Без рубрики

Ана – ең ардақты есім

Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп-гимназиясы
Нұрғалиева Бибігүл Жомартқызы
информатика пәні мұғалімі

«Ана ең ардақты есім» атты ашық тәрбие сағаты

1-ж. Құрметті:  Ұстаздар, ата-аналар,қызғалдақтай құлпырған бойжеткендер!

Сіздерді  көк желекті көктеммен бірге көңілге қуаныш сыйлай келетін

8 наурыз Халықаралық аяулы аналардың төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Біз мәңгілік сіздерге,  ұстаз-аналар борыштармыз. Сіздерге балалық жүректен мыңда бір алғыс. Мерекелеріңіз құтты болсын!

Ән « Анашым» Орындайтындар: Эльвира мен Ақжан

2-ж. Ана-адамзат мекен ететін жер шарының әр түкпірінде, әр үйінде мейір мен мерейдің, достық пен туыстықтың туын тіккен адам. Шырылдап дүниеге келгеннен бастап, сенің іздейтінің бірақ жан Ол-Ана. Ананың әрбір сөзі, әрбір ақылы сені шапағат шуағына бөлейтін, отбасының берекесін келтіретін, барша адамзат қадір тұтатын ұлы есім ғой, ана.

1-ж. Халықта батыр да өткен,  бағлан да өткен,

Ел едік ата текті мақтан еткен.

Жеті атасын білген ер адамзат деп,

Бабалар өсиет қып айтып кеткен.

Бүл пәниден жақсы да, жаман да өткен.

Жиын той болады деп бізде көптен.

Қол соғып ел-жұртым демеп отыр

Сөз қозғайық аналарға ізгі ниетпен

2-ж. Елбасы Н. Ә. Назарбаев былай деген екен: «Шығыс халықтарының арасында, жалпы мұсылман әлемінде әйел затын ерекше бағалайтын, қарындасты қатты қадірлейтін халықтың бірі де, бірегейі де, біздің қазақ халқы». Бүгін айтылатын ақ тілек, жылы сөз, күмбірлеген күй, шырқалатын ән сіздерге арналмақ.

Би: «Қаражорға»

1-ж. Сан мың шәкірт өзіңнен тәлім алды,

Аяулы Ұстаз-ана, ісіңнің бәрі ұнамды.

Әр күн сайын атыңды қайталаймын,

Еске алғандай таң сайын әнұранды

2-ж. Ана — баласының ғана қамқоршысы емес, ол адамзат атаулының амандығын тілеп, сол үшін күреске шығады. Сондықтан дүние жүзінің ойшылдары 8 наурызды –халықаралық аналар күні деп белгіледі. Жақсы, жақсы тілекті күн сайын айтсақта, қуантсақ та жарасар еді.

1-ж. Күлкі болсын әрқашанда жүзінде,

Ұстазым сіз қартаймаңыз өмірде

Тағы да сізді езу тартсын деп

Қоямыз тағы қызықты сахна төрінде

Ортада  5 сынып оқушыларының әзілі

2-ж. Наурыз күні-ана күні, әлемкүні. Әлемді тебірентер ана үні. Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі қадірлі сөз ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы, ыстық құшағы мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббаты бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгіленген .Ол -8 наурыз мерекесі.

1-ж.  Үкілі кәмшат, бүрмелі көйлек,

Тұрғандай өзі қимылсыз билеп.

Иықтан шашың төгіліп жерге,

Күмісті шашбау жарасып белге,-дегендей келесі кезек биге беріледі.

Шығыс биі

2-ж. Ана деген үш әріптен тұратын сөзде қаншама қадір қасиет жатыр десеңші. Осынау өткінші фәниде мейірімділікпен, қарапайымдылық, инабаттылық , кішіпейілділік қарапайымдылық бірінші Алладан, екінші Анадан беріледі десем артық айтқандық емес.

1-ж. Адам барма ана сүтін таппаған,

Алуан-Алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдықты ар-намысты сақтаған,

Мен ананың сонысына мақтанам.

 

Ән: «Жан досым» Орындайтындар: Аманбек пен Рауан

2-ж. Сіздерден өскен балалар,

Батырлар мен даналар

Құттықтаймыз мейраммен

Құрметті жан аналар.

1-оқушы: (Айгерім)

Айналайын анашым

Жақсылығың бала үшін

Арналады есейгенде

Жақсылығым сен үшін

2-оқушы: (Рауан)

Мейірімің шексіз ана

Алаңсызбын қасыңда

Болмаймын мен ессіз бала

Ақылым бар басымда

3-оқушы: (Ақжан)

Әлемдегі керемет

Алақаны ананың

Ақын қосып өлеңге

Суретін оның салады

4-оқушы: (Шамиль)

Анам менің «Айым» дейді

Мен мұңайсам уайым жейді

Анам  менің «Күнім» дейді

Мен қуансам күлімдейді

1-ж. Бүгінгі күн жер бетіндегі барлық аналардың қуаныш, шаттық мерекесі. Адамзат ең алдымен ана алдында қарыздар. Ана қарызы алтынға бөлеуді, ақ орда салуды қаламайды, ана баласының ер жетіп , адам болуын қалайды. Анаға одан артық сыйлықтың қажеті жоқ.

Қазақ биі. Орындайтын: Жеңістік Бақдәулет

2-ж. Ана десем, алғыс алам халқымнан,

Ана десем, теңіз болам шалқыған.

Ана десем,  ашылады қабағым,

Ана десем,  әділдікті ұғынам.

Бәрі  бірге. Ақ сүтінен жаралған

Ақ сүтінен нәр алған

Анаға бас иеміз!

Туған елдің тілі деп,

Туған жердің үні деп,

Анаға бас иеміз.

Хор: «Анаға сәлем»

1-ж: Аналар мерекесінде барлық ұстаз аналармен аруларға құрмет көрсетіп, тағзым ете отырып, тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Мерекелеріңіз тағы да құтты болсын.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.