ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ (интеллектуалдық ойын) «ТІЛІҢМЕН ЖҮГІРМЕ, БІЛІММЕН ЖҮГІР»
ШҚО, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы, «Маяковский атындағы орта мектеп» ММ
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Қалмақбаева Гүлназ Ернатқызы
ХХІ ҒАСЫР КӨШБАСШЫСЫ
(интеллектуалдық ойын)
« ТІЛІҢМЕН ЖҮГІРМЕ, БІЛІММЕН ЖҮГІР» 6-7 сынып
Мақсаты: Жалпы орта білім беретін мектеп оқушыларының өз еліне, туған жеріне, тіліне деген құрмет сезімін қалыптастыру. Еліміздің тәуелсіздігін сақтауға, қазақ тілінің мәртебесін көтеру,оқушылардың тез ойланып, жауапты жүйелі түрде шапшаң қайтара білуіне үйрету.
Жүргізуші:
Туған тілім –тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы.
Өссе тілім, мен де бірге өсемін,
Өшсе тілім, мен де бірге өшемін,- демекші Тіл – өте маңызды құрал.Тіл болмаса ,адам өз ойын біреуге жеткізе алмас еді.Өткен тарихымыз, халқымыздың әдет- ғұрпытары дәстүрлері, бізге ана тіліміз арқылы жетеді. Қазақ тілі өте бай , әрі көркем тілдердің бірі. ҚР-ның мемкеттік тілі қазақ тілі. Мемлекеттік тілді меңгеру – ҚР-ның әрбір азаматының парызы.
Жүргізуші: – Қош келдіңіздер құрметті оқушылар мен ұстаздар! Қазір сіздердің алдарыңызға «Тіліңмен жүгірме, біліммен жүгір» атты ХХІ ғасыр көшбасшысы интелектуалдық ойынның қатысушыларын шақырамыз.Қошемет етіңіздер!
Өнер менен білімде,
Әркімнің өз жолы бар.
Сайысарлық бүгінде ,
Өзіндік иенің үнім бар, – дегендей, білімпаз жастар өздерін таныстырып өтсін!
(Қатысушылар өздерің таныстырады.)
Әділ қазы ақ қазыға бер сәлем,
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар, сайыстарда неше бір
Сарапқа сал әділдікпен шеше біл, -дей отырып, әділқазылар алқасымен таныстырайық!
Жүргізуші: Бүгінгі сайыс төрт асудан тұрады.
1 тур Бәйге
2тур Дода
3 тур Көкпар
4тур Жорға
1 тур Бәйге׃ Ойында барлықтарыңа сәттілік тілей отырып , 1 тур Бәйгені бастаймыз.
Бастамас бұрын ойынның шартын мұқият тыңданыздар.Бұл турда тест сұрақтары оқылады , дұрыс деп есептеген жауаптың нұсқасын қағазға белгілеп тапсыру. Әрбәр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.
Сұрақтар.
1.М. Әуезовтың атақты романы.
а) Қорғансыздың күні
ә) Көксерек
б) Қилы заман
в) Абай жолы
2. Жатыс септігінің жалғауларын ата.
а) да,де,нда,нде,та,те
ә) ға,ге,қа,ке,а,е
б) ын,ін,нде,н,нда
3.Қазақ тілінде неше сөз табы бар?
а 5 б 9
ә 2 в 8
4. Сен құрметте оны!
Түсіндің бе қарағым?
Ол ақшага сатқан жоқ.
Тізесінен кесіп аяын – олең жолдарының авторы кім?
А Әбу Сәрсенбаев
Б Абай Құнанбаев
В Мағжан Жұмабаев
Г Қалижан Бекқожин
5. Сан есімнің неше магыналық тобы бар?
а 5 б 9
ә 2 в 6.
6.Асан қайғы бабамыз қай ғасырда өмір сүрген?
А 15 б 13
ә 18 в 17
7. Өкпесі қара қазандай – тұрақты тіркесінің мағынасы қандай?
А ренжімеу
ә реніші таудай
б реніші жоқ
в ренішін айтпау.
8. «Пайда ойлама, ар ойла»,
«Талап қыл артық білуге» – деген өлең шумағын кім жазған?
А. Ахмет Б. Мұқағали
Ә. Мұхтар В.Абай
9. Белгісіздік есімдігі қайсысы?
А қашан б біреу
ә қайсыбіреу в ешқашан
10. “Үш арыс “ кімдер?
А. Абай, Бейімбет, Мұхтар
Ә. Бейімбет, Сәкен, Ілияс
Б. Шоқан,Абай, Шәкәрім
В. Мұхтар, Мұқағали, Ілияс
Әділқазылар 1 тур бойынша бағаларын айтады.
Осы турды қорытындылау. Ұпайы аз бір ойыншы ойыннан шығады.
Жүргізуші: 2 тур-Дода деп аталады.Мұнда бізде 10.20.30 ұпайы бар ұяшықтары бар .Әрқайсысында 1 сұрақтан .Оқушылар ұяшықтарды өздері таңдап алады.
Сұрақтар ұпайдың өсуіне орай қиындатылып отырады. Бірінші болып ұяшықты ұпайы көп ойыншы таңдайды.Егер ойыншы сұраққа жауап бере алмаса , басқа ойыншылардың жауап беруге мүмкіндіктері бар.
10 ұпай
| 1.Қазіргі өмір талабына қойылатын тілдер. |
20 ұпай
| 1. Сәукелені желегімен кім қай уақытта киген? |
30 ұпай
| 1.Ғалым ойшыл.философ Әбу Нәсыр әл-Фараби нешінші жылдарда өмір сүрді?870-950 жж |
40 ұпай
| 1. Қандай балалар жазушыларын білесің? |
50 ұпай
| 1. Әлемде қанша тіл бар? (5 мыңнан астам) |
60 ұпай
| 1. «Аққулар ұйықтағанда» поэмасының авторы кім? М.Мақатаев |
Осы турды қорытындылау. Ұпайы аз екі ойыншы ойыннан шыгады.
3 тур-Көкпар.
Жүргізуші.Ойынның шарты былай: 1минуттың ішінде берілген сөзден негұрлым көп сөз құрастыру керек. Әріптер екі рет қайталамбайды.Әр сөзге 1 ұпайдан беріледі.
1. ТҮРКІСТАН
2. АСТАНА
3. ҚАЗАҚСТАН
Ойыншылар сөз құрастырғанша көрермендер арасында мақал-мәтел ойынын өткізейік. Жауапты қолдарын көтеріп айтады.
– Ал, балалар, енді “Жалғасын тап” ойынын ойнайық.
Ойынның шарты бойынша мақал-мәтелдің, қанатты сөздердің жалғасын табу керек.
1. Тіл – адам ойының … (айнасы)
2. Аңдамай сөйлеген … (ауырмай өледі)
3. Ойнап сөйлесең де… (ойлап сөйле)
4. Тисе терекке, тимесе … (бұтаққа)
5. Айтылған сөз, … оқпен тең (атылған)
6. Бал тамған тілден … тамар (у)
7. Көп сөз – … (бос сөз)
8. Көп сөз – күміс, аз сөз – … (алтын)
9. Жасыңда қылжаң болсаң, өскенде … боласың. (мылжың)
10. Таза сөйлеу – биік … (мәдениеттілік)
Көкпар турының ойыншыларының жазған сөздерін оқытқызып ұпайы аз бір оқушы ойыннан шыгады.
4 тур- «Жорға»
Жүргізуші: келесі тур – соңғы турЖорға деп аталады.Бұл турдың шарты былай әрбір ойыншыға бірдей 10 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауапқа 10 ұпай беріледі.Екі ойыншы шығады.
Ұпайы көп ойыншы бастайды.
1 ойыншы.
1.Бір жылда неше ай бар? (12)
2.қазақ тілінде неше септік бар? (7)
3. Төбе шашы тік тұру – тұрақты сөз тіркесінің мағынасы қандай (қорқу )
4.ҚР-ның валютасы? ( теңге)
5.ҚР-ның Ата Заңы күні ?( 30 тамыз).
6.Қазақ халқының ұлттық музыкалық аспабы. (домбыра)
7.Алыс сөзінің антонимі (жақын)
8.Жалғаудың неше түрі бар? (4)
9.Қақтың тұңғыш ғарышкері (Тоқтар Әубәкіров)
10. Мақалды аяқта «Піл көтермегенді … (Тіл көтереді)».
2 ойыншы.
1.Мұғалім сөзінің синонимдері.(оқытушы.ұстаз).
2.Сілесу қату –тұрақты сөз тіркесінің мағынасы қандай.(шаршау).
3Жиі-сөзінің антонимін ата.(Сирек.)
4.Мақалды жалгастыр: «Көппен көрген ….»( ұлы той).
5.Жазушы Мұқановтың есімі кім? (Сәбит).
6.Алғаш рет мектеп ашқан кім? (Ы.Алтынсарин).
7.Қазақтың батыр қыздары кім? (Әлия.Мәншүк)
8.Қазақтың үш биін ата. (Әйтеке, Төле би, Қазыбек би).
9.фонетика нені зерттейді?
10.Мақалды аяқта. «Тіл тас жарады, тас жармаса…( бас жарады).
Жүргізуші. Шын жүйректер сыналады жарыста ,
Жарыстыңба орта жолда қалыспа.
Әділ қазы бағалайды сіздерді
Жеңіс-мәре жақынба, әлде алыспа, – демекші ендігі сөз кезегін әділқазыларға берейік!
Жүргізуші: Тілім менің өмірдегі тілегім,
Тілім менен тарихымды білемін.
Сан ғасырлар қалыптасқан тілімді,
Қадірлеп те, қастерлеп те жүремін. – деп. бүгінгі Тіл талапкері атты интеллектуалды шоу аяқталды.Жеңімпаз болған ойыншыларды құттықтаймыз. Биік белестерден көріне беріңіздер! Қош сау болыңыздар!
