқы п мүшесінің қосындысы.
Сабақтың мақсаттары:
Оқытушылық: оқушылармен тізбек ұғымын, арифметикалық прогрессия ұғымын қайталап, арифметикалық прогрессияның алғашқы п мүшесінің қосындысын табуға үйрету.
Дамытушылық: оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, пәнге деген қызығушылығын арттыру, көру арқылы есте сақтау қабілетін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілікке, тәртіпке, отансүйгіштікке баулу, еліміздің патриоттары болуға дайындау.
Сабақта қолданылатын көрнекіліктер: мультимедиялық проектор, тестілеу құрылғылары, сазды әуен, Қазақстан Республикасының рәміздерінің суреті, рәміздер туралы мәліметтер, неміс математигі Карл Гаусстың суреті, көрсетілімдер.
•    Сабақта қолданылатын әдіс-тәсілдер: көрнекіліктерді қолдану, практикалық жаттығу жұмыстарын орындау, ішінара ізденушілік оқытудың ақпараттық технологияларын қолдану (интербелсенді тақта, компьютер, тестік құрылғылар, әр тұрлі бағдарламалар), сұрақ-жауап, пікірталас.
Сабақта жүргізілетін жұмыс түрлері: ұжымдық жұмыс, жұппен жұмыс, жеке оқушылармен жұмыс.
Сабақта қолданылатын технологиялар: ақпараттық-коммуникациялық және дамыта оқыту технологиясының элементтері.
Сабақтың түрі: жаңа тақырыпты түсіндіру
Қайталау: тізбек ұғымы, тізбектің берілу тәсілдері және түрлері, арифметикалық прогрессия, арифметикалық прогрессияның айырымы, п-ші мүшесінің формуласы, қасиеті.
Оқушылардың білім деңгейін бақылауға араналған жұмыс түрлері:
Ауызша сұрақтар, тест, шығармашылық тапсырма орындау.
Сабақтың құрылымы және оның әр түрлі кезеңдерінде оқушылардың құзіреттілігін қалыптастыру жайында:
1.    Ұйымдастыру кезеңінде оқушылардың ішкі және сыртқы психологиялық дайындығы анықталады, яғни оқушының психологиялық құзіреттілігі қалыптасады.
2.    Өткенді қайталау кезінде оқушының жеке тұлғалық даму құзіреттілігі қалыптасады, яғни оқушы өзінің білімін дұрыс көрсетуге тырысады.
3.    Тестік жұмысты орындау кезінде оқушының оқу-танымдық құзіреттілігі, ақпараттық құзіреттілігі қалыптасады.
4.    Ауызша жаттығулар орындау кезінде оқушының коммуникативтік, әлеуметтік-мәдени құзіреттіліктері қалыптасады.
5.    Жаңа деректер алған кезде ақпараттық-танымдық құзіреттіліктер қалыптасады.
6.    Шығармашылық тапсырма орындаған кезде құндылық, мазмұндық, танымдық құзіреттіліктері қалыптасады.
7.    Тақтада жұмыс кезінде ойлау құзіреттілігі, мәдени құзіреттілігі қалыптасады.
8.    Сабақтың қорытындысын жасаған кезде оқушы психологиялық жеңілдікті сезінеді.

Бұл сабақ арифметикалық прогрессияның алғашқы мүшелерінің қосындысын табу формулаларымен таныстыру сабағы болды. Сабақта формула тарихи мәліметтерге сүйеніп, Карл Гаусс есебімен байланыстырылып, қорытып шығарылды. Тақырып өмірмен байланыстырылған есеппен бекітілді және жұптық жұмыста оқушылар осы формуланы қолдана білу машықтарын қалыптастырды.
Сабақты жоспарлау барысында тапсырмалар ешқандай оқушы жұмыссыз қалмайтындай етіп құрастырылды.
Сабақтың мақсатын оқушылар өздері анықтады, әр кезеңде белгілі бір жұмыс түрі орындалып отырды.
Сабақта қолданылған әдіс-тәсілдер сабақтың негізгі мақсатына жетуге жақсы көмек берді деуге болады, себебі, сабақтың әр кезеңіне бөлінген уақыт оқушылардың дайындық деңгейіне сай және бір кезеңнен екінші кезеңге өту еш қиындық туғызған жоқ.
Сабақта психологиялық климат өте жақсы болды, оқушылар өздерін еркін ұстап, өз ойларын ашық жеткізе білді.
Менің ойымша, сабақта қойылған мақсаттардың бәрі орындалды.
9-сыныпта барлығы 12 оқушы бар. Соның үшеуі ғана 1-тоқсанды «3»-ке аяқтады. Сыныптың үлгерім сапасы 75%-ды құрайды.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше