Талап Сұлтанбеков «Ғажайып планета»

Қызылорда қаласы, Қаракөл ауылы, №39 «Қызылөзек» орта мектебінің
қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі Сапаржанова Лаура Айдарбекқызы

Сыныбы: 6 сынып
Сабақтың презентациясын жүктеп алу: Талап Сұлтанбеков «Ғажайып планета» (PDF)
Сабақтың тақырыбы: Талап Сұлтанбеков «Ғажайып планета»
Мақсаты:
1) Білімділік: Талап Сұлтанбековтың өмірбаяны жайлы мәлімет беру. Фантастика жайлы мағлұмат беру. «Ғажайып планета» әңгімесін оқып түсіндіру.
2) Дамытушылық:  Өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру. Тұлғаның жеке қабілетіне әсер ету арқылы іздену әрекетін дамыту.
3) Тәрбиелік: Өз ойын дұрыс айта білу негізінде әдемі сөйлеуге баулу, ұжымшылдыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі:  Жаңа материалды игеру.
Сабақтың көрнекілігі: Анимациялық слайдтар, суреттер
Сабақтың әдісі: Сұрақ-жауап, әңгімелесу, талдау.
Сабақтың типі: Дәстүрлі сабақ
Пайдаланылған әдебиеттер:
1/ 6 сынып оқулығы
2/ методикалық құрал
3/ Т.Сұлтанбеков «Шахмат»
4/ Қазақ тілі мен әдебиеті журналы
5/ Түсіндірмелі сөздік
Пәнаралық байланыс:
Қазақ тілі, тарих
Сабақ барысы

І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу.
Түгендеу. Сынып тазалығына қарау. Сабаққа керек заттарды дайындау. Оқушының назарын сабаққа аудару.
ІІ. Өтілген сабақты еске түсіру.
–    Үй тапсырмасын тексеру;
–    Өтілген сабақ бойынша сұрақтар:
1)    «Қызыл жебе» деген не?
2)    Неге Тұрар Рысқұлов емес Қырғызбаев болып мектеп бітірді?
3)    Жағымсыз кейіпкерлерді атаңыз
4)    Тұрар Рысқұлов туралы не білесіз?
5)    Аспара деген не?
6)    Тұрардың әкесі туралы не білесіз?

Санкт-Петербургтық мұғалім И.Ильин:  «Мен түсінген нәрсені мені бірге жұмыс істеген оқушы да түсіне алады».

ІІІ. Жаңа сабақ барысы.
–    Сіздер фантастикалық кинолар мен әдебиеттер оқисыздар ма?
–    Қандай фантастикалық кітаптар оқыдыңыздар?
–    Фантастика дегеніміз не?
Фантастика – көркем бейнені ой елестерінен, қиялдан шығарып, шындықты табиғи қалыптан тыс әсерелеп көрсететін шығарма.
– Фантастика жазатын адамдарды қалай атаймыз?
Фантаст – шығармасын ой елестерінен қиялдан шығарып, шындықты табиғи қалыптан тыс әсірелеп жазатын жазушы.
– Фантастика жазушыларды білеміз бе?
Талап Сұлтанбеков, Шоқан Әлімбаев, Абдул-Хамит Мархабаев
Бүгін біз Талап Сұлтанбековтың «Ғажайып планета» атты әңгімесін оқимыз.
Талап Сұлтанбеков 1930 ж. Алматы облысының Ақсу ауданында мұғалімдер отбасында дүниеге келген. Алғашқы шығармаларын спорт тақырыбына арнаған. Жас өспірімдерге арналған «Көшпелі алтын», «Жүрек тулайды», «Жұлдыз ат», «Лұқпан Хакім», «Тізгін», «Темір еліне саяхат» әңгімелері оқушыны киялға, арманға жетелейді.
Анасы – Дәмеш Берсүгірова үлгілі ұстаз. Ілияс Жансүгіровтың туысқан ініс – Талап Сұлтанбеков. Ол дойбы ойыны жөнінен мастерлік кандидат, дойбыдан және тоғыз құмалақтан Қазақ ССР-нің экс-чемпионы. Шахмат, дойбы, тоғызқұмалақ ойындары бойынша республикалық категориядағы төреші және республикалық федерациясының мүшесі.
Полигон ошағы Семейдегі Абыралы ауданының орталығы Қайнар ауылына жолдамамен мұғалімдік қызметте тұрады.
Талап Қайнарда өткен жылдарын: «Қайнар шын киелі жер, қасиетті ел екен. Менің фантаст жазушы болуыма Абыралының тауы мен тасы себепкер болды. Тау биігі қиялымды шарықтатып, ұшар қанатымды қолдаған-ды. Қайнар мен үшін айтып, сөзбен жеткізе алмастай өміріне бет бұрыс, жаңалық ашқан мекен».
Қайнарда жүргенде денсаулығына радияция сәулесінен дақ түскен Талаптың көп жылдар бойы азап тартып келе жатқанын былайғы жұрт біле бермейді.
1)    Планета туралы ұғым беру;
2)    Жаңа сөздермен таныстыру;
3)    Топтарға бөліп, әр оқушыға бөліп беру. /7 минут оқуға беріледі/;
4)    Әр топтан 2-3 оқушыдан түсінгенін айиады.
Шығарманың мазмұнын өздері оқып, оқыған үзінділеріне ат қойып, дәптерлеріне жаза отыратынын ескертемін. Яғни рейтингілік тізбені оқушылар өздері жасайды. Келесі сабақта осы тезистер арқылы әңгіме мазмұны баяндалады.
1)    «Байқоңыр – 12» өзіне жүктелген тапсырманы орындап, зулап келеді.
2)    Экипажға төнген қауіп
3)    Электронды мидың хабары мен көмегі
4)    Әлем картасының көрінісі
5)    Ең таяу қос жұлдыз шоғырына бұрылу жөніндегі ұйғарым;
6)    Шіркін, үстінде өмір бар ма?
7)    Орталық ғарыш стансасы бұйрығының сөзсіз орындалуы керектігі
8)    Орбитаға қаптаған ұсақ денелер;
9)    Биолог ТТұрановтың қуанышы;
10)    Космос балықтарын қызықтау
11)    Турановқа әсер еткен белгісіз күш
12)    Кибердің келгені, қондыруы
13)    Бөгде планетадағы тіршілік
14)    Ғалым Тұрановтың зерттелуі.
15)    Сыртқы экспедицияға шығуға дайындық.

ІҮ. Жаңа сабақты қорытындылау.
Бекіту сұрақтары:
1/ Қандай фантаст жазушыларды білесіңдер?
2/ Талап Сұтанбековтың қандай еңбектерін білесіздер?

Білемін    Білгім келеді    Үйрендім
Фантаст жазушылар
Фантастика    Талап Сұлтанбеков
«Ғажайып планета» әңгімесі    Өмірбаяны, ұстанымы, ұрпақтары. Кибер планета, ғарыш терминдері

Ү. Бағалау. Мадақтау
ҮІ. Үйге тапсырма: Оқып, мазмұндау, жоспар құру.

Комментариев нет

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше