Без рубрики

Мұғалім — қоғам жүрегі

Шығыс Қазақстан облысы, Жарма ауданы,  Қапай батыр ауылы
Васильковка негізгі мектебінің психологы, өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі
Абильмажинова Мунира Сайранбекқызы

«Мұғалім – қоғам жүрегі»
(жас мамандарға жүргізілген тренинг)

Мақсаты: Жас мамандардың өзіне деген сенімдерін арттырып, мұғалім мамандығының мәртебесін жоғары деңгейден көрсете білу, өзін-өзі тәрбиелеу.

Сәлемдесу. «Есімдер шоғы»

Шарты: барлық қатысушалыр шеңбер бойымен тұрады, әр қатысушы өз есімін және мамандығына сай қасиеттерін айтып, келесі тұрған адам да аталған тапсырма бойынша жалғастырады. Мысалы: Мунира Сайранбековна «супер психолог»………..

Ойын «ХХІ ғасыр ұстазы қандай болу керек?»

Шарты: бүгінгі таңдағы мұғалімнің моделі қандай болуы керектігін күн шуағының бойына жазады. (Ұлағатты, ұстамды, сабырлы, салмақты, тапқыр, талатты, адал, ақылшы, зергер, зейінді, құзіретті)

Ақпарат

Бүгінгі таңда педагогтарға тән құзіреттілік ұғымы енген. Ол дегеніміз не? Құзірет ұғымы энциклопедиялық сөздікте латын тілінен аударғанда «дегеніне жету, дәл келем, лайықпын» — белгілі бір саладағы білімі мен тәжірибесі деген мағынаны білдіреді. Осыған сәйкес бүгінгі таңда Жаңа тұрпатты педагог ұғымы енген. Мына жаңа дамыған ғасырда әр ұстаз Жаңа тұрпатты педагог – рухани бай, шығармашыл, рефлексияға қабілетті, кәсіптік дағдылары мен педагогикалық дарындылығы басым және жаңалыққа құштар болуы керек. Арнайы құзіреттілік – өзінің кәсіби қызметін жоғары деңгейде айналысатын және өзінің кәсіби дамуын одан әрі жобалай білетін қабілет. Кез-келген педагог психолог бола білуі шарт. Сол себепті психологиялық-педагогикалық құзіреттілікке ие болуы керек, ол дегеніміз – теориялық және іс-тәжірибелік білімі, ұйымдастырушылық, басқарушылық қасиеті, кәсіби жинақылығы, жұмысты орындауға дағдарысы, шыдамдылығы, сезім-жігерді өзіндік реттеуі, алғырлығы, жауапкершілігі болуы тиіс. Бүгінгі күні әр педагогтың бойынан бірнеше құзіреттілік көрінуімен заман талабына сай ұрпақ тәрбиелей алады.

Шығармашылық тапсырма.

Нұсқау: сіздер екі топқа бөлініп, «Мұғалімнің мәртебесін көтеру» тақырыбында  жоба құрып, қорғайсыздар.

Сергіту сәті.

Барлығымыз еркін отырып, барлықтарыңыз оқушы кездеріңізден білетін «Ұстазым» әнін орындайық.

Тұлғаңды арманыма ұқсатқанмын,

Үлгіңді көңіліме қыстатқанмын

Есімде әліппені жаттатқызып

Ең алғаш қолға қалам ұста

Қайырмасы:

Ұстазым менің, ұстазым

Өзіңмен өткен қыс, жазым

Қалдырған ізің, мәңгілік

Жадымда тұрар жаңғырып

Ұстазым менің, ұстазым

Әңгімелесу

1)      «Дипломмен – ауылға» бағдарламасының маңыздылығы жайлы пікірлеріңіз.

2)      Жас мамандарға әлеуметтік-педагогикалық қандай көмек берілгені дұрыс деп ойлайсыздар?

Рефлексия. «Бес саусақ» (сыртқа шыққан ми) рефлексиялық ойынын ойнаймыз. Ол үшін сіздер әр саусаққа байланысты қорытынды пікірлеріңізді білдіресіздер.

Бас бармақ – білдім

Сұқ саусақ – сезіндім

Ортан терек – ойландым

Шылдыр шүмек – шештім

Кішкентай бөбек — келісемін

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.