"Білімділер" сайысы. 4 сынып
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы,
№35 жалпы орта білім беретін мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Омиртаева Эльмира Ардаковна
Сайыстың тақырыбы: «Білімділер» сайысы.
Сабақтың презентациясын жүктеп алу: “Білімділер” сайысы. Презентация
Сайыстың мақсаты: Оқушылардың меңгерген білім деңгейін анықтау, ойлау қабілеттерін дамыту,сөйлеу мәдениетін жетілдіру, білімді.жан-жақты болуға үйрету.
Армысыздар ма, құрметті ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушы сайыскерлер!
Ойын толқын, айналған қатты ағысқа,
Табылғандай танымда, жат дауыста.
Біреу озып келеді қатарынан,
Біреу қалып жатады асығыста.
Ойын толқын жатқанда асып, тасып,
Біреу мығым,біреулер шалыс басып.
Бұл ойыннан өтеді ғұлама ойлар,
Жеңсе де, жеңілсе де қалма жасып.
«Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады» деген дана халқымыз.Біз білім теңізінен жүзіп өткенде ғана еліміздің тірегі, сүйеніші боламыз.Сондықтан да бүгінгі «Білімділер» сайысына қош келіпсіздер!Сайысқа келіп отырған оқушыларымыздың жолы ақ мол болсын, жүлделі орыннан көрінсін деген тілекпен, сайысымызды бастауға рұқсат етіңіздер.
Баға берер топтарға ,
Қара қылды қылышпен қақ жаруға .
Әділқазы алқасын біз сайлайық,
Жүлдегерді таңдап бүгін алуға.
Бүгін білім сайысын бағалайтын әділқазылар алқасын таныстыруға рұқсат етіңіздер!
Алдымен сайысымызды бастамас бұрын сайыскерімізді таныстырып өтейік.
Сайыскерлер екі топқа бөлінген.
1. «Білгірлер» тобы.
2. «Тапқырлар»тобы.
Сайыс мынадай турлардан тұрады:
1-ші тур- «Кім білімді?»
2-ші тур- «Полиглот»
3-ші тур- «Ғажайып алаң»
4-ші тур- «Кім тапқыр?»
5-ші тур- «Кім жылдам?»
1-ші тур «Кім білімді?» Әр топқа ортақ 10 сұрақ беріледі. Барлық 10 сұарққа 2 минут, әрбір дұрыс жауапқа 1 ұпай)
1-топ сұрақтары.
1. Қазақтың ұлы ақыны.(Абай Құнанбаев)
2. Қазақ тілінде неше септік бар?(7 септік)
3. Жүз жасаған ақын?(Жамбыл)
4. Мәтіннің неше түрі бар? (3 түрі)
5. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді? (қанша? неше? нешінші? нешеу?)
6. Тұрлаусыз мүшелерді ата?(толықтауыш, анықтауыш, пысықтауыш)
7. «Менің атым Қожа» кімнің әңгімесі? (Б. Соқпақпев)
8. Қашан мемлекеттік рәміздер бекітілді?( 1992 жыл 4 маусымда)
9. Абай Құнанбаев қай жылы дүиеге келді?
10. Қазақстан Республикасының жел көлемін ата (2,7 миллион шаршы шақырым)
2-топ сұрақтары.
1. А.Байтұрсынов кім? (ақын, ағартушы , ғалым)
2. Біріккен сөздер дегеніміз не?
3. Қазақ халқының батыр қыздары кімдер?( Мәншүк пен Әлия)
4. Қазақстан қай жылы тәуелсіздік алды? (1991 жылы 16 желтоқсан)
5. Қазақ тілінен дауысты дыбыстар нешеге бөлінеді? (2)
6. Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?( 3)
7. «Жетім» әңгімесін кім жазған?(М. Әуезов)
8. Ата Заңымыз қашан қабылданды? (1995 жыл 30 тамызда)
9. Президент жарлығымен Ақмола қаласы Астана деп кашан аталды? (1998 жыл 7 мамыр. )
10. Абайдың қандай өлеңдерін білесіңдер? (Сабырсыз, арсыз, еріншек», т,б.)
Келді кезек «Полиглот» шешуге,
Жауаптарын беруге үш тілдерде.
Қазақ, орыс, ағылшынды білсеңіз,
Жақсы баға шәкірт саған несібе.
2-ші тур «Полиглот» 2 топқа 5 сұрақтан. (Әрбір дұрыс жауапқа 2 ұпай, 5 минут уақыт беріледі.)
1. Жүздің көркі – көз, ауыз көркі – ……
Cөз – слово- word
2. Тамшы тас жарады, тас жармаса ……
Бас- голова- head
3. Өнер алды – қызыл ………
Тіл – язык – tongue
4. Жақсы байқап сөйлер, ………. шайқап сөйлер.
Жаман – плохой- bad
5. …………. жылатып айтар
Дұшпан күлдіртіп айтар
Дос- друг-friend
6. Көп сөз күміс, аз сөз …….
Алтын– золото– gold
7. Мектеп – кеме, білім – …….
Теңіз – море – sea
8. Денсаулық – зор ……..
Байлық – богатство – rihes
9. Білім сандығы – ………
Кітап –книга – book
10. Асық ойнаған азады,
….. ойнаған тозады
Доп- мяч- bal
Көрермен жиналған бұл тамашаға,
Құр қарап жай отыру жараса ма?
Туыс, досқа,сыныптас,танысқа емес,
Соқ қолыңды білгірлер мен талаптыға.
3-ші тур «Ғажайып алаң» Әрбір пәннен 3 сұрақтан. (Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі )
Математика
1) Жігер Күдердің немересі. Мирас Күдердің немересі емес. Жалғас Жігердің атасы емес.Жігердің атасы кім? ( Күдер )
2) Менің екі қалтамда 28 теңге бар. Оң қалтамда екі теңгелік қанша болса, сол қалтамда бес теңгелік сонша. Сонда әр қалтамда қанша ақша бар. (Оқ қалтада 8 теңге, сол қалтамда 20 теңге)
3) Екі қапта 100 кг картоп бар. Оның біреуінде екіншісіне қарағанда 4 кг кем. Сонда әр қапта қанша килограмм картоп бар болуы тиіс (52 және 48)
Дүниетану
4) Әлемнің жеті кереметін ата
5) Қай ағаш бір жазда 2000 литр суды буландырады? (терек)
6) Ұлттық теңгеміз қашан айналымға шықты.( 1993 жыл 15 қараша.)
Қазақ тілі:
• «Туған жердей жер болмас,-…. (туған елдей ел болмас)
• Отан туралы жатқа өлең айт.
• «Амал қанша, абырой бергенде, бағымызға қарай»сөздері қыстырма сөздердің қай түріне жатады?(Қуанышты, ренішті, аяушылықты білдіретін)
Салт-дәстүр:
• Жаңа туған нәрестенің ең алғашқы көйлегі. (Ит көйлек)
• Түйе сүтінен жасалатын емдік сусын. (шұбат)
• Бесік жырын айтын бер.
4-ші тур «Кім тапқыр?» (Әріптер сөйлейді, 3 сұрақтан қойылады.Әр сұраққа 1 ұпай беріледі.)
А- қазақтың ұлы ақыны.(А.Құнанбайұлы)
Ә- алғашқы оқулық.(Әліппе)
Б- қазақтың батыры.(Бөгенбай батыр)
В- Семирамиданың аспалы бағы қайда орналасқан.(Вавилон каласында)
Г-құрылыс материалдарының бірі(Гранит)
Ғ- Т.Әубәкіров кім?(Ғарышкер)
Д- «Витамин»сөзінің аудармасы.(Дәрумен)
Е- қызыл кітапқа тіркелген жануар?(Елік)
Е- «Шырша» сөзінің аудармасы.(Елка)
Ж- Бурабайдағы көлдің ортасындағы тас.(Жұмбақтас)
З-үлкен, дәу сөздерінің синонимі.(Зор)
И- тігінші құралы (Ине)
Й- қоңыр түсті дәрі (Иод)
К- қазақ халқының ұлттық ойындарының бірі.(Көкпар)
Қ- атақты күйші(Құрманғазы)
Л- ешкінің төлі.(Лақ)
М- күнге ең жақын орналасқан планета? (Меркурий)
Н-ас атасы -… (Нан)
О- Батыс Қазақстандағы қала.(Орал)
Ө- тілсіз жау-… (Өрт)
П- өлеңмен жазылған шығарма.(Поэма)
Р- Көрші мемлекеттердің бірі(Ресей)
С- тілдің негізі не?(Сөз)
Т- үш бидің бірі.(Төле би)
У- Киіз үй бөлшектерінің бірі.(Уық)
Ұ- Абайдың атасы кім?(Ұлжан)
Ү- алғашқы адамдардың баспанасы не болды(Үңгірлер)
Ф- Әл-Фараби кім?(Философ)
Ч- Крокодил Генаның досы.(Чебурашка)
Ш- тудың авторының есімі.(Шернияз Ниязбеков)
Ы- «посуда»сөзінің аудармасы.(Ыдыс)
І- қарға « қарқ»дегенде аузынан не түсіп кетті?(Ірімшік)
Э- Н.Ә.Назарбаев қай ғылымның докторы?(Экономика )
Ю- «Киіз үй» сөзінің аудармасы.(юрта)
Я- су көлігі(яхта)
Сергіту сәті –
1) Қоян жаңбыр жауып тұрғанда қандай ағаштың асында отырады? (сулы ағаштың)
2) Судың астында қандай тас болмайды? (құрғақ)
3) Жабық көзбен не көруге болады? (түс)
4) 31 ақпан күні не болды? (31 ақпан болмайды)
5) Жаңбыр 2 күн қатарынан жауып тұруы мүмкін бе? (жоқ, себебі, 2 күнді түн бөліп тұрады)
6) Тамақ пісірерде қазанға ең бірінші не салады? (көз)
5-ші тур «Кім жылдам?» (Сандар сөйлейді, сандардың орнына әріптерді қою арқылы білім туралы мақал-мәтел оқи аласыңдар)
Аа-1 Әә-2 Бб-3 Вв-4 Гг-5 Ғғ-6 Дд-7 Ее-8
Ее-9 Жж-10 Зз-11 Ии-12 Йй-13 Кк-14 Ққ-15
Лл-16 Мм-17 Нн-18 ң-19 Оо-20 Өө-21
Пп-22 Рр-23 Сс-24 Тт-25 Уу-26 Ұұ-27
Үү-28 Фф-29 Хх-30 һ-31 Цц-32 Чч-33
Шш-34 Щщ-35 ъ-36 Ыы-37 Іі-38 ь-39
Ээ-40 Юю-41 Яя-42
1 15 37 16 – 25 20 11 3 1 13 25 37 18 25 20 18.
3 38 16 38 17 – 25 1 26 24 37 16 17 1 13 25 37 18 14 8 18.
Ақыл – тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен
Осымен сайысымыздың бес шарты да бітті. Әділқазылар алқасы оқушыларымыз жинаған ұпайларды есептегенше,
«Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады» демекші бүгінгі сайысымызды таразылап, әділбағасын береді деген оймен келесі сөзді әділқазылар алқасына береміз.
Болмасын ешбір сын – өкпе,
Әсері қалды жүректе.
Қазылар берген бағалар,
Ұштассын айтар тілекке!
Енді әділқазы алқасының мүшелері бүгінгі байқауда озып шыққан балаларға мақтау қағазы мен сыйлықтарын табыс етеді.
Осымен «Білімділер» сайысы аяқталды. Бәріңізге де көңіл қойып көргендеріңіз, тындағандарыңыз үшін көптен-көп рахмет айтамын!
