Без рубрики

АҚШ. Канада

БҚО, Қаратөбе мектеп-гимназиясының тарих пәні мұғалімі
Баймулдина Айнұр Асылбекқызы

Сыныбы:Тақырыбы: АҚШ. Канада
Сабақтың мақсаты:
—    ІІ дүниежүзілік соғыстан кейінгі АҚШ-тың саяси,әлеуметтік-экономикалық даму ерекшеліктерін әкімшілік саясатымен байланыстыра отырып талдау. Канада туралы ақпаратты өз бетімен меңгерту.
—    Мемлекеттік саясаттың маңызын аша отырып, мәліметті саралау, қорытынды жасау қабілетін шыңдау.
—    Бірлесіп ойлауға, белсенділікке, алға ұмтылуға жетелеу.
Құрал-жабдықтар, көрнекілігі: интерактивті тақта (презентация), карта, кесте, президенттер суреттері
Сабақ түрі:  мультимедиялық сабақ
Сабақ типі: жаңа білімді меңгерту
Әдісі : ой қозғау, талдау, кесте толтыру, тест, семантикалық картаБарысы:
І. Қызығушылықты ояту. Ой қозғау
—    АҚШ  ІІ дүниежүзілік соғыстан қалай шықты? Мемлекеттің даму бағыты қандай болмақ? (слайдтың басты бетіндегі    — белгісінен ақпарат ала алады)
ІІ. Мағынаны тану. Кубизм (талдау)
1. Слайдтағы президент суреттерін таңдау арқылы жаңа материалмен танысады.
2. Кесте толтыру   (слайдтағы          белгісін басу арқылы орындап, болған соң тапсырманы тексере алады)

Мемлекет
басшысы    Уақыты
Партиясы
Белгілі болуының мәні

Г.Трумэн    1945-52 жж.        Әділетті бағыт
Эйзенхауэр    1952-60ж        Маккартизмнен бас тартуы
Дж.Кеннеди    1960-63ж        Жаңа дәуір
Л.Джонсон    1963-68 ж.        Кедейшілікпен күрес
Р.Никсон    1968-74 жж.        Уотергейт жанжалы
Д.Картер    1976-80 жж.        Кеңес-американ қарым-қатынасы
Р.Рейган    1980-88 жж.        Рейганомика
Дж.Буш    1988-92 жж.        Стратегиялық қаруды қысқарту
Б.Клинтон    1992-2000 ж        Үшінші жол
Дж.Буш    2000-2008 ж.        Парсы шығанағындағы мәселе
Б. Обама    2008 ж.

2. Тақырыптық сұрақтар.(слайдтағы            белгісін басу арқылы орындайды)

1.1945ж.12 сәуірде Ф.Рузвельттің қайтыс болуына байланысты кім президент болып сайланды? (Г.Трумэн)
2. АҚШ-тағы 1947 ж.шыққан Тафт-Хартли заңының мәні? (Кәсіподақ, ұйымдар құру, ереуілдер ұйымдастыру құқығын шектеді)
3.”Трумэн доктринасы”қашан қабылданды? (1947 ж. наурыз)
4.”Маршалл жоспары”қашан қабылданды? (1947 ж. 5 маусым)
5.1948-1952 ж.ж. жүргізілген “Маршалл жоспары” барысында АҚШ қанша қаражат жұмсады? (13 млрд)
6.1948 ж. президеттік сайлауға Г. Трумэн қандай бағдарламамен шықты? («Әділетті бағыт»)
7.1950-1953 ж.ж. АҚШ-тағы антикоммунистік қозғалыс қалай аталды? (Маккартизм)
8.1950 ж.АҚШ қай елге өз агрессиясын бастады? (Корея)
9.ХХ ғ. II жартысындағы АҚШ президенттерінің ішінде бұрын екі партияда да болмаған тәуелсіз тұлға болды.Ол кім? (Эйзенхауэр)
10.1951 ж.генерал Д.Эйзенхауэр Еуропадағы қандай ұйымның басшысы болды? (НАТО)
11.1960 ж. президеттік сайлауда Дж.Кеннеди қандай бағдарламамен жеңіске жетті? (Жаңа дәуір)
12.Кімнің тұсында “Әлемдік корпус” –“үшінші елдерде“ экономика, денсаулық саласында жұмыс істейтіндер ұйымын құрды? (Дж.Кеннеди)
13.Дж.Кеннеди 19 Латын американдық ел қабылдаған қандай бағдарламаны ұсынды? (Даму жолындағы одақ)
14.1963 ж.22 қарашада Даллас қаласында Дж.Кеннеди кімнің қолынан қаза тапты? (Освальд)
15.Дж.Кеннедидің өлгеннен соң орнына кім отырды? (Л.Джонсон)
16.АҚШ-та кемсітушілікке қарсы қозғалыстың жетекшісі болған,1968 ж. сәуірде нәсілшілдердің қолынан қаза тапқан атақты қоғам қайраткері? (Мартин Лютер Кинг)
17.1969 ж. айға қонған американдық астронавт? Армстронг
18.1975ж.кеңес және американ бірлескен космос корабльдерін ата? Союз, Аполлон
19.Президент Р.Никсон үкіметі қандай соғысты тоқтатуға мәжбүр болды? (Вьетнамдағы)
20.АҚШ-тың ұлы державалық беделінің төмендеуіне не әсер етті? (Вьетнамдағы соғыс)
21.Президент Р.Никсонның 1974 ж.қызметтен кетуіне себеп болған оқиға? (Уотергейт жанжалы)
22.АҚШ 1980 жылғы қандай олимпиадаға байкот жариялады? (Мәскеудегі)
23.АҚШ пен КСРО арасындағы орта және қысқа қашықтықтағы зымырандарды жою туралы келісімшарт жасалған уақыт? (1986 ж. желтоқсан)
24.АҚШ президенті Р.Рейган қандай бағдарлама ұсынды? (Рейганомика)
25.АҚШ-та болған қайғылы оқиға уақыты? (2001 ж. 11 қыркүйек)

ІҮ. Толғаныс.
1. Семантикалық карта.
— Билеушілер мемлекеттік саясаттың қай саласында басымдық танытты?
Мемлекет басшысы    Экономикада    Әлеуметтік өмірде    Сыртқы істерде
Г.Трумэн
Эйзенхауэр
Дж.Кеннеди
Л.Джонсон
Р.Никсон
Д.Картер
Р.Рейган
Дж.Буш
Б.Клинтон
Дж.Буш
Б. Обама

Ү. Бағалау.
—    Белсенді қатысып, нақты жауап ұсына білген оқушылар;
—    20 сұрақтан жоғары дұрыс жауап берген оқушылар;
Үй тапсырмасы: — Тақырып соңындағы сұрақтар мен тапсырмалар
— «Канада» тақырыпшаны өз беттерімен оқып, тест сұрақтарын құру
Жеке оқушыларға тапсырма: «Кіші Дж.Буш және әлем елдері»,
«Б.Обама және АҚШ» хабарлама
Пайдаланылған әдебиеттер:
1.    Әрекеттегі RWCT философиясы мен әдістері, С.Мирсеитова, Ә.Іргебаева, Алматы,2006ж.
2.    Мир в ХХ веке. Под ред. Сороко-Цюпы, 1996 г.
3.    Б.Алышев. «Дүние жүзі тарихы» (анықтама материалдары), 2009 ж.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.