Қызықты математика
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, №35 жалпы
орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Омиртаева Эльмира Ардаковна
«Қызықты математика» сайысы.
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілеттерін, шапшандылыққа үйрету. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру.
Көрнекті құралдар: шырпылар, топтардың аттары, сөзжұмбақ, «Баспалдақ» ойыны жазылған плакат.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Әділ –қазылар алқасын сайлау.
Шарттарымен таныстыру.
ІІ. Сәлемдесу.
І топ. Жігер. ІІ топ. Жалын
Кел, балалар, ойнайық! Ал, кәнекей, балалар!
Ойнайық та, ойлайық. Қазір сабақ оқимыз.
Қандай есеп болса да Жақсы оқып сабақты
Шешпей оны қоймаймыз. Санамызға тоқимыз.
ІІІ. Сөзжұмбақ шешу.
І топ. Жігер.
1) Масса бірліктері. (Тонна)
2) Адамның көру мүшесі (көз)
3) Барлық қабырғалары тең геометриялық пішін (Шаршы)
4) 5 пен 4- тің қосындысы нешеге тең? (Тоғыз)
ІІ топ. Жалын
1) Аптаның бесінші күні (Жұма)
2) Адамның есту мүшесі (Құлақ)
3) 3 пен 4-тің қосындысы нешеге тең (жеті)
4) Геометриялық фигура (Үшбұрыш)
Би: «Балапандар»
IV. Математикалық өлең есеп.
1) Бір-бірімен жарысқан
2 аю, 1 арыстан
4 қоян, 3 түлкі –
Бәрі нешеу ойлан сен (10)
2) КӨЛДЕН ҰШТЫ 7 ҚАЗ
Қайтып келді 2 қаз
Қонбай кетті қанша қаз
Шешуін тапшы кәне тез (5)
3) Бақшаға Сегіз саулық,
Жақсы аға Тоғыз тауық,
Көп-көп Он торпақ
Ойыншық Болма есепке сен шорқақ!
Келді алып: Ауызша,
Бір балық, Жазбаша
Екі есек, Қосып шық.
Үш үйрек, Бақшаға
Төрт түлкі, Жақсы аға
Бес бүркіт, Қаншама
Алты арғымақ, Әкелді
Жеті жарқанат Ойыншық?
( Жауабы: 55 ойыншық)
V.Фигура құрастыр. (Екі топқа ортақ)
9 шырпыдан 5 үшбұрыш құрастыру керек.
Ән: ___________
VІ.Ойын.( Суреттерді өрнектердің мәніне сәйкес түсті қарындашпен боя)
VІІ. Ойын «Баспалдақ» (Жетекшіілер сайысы)
VІІІ. Бұл не? (Жанкүйерлер сайысы)
Жұмбақтар
Туысқан бес кісі
Бірінен бірі кіті
Бәрінің аты бар
Ең кітісі шеткісі
(Бес саусақ)
Алты қырлы
Алты сырлы
(қарындаш)
Он екі көзі бар
Тықылдаған сөзі бар
Қос екі тілі бар
Ал, кәне біліп ал.
(сағат)
Өзі бірең
Көзі үшеу
(бағдаршам)
ІХ. Сандар.
1) Жұмбақтар
2) Мақал мәтелдер
Қорытынды.
Әділ- қазылардың бағалауы.
