Астана қаласы, № 68 орта мектептің технология пәні мұғалімі,
Аға тәлімгер Есенберлина Сағыныш
Білімділік мақсаты: Қазақ халқының музыкалық мұрасы- домбыраның түрлері, домбыраның құрылысы жөнінде мағлұмат бере отырып, домбыраны жазықтықта салып үйрену.
Дамытушылық мақсаты: оқушылардың халық мұрасын танып бейнелеп, үйренуге деген қызығушылығын арттыру. Домбыраны дұрыс жазықтықта бейнелеуді қалыптастыру.
Тәрбиелік мақсаты: домбырының үні құпия, сиқырлы, әсем болса, оны бейнелеп, жасау соншалықты сан алуан шеберлік пен қажырлы еңбек етудің нәтижесі екенін ұғындыру арқылы оқушылырдың ұлттық сана – сезімін оятып, қазақтың қара домбырасының асыл қасиетін қастерлей білуін ұғындыру.
Сабақтың түрі: Экскурция сабағы.
Өтілетін орны: Қазақ Ұлттық Академиялық кітапханасы, өнер бөліміне экскурция жасау.
Сабақтың көрнекілігі: Домбыра, оқулықтар, СD дискісіндегі “Балалық шақ” күйі. Слайд.
Сабақты басталмас бұрын кітапханаға экскурция жасалады. Оқушылар танысып болғаннан кейін, өнер залына өтеді.
Сабақтың жүру барысы:
Ұйымдастыру кезеңі: (3 мин)
І. Оқушылармен амандасу! Сабаққа дайындығын байқау. (3 мин) Осы жерде “Балалық шақ” күйі орындалады.(3минут) Жаңа біз қандай музыка тыңдадық? (оқушылар жауап береді) бұл әуен қандай аспапта орындалып тұр? (оқушылар жауап береді) “Қазақтың қара домбырасын” барлығымыз білеміз. Ш. Сариевтің домбыраға байланысты өлең шумақтарын оқып берейін:
Бабамыздың мұңысың сен домбыра,
Анамыздың сырысың сен, домбыра,
Қазағымның жүрегінен жаралған,
Даламыздың үнісің сен, домбыра!
І. Жаңа сабақ:
Бүгін біз домбыра туралы білімімізді толықтыратын боламыз.
Ең алдымен домбыраның шығу тарихы мен таныстырайын. (мұғалім оқушыларға домбыраның шығу тарихы мен аңызы туралы айтып береді.Домбыраның суреті слайдтта көрсетіледі.)
Домбыра — ерте заманнан бері халқымызбен бірге келе жатқан, оның рухани жан серігіне айналған музыкалық аспаптардың бірі. Домбырыда күй, терме, ән қосылып орындалады. Күй,терме – қазақ халқының музыкалық мұраларының бірі. Ол әр түрлі аспапта орындалуына байланысты қобыз, сыбызғы және домбыра күйлері деп аталады. Домбыра екі, кейде үш шекті шертіп немесе қағып ойнайтын музыкалық аспап ретінде танымал. Қазақ жерінін әр өлкелерінде тұратын халық шеберлері домбыраны өз қалауынша әр түрлі үлгіде жасады. Оған қайың, қарағай, жөке, шырша, үйеңкі ағаштарын пайдаланған.
Домбыраның шанағын бөлшек ағаштардан ойып жасады. Алғашқы кезде перне саны 5-7 дейін болса, кейін 9- 19 дейі жеткен. Қазақстан жерінде домбыра пішіні түрлі болған.
Мысалы: Оңтүстік пен батыс өлкелерінде сопақшаланып немесе дөңгеленіп келсе, ал орталық, сол түстік және шығыс өлкелерінде, көбіне домбыра шанағының бұрыштары үшкірленіп жасалынған.
6000 жылдық тарихы бар аспапты қазіргі таңда шеберлердің әр қайсысы өзінің білгенінше дайындап жатыр дейді маман. Алайда оларға ешқандай кінә таға алмайсын, себебі бұл аспапты дайындаудың әлі күнге дейін мемлекеттік стандарты жоқ. Ал стандарт болу үшін арнайы зерттелуі қажет. Жұмагелді Нәжімеденов егер зерттеу жұмыстары жүзеге асырылатын болса, ежелгі домбыраның үні қайта оралар дегенді айтады.
Домбыра аспабының шығу тегін зерттеуде аңыз — әңгімелерге жүгінуге болады. “Ертеде бір хан кедей жігітпен көңіл жарастырғанын сезіп қалады да жігітті дереу дарға астырады. Екі қабат болып қалған қыз мезгілі жетіп босанады. Оны аңдыған мыстан кемпір егіз баланы көз көрмес, құлақ естімес, алыс жерге апарып, жап – жасыл үлкен бәйтерек басына ұлды батысқа, қызды шығысқа қаратып іліп кетеді. Сәбилердің көз жасы тамған бәйтерек солады, жүрегі тоқтаған нәрестелермен бірге ағаш та қуарады.
Қаңқу әңгіме халық арасында жата ма, оны естіген ана егізін іздеп жолға шығады. Жолдан шаршаған ана ағаш түбіне келіп, демалады Құлағына күмбірлеген сарын естіледі. Қайдан шығатын әуен екенін білгісі келіп ағаш үстіне шығып тыңдаса, жаңағы бәйтерек сынып кетеді. Ағаштың түбінен басына дейін іші қуыс екенін көреді. Екі басына бұтақтан – бұтаққа керіліп қалған ішектерді көреді.Екі ішек самал желмен тербеліп, одан әуен шығады екен. “Егіз құлынымнан қалған жұрнақ осы болар”деп сол ағаштан аспап жасап алады. Батысқа қараған ішегі бостау, шығысқа қараған ішегін қаттылау керілген екен. “Астыңғы ішек – жіңішке дауысты қызым Зарлық, ал үстіңгі ішек – бос қоңыр дауысты ұлым Маңлық болсын” деп екі ішекке ат қойып, домбырасын тартып, күй шығарып кеткен екен” дейді аңыз — әңгіме туралы еңбегінде этнограф Өзбекәлі Жәнібеков.
Зерттелген деректерге байланысты Кемел Ақышев бастаған бір топ ғалымдар домбыраны нелит д.д.4000 жыл бұрын тастарға сылынып, ең алғаш қыпшақнотасымен таңбаланған деседі.
Ол қазақтың этнограф — ғалымы Өзбекәлі Жәнібековтың домбыра туралы зерттелген еңбетерімен таныстырады….
Халқымыздың күйші – домбырашыларымен және олардың шығармашылық өмір баянымен танысады.
1. Құрманғазы
2. Дина
3. А. Мұсағалиев
4. А. Қоразбаев
Портреттері көрсетіліп, жалпы шолу жасау. Олардың еңбегімен танысу және оқушылармен әңгімелесу. Қазіргі XXІ ғасыр мукасымен байланыстырып мысал келтіріп “Ұлытау” тобы жайлы айтып кетуге болады. Оқушыларға сұрақ қойылады.
Оқушылар бізді бүкіл әлемге танытып жүрген қай топты білесіңдер? (оқушылардың жауабы “Ұлытау” тобы.) Яғни олардың музыкалары қазіргі заманға сай етіліп жазылған. Орындалатын күйлерінде электрондық гитара, скрипка және қазақтың ұлттық домбырасы.
Қорытынды:
Сұрақ – жауап арқылы бүгінгі сабақты бекіту.
1. Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра деп не атаған?
2. Домбыра жасау үшін қандай ағаштарды пайдаланған?
3. Күйші кімдерді білесіңдер?
4. Домбыраның неше жылыдқ тарихы бар?
Сабақтан алған әсерін қағаз бетіне түсіріп 5 – 6 сөйлемнен тұратын эсее жазып береді. (3 мин)