Мектептен тыс үйірмелер

«НАЗЕРКЕ» қыздар клубының бағдарламасы

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы,  Қапай батыр ауылы
Васильковка негізгі мектебінің психологы өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Абильмажинова Мунира Сайранбекқызы

«НАЗЕРКЕ» қыздар клубының бағдарламасы

         Бүгінгі күні отбасылық құндылықтар аса көп өзгерістерге ұшырап, отбасы қарым-қатынасының бұзылуы жиі орын алуда. Қыздардың өз әйел табиғатына тән қасиеттерін сақтап, өз орынын таба білуіне жәрдем беру, сырласу алға қойылған жөн.

Мақсаты: Мектептегі әрбір қыз баланы, ибалылық сақтауға баулу, адамгершілік, имандылық, эстетикалық тәбие беру.

Қыз балаларды тәрбиелеудің маңызы оларды қоршаған өмір, түрлі жынысты адамдар арасындағы өзара қатынас барысында, осы қатынастардың нормалары болып табылады. Қыз балалардың мінез-құлқын тәрбиелеу бойынша жұмыс оларды нәзіктікке баулу, отбасындағы алатын орны, ептілік пен шеберлік қалыптастыру, сондай-ақ қыздардың сұлулық, махаббат, жақсы қарым-қатынастар сияқты ұғымдармен таныстыруға бағытталған. Гигиеналық жағынан қыз балаларға жыныстық жетілу кезеңінде өздерінде болып жатқан физиологиялық және психоэмоционалдық өзгерістерді түсіндіріп, жеткізе білу. Бұл қыз балалардың қамқорлық, ниет білдіру, жан жылулығы, аяушылық білдіруге тән белгілі бір сезімдерді бастан кешіруіне жағдай жасауға  байланысты ұйымдастырылуда. Тек қана рухани тұрғыдан емес қыздарымызды ұлттық киім үлгісін және шаш өруге, тігін тігуге үйрету ескеріледі.

         Оқып-үйрену  процесінің ерекшелігін және күрделілігін ескере отырып, қыз балалар тәрбиесінің табысты болуына  төмендегідей қолайлы жағдайларды жасау барысында жағдайлар ескерілмек:

  • Мектептегі жаймашуақ орта;
  • Мұғалімдер, сынып жетекшілері тарапынан тәрбиеленуші қыздарға құрмет пен сенім;
  • Әрбір оқушы қыз баланың мүдделеріне көңіл қою;
  • Айналадағы адамдардың мүдделерін есепке алып, балалардың өзіндік пікірін айтуға қолдау көрсету;
  • Мәселелерді шешу барысында тәсілдер табу бойынша жеке мысалдарды өзіндік пікірін айтуға қолдау көрсету.

Мектепте қыз балалардың тәрбиесіне, оларда заман талабына сай әйел идеалын  қалыптастыруға және мінез-құлық критерийлерін нақты айқындауға ерекше көңіл аудару қажет.

«Назерке» қыздар клубының мүшелері:

  1. Жеңіс Сәуя —  5
  2. Қабдылбек Ырсалды — 5
  3. Аманжол Сәуле — 5
  4. Қайырбекова Айша – 6 сынып
  5. Қапашева Айым – 7 сынып
  6. Ауғанова Айсұлу – 7 сынып
  7. Нұрбек Айсымбат – 7 сынып
  8. Баяхметова Гүлнұр – 7 сынып
  9. Шмидт Анастасия – 9 сынып
  10. Шперлинг Валерия – 9 сынып
  11. Шперлинг Екатерина – 9 сынып
  12. Көшенова Алтынай – 9 сынып

 

«Назерке» қыздар клубының жетекшісі:

 Абильмажинова М.С.

 

 

Келісемін:                                                                                               Бекітемін:

Тәрбие ісінің меңгерушісі                                                              Мектеп директоры

_______________                                                                               _______________

С.С. Дөненбекова                                                                                 Д.Қ. Өмірбаев

 

«НАЗЕРКЕ» қыздар клубының

2011-2012 оқу жылына арналған

жылдық жоспары

Мерзімі

Жұмыстың мазмұны

Жауапты

1

Қыркүйек

  • «Назерке» қыздар клубының жұмыс жоспарымен таныстыру, бекіту

 

  • Бойжеткен ережелерімен таныстыру.

 

Клуб жетекшісі

Медбике

 2

Қазан

  • «Бүгінгі бойжеткен, ертеңгі асыл жар» баяндама

 

МедбикеКлуб жетекшісі

мүшелері

 3

Қараша

  • «Мектеп формасы» коллаж
Клуб жетекшісі,мүшелері
  4

Желтоқсан

  • Шаш өру – қазақ қызына тән
Клуб жетекшісі, мектеп тәлімгер 

 5

Қаңтар

  • «Ажарлы, сұлу, ғажап тым қыздары қандай қазақтың» қыздар арасындағы сайыс

 

Клуб жетекшісі,мүшелері

6

Ақпан

  • «Әдептен озбайық» тренинг

 

Клуб жетекшісі,мүшелері

 7

Наурыз

  • «Қыз еркем – анасымен көркем» аналар қыздарымен сайыс

 

Клуб жетекшісі,мүшелері

8

Сәуір
  • «Әсемдік әркімге жарасады» ұлттық киімдер үлгісі
Клуб жетекшісі,мүшелері

 9

Мамыр

  • «Озар елдің қызы мінезді келеді» пікір алмасу
  • «НАЗЕРКЕ» қыздар клубының жылдық қорытынды отырысы

 

Клуб жетекшісі,

мүшелері

Орындаған: М.С. Абильмажинова

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте как обрабатываются ваши данные комментариев.