Әлкей Марғұлан атамыздың туған күніне арналған салтанатты жиынның сценарийі

Астана қаласы, № 68 орта мектептің технология пәні мұғалімі,
Аға тәлімгер Есенберлина Сағыныш

Әлкей Марғұлан атамыздың туған күніне
арналған салтанатты жиынның сценарийі

•    1 – ші жүргізуші:
Армысыздар құрметті ұстаздар мен оқушылар. Академик Әлкей Марғұланның туған күніне орай ұйымдастырылып отырған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз.  (ҚР әнұраны орындалады)

•    2 – ші жүргізуші:
Құрметті ұстаздар мен оқушылар бүгін біз Ғұлама ғалым Академик Әлкей Мрағұланның өмір баянымен, өмір жолымен танысамыз.

•    1 – ші жүргізуші:
Халқымыздың тарихын, мәдени шеіресін жалықпай зерттеп, том – том бағалы кітаптар жарияланып, біміл қорының молаюына ықпал жасап, кеменгерлердің ең көрнекшілерінің бірі – АКАДЕМИК ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН. (оқушылар ортаға шығады)

1 – оқушы:
Әлкей Марғұлан… бұл есімді жеке дара атай алмаймы. Баянауыл өңірінде туып, ерте есейген Әлекең болашақ даналар: Ұлы Мұхтар, ұлы Қаныш, ұлы Жүсіпбектермен бірге өсті. Кешегі Абай, Шәкәрім мұрасы жол сілтеді. Ленинградта оқып, дана Шоқан өткен жолды көрді. Осылайша Әлкең көп білетін әмбебап ғалымға айналды.  Тарихтың, шежіренің сәулет өнерінің, заттық мәдениеттің көзден таса, көңілден ұмыт қалып қойған есекерткіштерін бүкіл саналы өмірінде ерінбей іздеумен болды.
2 – оқушы:
Ғалым еңбектерін оқшау оздырып көрсететін ерекшелік оның белгілі бір тақырыпты талдауда асса – әлемдік, қалса – түркі моңғолдық кеңістіктегі деректерді трихи- типологиялық жағынан салыстырып тексеретіндігі. Бұған Қорқыт туралы ізденістер куә. Оның жаһанның ғылыми жұртшылығына мәлім «Дәде Қорқыт кітабы»  атты оғыз – түрік эпосына негіз болған дәуір шындығын қазақ арасына таратқан Қорқыт туралы аңыз – әңгімелер аясында кеңінен зерттеген бірден – бір ғалым екендігін мақтанышпен айтуымыз керек.
3 – оқушы:
Әлкей Марғұланның аса көрнекті еңбектерінің бірі – оның Манас туралы зерттеуі. Ғұлама ғалымның арқасында қазақтың өайталанбас жұлдызы Шоқан Уалихановтың асыл мұрасы тарихтан лайықты орын алды. Бір ғұлама татарлық осы еңбектің өзі ғана оның есімін тарих тозаңынан тыс ұстай алар еді. Алайда, Әлкей Марғұланонымен шектелген жоқ. «Беғазы – Дәндібай мәдениеті» деп аталып кеткен қола дәуірінің ескерткіштерін зерттеп, архиялогиялық және тарихи жаңалық ашып, кейіінгі ұрпаққа, әлемдік ғылымға мұра етіп қалдырды.
5 – оқушы:
Ол өзінің даласына деген сүйіспеншілігін өмірінің соңына дейін тұмардай сақтап, оны иманына айналдырды. Қарқаралы, Бянауыл, Ұлытау, Байқоңыр бойындағы тас мүсіндердің, таңбалардың тарихын зерттеуін қазақ ғылымына қосылағн өлшеусіз еңбек деп білеміз.
Сыр, Талас, Шу бойындағы Отырара, Тараз, Сайрам, Сыңанақ қалалары арқылы көне тарихи құпияларының сырын ақтарды.

•    2– ші жүргізуші: «Атаның сөзі, көненің көзі» дей отырып Әлкей Марғұланның тірі кезінде жазылып, мұрағатта сақталған жанды дауысына назар аударайық! (Әлкей Марғұланның жанды дауысы)

•    1 – ші жүргізуші:
Халық тарихында, оның мәдениеті мен ғылымында өшпес, өнегелі із қалдырған дана ойшылдар, білімпаз қайраткерлер, қашан да сол халақтың өзімен мәңгі бірге жасайды демекші ұлы даналардың  – Академмик Әлкей Марғұлан  туралы айтқан пікірлеріне құлақ салсақ:

1 – оқушы:
Әлкей  Хақанұлы Марғұлан өзінің бүгінгі қуанышы мол еңбек жолымен мұнан 58 жыл бұрын, 1926 жылы 22 жасында тұңғыш ғылыми экспедициясымен батап еді.  Әлекеңнің жан – жақты баға жетпес қыруар еңбектерін еске алсам, көз алдыма балбал тасты ұшы – қиыры жоқ қазақтың байтақ даласы, өзіндік архетектуралық құрлысқа бай қалалары, Әлекең еңбегі арқасында шешуін тауып, бүгінде көкіректе сайрап тұрғ ан қыруар жұмбақ сырлары елестейді.
СССР халық суретшісі Қанапия Телжанов:
2 – оқушы:
Әлекеңнің бейнесі әлгі күнге дейін көз алдымда. Кере қарыс маңдайлы, бір кездегі қалың бұйра шашы бозамық тартып, қос самайға сырғып кеткен кезі, аз – мұз тотыққан дауысы бәсең шыққанымен, әңгіменің мазмұнына орай сан қилы құбылатын. Жаймен ағатын арнасы кең өзендей , өткен – кеткен небір ғажайып оқиғаларды тыңдаушыға түйдек – түйдегімен тастап жататын. Ызғарлы қысы мен жайма шуақ жазы бар, құлар ойы мен шығар биігі бар ұзақ өмір жүйрік көңіліне жүген сала алмағандай көзінен отын алса да, ақыл –  ойын, арманынан ала алмағандай көрінуші еді.
Шоқан Уәлиханов
3 – оқушы:
«Мен өмірімнің ең жеміс беретін шағын, қайрат – қуаты мол жылдарынан Шоқанды әлемге танытуға арнадым. Шоқан көп адамдар өмірін арнауға тұратын жан. Ол өте алғыр, ұщықыр ойдың иесі еді, оның еңбегін ұрпаққа тугел жеткізбеу обал болатын болды».

Әлкей Марғұлан

4 – оқушы:
«Әлекеңнің, сөйлеу, ойлау толғау ырғағында Мұхтар а,амен үндестік бар еді. Ғажайып ойшылдардың лықылдап келіп тұрған ойлары оларды әуелі іркілтіп тастайтындай көрінетін. Ойлар орын – орнына келіп, кешікпей тұжырымдар ағыл тегіл төгіліп, теңіздегі толықындардай жарға соғатын».
Манаш Қозыбаев
5 – оқушы:
Ілім саласында адамдар көп болғанымен тым мағынасындағы ғалымдар сирек болды. Ертеде ғылыми дәстүрлер болмаған біздей халықтарда жайдақ белсенділер де, аз болмады. Ал сіз болсаңыз, шын мағынасындағы Ғалымсыз, өз алдына дәстүріңіз бар Ғалымсыз. Бүкіл өмірді қалтқсыз, қалдықсыз ғылыми зерттеушілікке бермей, ғалым болу қиын.
Ілияс Омаров
6 – оқушы:
Дарынды Әлкей  Хақанұлы Марғұланның ұстаздық қыры кім – кімді де мол ғибратымен, көшпелі парасат – пайымымен тәнті  етеді. Бүгінгі сан тарау болып болып өріс алған тарих, этнография, археология, фольклористика, архитектура мен қол өнер тарихы сияқты ғфылым салаларында Әлекеңнің де өзіндік із сайрап жатыр. Әсіресе, сол салаларда танымал болған ондаған тіптен жүздеген ғалымдар Әлекеңнің алдын көріп, ұлағатты ойларынан сусындағаны анық.
«Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні бар» десек, Әлкей Марғұлан атамыз бүгінгі таңдағы тарих, этнография, археология, фольклористика, сияқты ғылым салаларының Қазақстандағы алғашқы қарлығаштарының  бірі ғана емес, сол салада жемісті еңбек етіп жүрген талай ғалымдарымыздың ұлағатты ұстазы.
Уалихан Шалекенов,
Тарих ғылымының докторы,професор.

2 – ші жүргізуші:   Ғұлама ғалымның қазақтың тарихы мен әдебиетінің дамуына зор үлес қосқанына ақындар да бағалап, пайымдай білді. Ендеше Этнограф, филолог, археолог бір сөзбен айтқанда Ғұлама ғалым Әлкей Марғұланға    арналған өлеңдерге жолдарына кезек берейік.

АКАДЕМИК ӘЛКЕЙ МАРҒҰЛАН
Ғафу Қайырбеков
Білмейтін байдан ба, жарлыдан
Дүниеге туып бір қалды ұлан
Туды да «білім» деп салды ұран –
Ашылып кең сарай алдынан-
Жас – бала – Әлкей Марғұлан

Жер – көктің тарихын қамтыған
Талай теңдерді шындаған,
Шешем – деп тосыннан «салды лаң»
Халайық боп қалды таң бұған –
Жас жігіт  – Әлкей Марғұлан
Ісләм Жарылғапов (Әлекеңе арнау)

Әлкей Марғұлан маршы.
Сөзі: Ербол Ісләмұлынікі
Әні:  Жұмағазы Какімжановтікі
Орындайтын Хор

•    1 – ші жүргізуші:
Сондай ақ «атадан мал  қалғанша, тал қалсын» дегендей Әлкей Марғұлан мұрасы ретінде  Астана қаласындағы сіздер мен біздер білім алып отырған білім ордасы, аталмыш мектепте Әлкей Марғұлан музейі ашылып, онда атамыздың көп деген жәдігерлері сақталған.

Әлкей Марғұлан мектебі

Көрген қазақ талай нәубет,
Талай жарды сұлама,
Тірісінде сыйламасаң,өлген кезде жылама
Бар ғұмырын ғылымға кіл арнаған,
Марғұлан шын бекзат болмыс ғұлама.

Қалай ғана тебіренбей қаласын,
Азапты да, тозақты да көрген арда алашым.
Өрмелесең өрге жүзіп жеткізбес.
Марғұлан ғой Эверестей дара шын.
Бақытжан Тобаяқов

•    2 – ші жүргізуші:
Құттықтау сөз мектебіміздің директорына беріледі.
•    1 – ші жүргізуші:
Құрметті оқушылар мен ұстаздар сіздерді қазақтың бір туар азаты, археолог, энограф, ғалым бір сөзбен айтқанда АКАДЕМИК ӘЛКЕЙ  ХАҚАНҰЛЫ МАРҒҰЛАННЫҢ туған күн мекесімен құттықтай отырып қош сау болыңыздар дейміз!

Комментариев нет

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше