Сөз таптары 3 сынып

Шығыс Қазақстан облысы, Семей каласы, №35 жалпы орта білім беретін
мектептің бастауыш сынып мұғалімі Омиртаева Эльмира Ардаковна

Сабақтың тақырыбы: Сөз таптары
Сабақтың мақсаты: Сөз таптарымен таныстыру, сөз таптары туралы білімдерін кеңейту.

Сабақтың міндеттері:

1)    Сөз таптары туралы түсінік беру

2)    Сауатты жазуға дағдыландыру.

3)    Көркем жазуға баулу

4)    Ойын түрлері арқылы оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздылық қасеттерін дамыту.

5)    Сөздік қорларын молайту

6)    Ұлы адамдардың өмірінен ғибрат алуға, ісін өнеге тұтуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Сабақтың типі: аралас сабақ

Сабақтың көрнекілігі:сөзжұмбақ жазылған плакат, кесте, таратпа материалдар, тест жұмыстары, үйдің суреті, күлкі бейнеленген дөңгелектер.

 Сабақтың барысы:

І.Ұйымдастыру.

Арайлап бүгін  таң атты!

Алтын сәуле таратты.

Тілеймін сендерге ақ таңның,

Қуанышын шаттығын.

Жайнай түсті даламыз ,

Жарқырайды қаламыз.

Қуанышты күн бүгін  !

–                                                  Балалар алдымен біз айналадағы  қоршаған ортамен және сабағымызды тыңдауға келген қонақтарға сәлем беріп, құрметпен қарсы алайық.

Армысыз  қайырымды аспан – ата !

Армысыз мейірімді жер – ана!

Армысыз шұғылалы алтын – күнім !

Армысыздар құрметті қонақтар!

Балалар, бүгін бізге сабаққа қонақтар келіп отыр.  Бүгінгі сабақта өзіміздің білімді, мәдениетті, үлгілі оқушылар екенімізді көрсетейік.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру

Сонымен балалар  мен сендерге үйге өткен тақырыптағы ережелерді қайталап, жаттап келуге бергенмін.Қазір біз өткен тақырыптар бойынша сөзжұмбақ шешеміз. Сөзжұмбақтағы жасырын сөзді табу арқылы біз  «Достық» үйінің есігін ашамыз.

– Ал, балалар, осындай «Достық» үйіне кіргілерің келе ме?

– Иә.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сөз таптары

1)                Кім? Не? Кімдер? Нелер? сұрақтарына жауап беретін сөйлемнің негізгі мүшесі. (Бастауыш).

2)                Тілде біреудің назарын аудару үшін қолданылатын сөз. (Қаратпа сөз).

3)                Сөйлемде бастауыш, баяндауыштан басқа сөйлем мүшелері. (Тұрлаусыз)

4)                Қандай?  сұрағына жауап беретін мәтін түрі?(Сипаттау)

5)                Не үшін? сұрағына жауап беретін мәтін түрі?(Пайымдау

6)                Ақыл-дос, ашу- …( дұшпан)

7)                Түбір сөзге жұрнақ қосылу арқылы жасалған сөзді не дейміз (Туынды сөз

8)                Бастауыш пен баяндауыштан құралған сөйлем (Жалаң).

9)                Бір түбірден бірнеше туынды сөз жасала береді Ондай сөздерді не дейміз (Түбірлес сөздер)

10)           Бастауыш та, баяндауыш та зат есімнен жасалса, бастауыштан кейін қандай тыныс белгісі қойылады. (сызықша)

 

ІІІ. Жаңа сабақты меңгерту

-Өте жақсы балалар. Енді барлығымыз жасырын сөзді оқиықшы. Сөз таптары. Балалар міні біз «Достық» үйінің  есігін де аштық. Сонымен балалар бүгін біз «Сөз таптары» туралы өтеміз.

– Дұрыс, енді осы сөз таптарына тұңғыш анықтама беріп, тілімізге енгізген қазақтың қандай ғалымы, ағартушысы?

– Ахмет Байтұрсынов. (портретін көрсету).

 А.Байтұрсынов туралы әңгімелеу.(2 оқушы)

*Ахмет Байтұрсынұлы  Торғай облысында қарапайым шаруа отбасында туған. Ахметтің әкесі Байтұрсын ширақ, намысшыл, батыл, сергек адам болған. Оны түрлі себептермен Сібірге жер аударған. Бұл сұмдық оқиғалар кезінде Ахмет он жаста екен. Бұлар баланың сезіміне айрықша әсер етті.

Байтұрсынның балалары інісі Ерғазының тәрбиесінде болған. Ахмет Торғайдағы орыс-қазақ училищесінде оқиды. Кейін Орынборда мұғалімдер мектебін бітіреді. Қарқаралы мектептерінде мұғалім болып қызмет атқарады. Ол орыс-қазақ мектептерінде мұғалім болды.

*А.Байтұрсынов қазақ тілінен тұңғыш рет «Тіл – құралы» атты оқулық жазды. Ол 3 кітаптан тұрады.

Алғашқы кітабы 1914 жылы Орынборда басылып шықты. Онда тіліміздің дыбыстық жүйесіне байланысты жайлар жазылған. Екінші кітабы 1922 жылы Ташкентте басылып шықты. Бұл кітапта біздің қазіргі өтіп жатқан сөз таптары жайында айтылған. Ал үшінші кітабы 1924 жылы Орынборда басылған. Бірақ ол кітап кезінде жоғалып кеткен еді. Арада 60 жылдай уақыт өткен соң, бұл еңбек Американың Нью-Йорк университетінің кітапханасынан табылды. Бұл кітапта «Сөйлем мүшелері», «Сөйлем түрлері» туралы баяндалған.

 

– Балалар енді біз «Достық» үйінің  сиқырлы терезелерін ашайық . Ол үшін сендер маған сұрақтарға жауап беріңдер.

– Балалар,  сендер қандай сөз таптарын білесіңдер?

– Зат есім, етістік, сан есім, сын есім.

-Зат есім дегеніміз не? Ол қандай сұрақтарға жауап береді?

-Сын есім  дегеніміз не? Ол қандай сұрақтарға жауап береді?

-Сан есім дегеніміз не? Ол қандай сұрақтарға жауап береді?

-Етістік дегеніміз не? Ол қандай сұрақтарға жауап береді?

– Өте жақсы, балалар. Енді қазі барлығымыз оқулықтың 144-бетіндегі 3- жаттығуға қарайықшы.Бұл жаттығуды қазір біз ауызша орындаймыз (Кестені толтыру.)

Зат есім Етістік Сан есім Сын есім
жұлдызтау

ата

ақын

адам

құс

 

оқыдыжуынды

жүзді

шақырды

пісірді

ренжіді

 

екіжеті

отыз

үшінші

елу

 

 

 

көкүлкен

биік

жасыл

тар

ұзын

 

Таратпа материалмен жұмыс.(Өлеңнің ұйқасын тап).

1)Қой сүйеді баласын қоңырым деп

Ештенені білмейтін момыным деп

……. сүйеді баласын …………….

………………………………………………….

2)Мойнын созған….

Аула толы ….

3) Отан-……….

Отан- ………….

Отан -…………

Отан-……………

Сергіту сәті.

«Қара жорға» биін билеу.

 

Дәптермен жұмыс.

–         Балалар енді барлықтарың дәптерлеріңді ашып, бүгінгі күнді жазып алыңдар.

Көркем жазу.( кітап, дәптерлер)

4-жаттығуды жазбаша орындаймыз. Тапсырма:  Сөздерді оқы.  Қайсысы заттың атын, қайсысы заттың қимылын білдіретінін анықта. Зат есім мен етістікті тіркестіріп жаз.

Қайық жүзеді. Бала жүреді. Бақа секіреді. Доп ұшады. Құс ұшады. Ұшақ ұшады. Ағаш өседі. Балақай жүреді.

Есте сақтау  (Жаңылтпаш) 5-жаттығу

ІV.Бекіту.

Тест жұмысын орындату

1)      Зат есім қандай сұраққа жауап береді?

А) неше? нешінші?

Б) кім? не?кімдер? нелер?

В)не істеді? не қылды ?қайтті?

2) Сан есім қандай сұраққа жауап береді?

А) неше? нешінші?

Б) кім? не?кімдер? нелер?

В)не істеді? не қылды ?қайтті?

3) Сын есім қандай сұраққа жауап береді?

А)не істеді? не қылды ?қайтті?

Б) қандай? қай?                               В) кім?не?

4) Етістік қандай сұраққа жауап береді?

А)не істеді? не қылды ?қайтті?

Б) қандай? қай?                               В) кім?не?

5) Зат есімді тап:

А) қалам         б) қызыл         в) жүгірді

6)Сын есімді тап:

А) қалам         б) қызыл         в) жүгірді

7) Сан есімді тап

А) үй               б) ойнады       в)жеті

8)Етістікті тап:

А) үй               б) ойнады       в)жеті

 

 

V.Сабақты қорытындылау.

Бағалау.

Үйге тапсырма беру. (6-жаттығу. 145 бет)

–         Балалар сендерге бүгінгі сабақ ұнаса «Достық» үйіне қызыл      -ді жабыстырыңдар,ал егер ұнамаса көк    –ді жабыстырыңдар.

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше