ШҚО, Семей қаласы, Новобаженово ауылы
А.Ибраев атындағы жалпы білім беретін
орта мектебінің технология пәнінің мұғалімі
Айтмухаметов Жумахан Кенесханович
Сабақтың тақырыбы: Кәдесый ілгішін ағаштан үкі үлгісінде жасау.
Сабақтың мақсаты: Кәдесый ілгішін ағаштан үкі үлгісінде жасау туралы мағлұмат беру.
Міндеттері:
Білімділік: оқушыларға адам тұрмысында қолданылатын, ағаштан жасалатын қажетті бұйымдарды жасауға үйрету;
Дамытушылық: оқушыларға ағашты көркемдеп өңдеу арқылы бедерлеп ою әдісін меңгертіп, дамыту;
Тәрбиелік: оқушыларды еңбекқорлыққа баулу және эстетикалық тәрбие беру.
Сабақтың түрі: сарамандық жұмыс.
Сабақтың оқыту әдісі: әңгімелесу, көрсету, топқа бөлу, сарамандық жұмыс.
Көрнекілігі: үкінің үлгісі және сызбалары.
Құрал жабдықтар: қашау, ара, балға, қарындаш, сызғыш, А4 форматы, шеге, жіп, морилка, лак, құм қағаз, бұрғы, гуашь.
Пәнаралық байланыс: сызу, математика, технология пәндері.
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі:
а) Оқушылармен сәлемдесу және түгендеу;
б) Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру;
ІІ. Өткенді қайталау
а) механикалық кесу құралдарын ата?
б) ағаш бөлшектерінің қандай түрлерін білесің?
в) ағаш бетін оюдың қандай түрлерін білесің?
г) қашау не үшін қажет және түрлерін ата?
ІІІ. Жаңа сабақ
Үкіге балалар жұқа қабықты қарағай, үйеңкі, емен
сияқты жұмсақ ағаштарды пайдаланады. Қажетті материалды «Жас техник»
журналындағы линолеуммен жұмыс істеуге арналған 8, 12, 20 мм,
жартылай дөңгелек және V тәрізді қашаумен өңдейді.
Ағашпен жұмыс атқарып жүрген оқушыларға мұндай ілгіш жасау қиын
соқпайды.
Үкінің жалпы бейнесі 1-суретте, ал размері 6-көрсетілген сызуда
берілген. Үкіні жасау кезінде біраз қиындық тудыратыны – ол көз
ойықтары. Бұл жұмысты атқарар кезде жартылай дөңгелек қашауды
алып, үнемі айналдыра көздің ортасына бағыттап отыру керек. Денесі
мен қанаттары дайын болған кезде, оларды морилкамен өңдейді,
артынша құм қағазбен үйкеу керек және лак жағу керек. Көзі мен
айналмалы осін 8 суретке қарап жасау керек. Көз қарашығын қара және
сары гуашьпен бояп, лак жағыңдар. Қозғалысқа түсіретін механизм 7
суретте түсінікті етіп берілген, ал оның детальдары 2-5 суретте
көрсетілген. 4 ілгек төменге түскенде, 2 жылжытпаны тартады.
Жылжытпаға байланған жіптер қанаттарын көтереді (олар шарнирде
денесіне бекітілген) және көздің осін бұрады – көз ашылғандай болады.
Жылжытпа ойықтан шығып кетпеу үшін 3 көлденең таяқшамен оны
бекітіңдер, ал көздерге арналған тесікті 5 қақпақшамен жабыңдар.
Ілгектен салмақ түсіргіш алынған кезде көздері жабылады, ал қанаттары
түседі.
ІV.Сарамандық жұмысты ұйымдастыру
1) Оқушыларға құрал-сайманмен жұмыс істеу кезіндегі қауіпсіздік
техникасын қатаң сақтау керектігін ескерту. Қауіпсіздік техникасы
журналына қол қойғызу.
2) Оқушыларды санына қарай 2-3 топқа бөлемін.
3) 1-топтың оқушыларына үкінің сызбасын дайындауды тапсырамын.
4) 2-топқа ағаш дайындамаларын әзірлеуді тапсырамын.
5) 3-топқа маретиалды жасап шығаратын қажетті құрал-саймандарды
дайындау тапсырылады.
6) Әр топ сызба бойынша жұмыстарын жасауға кіріседі.
1-топ: үкінің денесін жасайды.
2-топ үкінің қанаттарын жасайды.
3-топ: үкінің ұсақ бөлшектерін (көзі, ілгіші, сырғытпасы, көзінің артына
жабылатын қақпаңын) жасайды.
V. Сабақты қорытындылау
Әр топ тапсырылған жұмыстарын талдап,
қорғайды. Кәдесый ілгішінің барлық бөлшектері дайын болған соң,
құрастыру.Әр топтың жұмысын бағалау.Жұмыс орнын тазалау, жинастыру, құрал-саймандарды мұғалімге өткізу.
VІ. Үйге тапсырма.