Жоба авторы және ұйымдастырушы:
Батыс Қазақстан облысы, Ақжайық ауданы, Чапаев ауылы
М.Әуезов атындағы № 2 ОЖББМ оқу ісінің меңгерушісі,
бейнелеу және сызу пәнінің мұғалімі
Меңдешева Айгүл Еділбайқызы
Ресми қолдаушы және ақпараттық қолдау:
http://www.45minut.kz — http://www.45minut.org Республикалық басылымы
Жобалар байқауының ЕРЕЖЕСІ
І. Жалпы бөлімі
1. Осы Ереже технология, бейнелеу, сызу пәндері бойынша 5-11 сынып оқушыларына арналған шығармашылық жобалар байқауының(ары карай Байқау) бағыт-бағдарын, мақсатын, өткізілу тәртібін айқындайды.
2.Байқау оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, ғылыми ізденіс пен зерттеу жұмыстарын өз еркімен меңгертуге, интеллектуалдық-шығармашылық қабілетін арттыру мақсатында өткізіледі.
Байқаудың басты шарттары:
— Баланың интеллектуалды-шығармашылық даралығын, танымдық қабілетін жетілдіру, қызығушылығын арттыру, зерттеу жұмыстарын бала кезінен қалыптастыру;
— Баланың ғылыми зерттеу жұмыстарына деген белсенділігін арттыру;
— Баланың даму сатысын және ғылымда қосымша ізденісін қалыптастыру, ғылым әлемінің сипатымен таныстыру;
ІІ. Байқаудың өтетін жері мен уақытының реті
3. Байқаудың өтетін кезеңі-15.05.2014 жылдан бастап 31.12.2014 жылға дейін.
4. Белгіленген уақыттан кейін түскен жұмыстар қаралмайды. Қойылған талаптар сақталмаған жұмыстар қабылданбайды.
IІІ. Байқаудың өткізілу тәртібі
5.Зерттеу жұмысының тақырыбын таңдаудағы өзіндік дәрежесі және зерттеудің жүргізілуі бағаланады, шығармашылық ізденіс, мәселенің терең талқылануы қаралады. Жеңімпаздарды қазылар алқасы анықтайды. Зерттеу жұмыстарының қорытындысы қазылар алқасы хаттамаға бекіткеннен кейін хабарланады.
ІV. Жұмыстардың мазмұны мен жабдықталуы
6. Байқауға 5-11 сынып оқушыларының аяқталған зерттеу жұмыстары қабылданады. Материалдарды aya7777@mail.ru почтасына жіберіледі.
7. Байқауға қатысуға 2 бағытта толтырылған жұмыстар алынады:
— технология пәні бойынша;
— сызу,бейнелеу пәндері бойынша.
8. Зерттеу жұмысы қазақ тілінде таныстырылады. Жұмыс көлемі 20 беттен асуы керек. Беттердің нөмірлері белгіленіп, берілген аралықта жазылуы тиіс.
9. Зерттеу жұмысына деген жетекші пікірінде, маманның зерттеуді бағалауында, зерттеушінің таңдаған тақырыбына қосқан жаңалықтары, жетістіктері мен кемшіліктеріне шолу болуы керек.
10. Жұмыстың жабдықталуына қойылатын талаптар:
1) жұмыс мәтіні толық компьпютерде басылып шығуы тиіс (WORD, 14 шрифт, 1,5 интервал, сол жақтан 2 см жол қалдыру) сондай-ақ:
— алғашқы бет;
— мазмұны;
— резюме (аннотация) – жұмыстың барысы туралы қысқаша мазмұндамасы;
— кіріспе – жұмыстың тиянақты сипаттамасы, тақырыптың таңдалуы, мақсаты, жұмыстың жүзеге асырылған жері;
— негізгі бөлім: зерттеудің жабдықталуы мен әдістері, экспериментті бөлімі, шыққан қорытындылар және талқылау;
— әдеби ізденістер мен нақтылықтардың (отандық және шетелдік) зерттеу кезіндегі әсері;
— қорытынды ( нәтижелер мен ұсыныстар);
— пайдаланылған әдебиеттер тізімі;
2) алғашқы бетте көрсетіледі:
— жұмыс жүзеге асырылған ұйымның аты;
— жұмыстың тақырыбы;
— бағыты;
— орындаушы (тегі, аты, сыныбы, мектебі, облысы, қаласы, ауданы);
— жұмыстың жетекшісі (аты-жөні, оқу дәрежесі, қызметі, жұмыс орны);
— жұмыстың орындалған уақыты;
11. Байқауда өз зерттеу жұмысын немесе ғылыми жобасын қорғайтын кезде қатысушылардың көрнекі — құралдары, сызбалары, суреттері не макеттері, сондай-ақ, дайындалған мәтіні болуы керек.
V. Қорытындылау және жеңімпаздарды марапаттау
12. Байқаудағы жұмыстар мынадай критериилер арқылы бағаланады:
— өзіндік даралық әдістер мен ғылыми зерттеу әдістерін пайдалану ;
— жаңашылдық пен өзіндік деңгейі (идеясының, әдісінің және нәтижесінің);
— жұмыстың дәлелдігі (идеяның ашылу тереңдігі);
— жұмыс мазмұнының жүйелілігі;
— сапалы орындалуы мен жинақылығы;
Қатысушылар қосымша мынадай номинациялармен марапатталады:
- ең жақсы эксперимент;
- ең жақсы бақылау;
- ең үздік жоба
- мәселені нақты ашқаны үшін;
- жұмыстың не жобаның ең жақсы презентациясы үшін;
- жобаның ең жақсы жетекшісі;
- ең жас зерттеуші;
13. Байқау қорытындысы сайт бетінде жарияланады.. Жеңімпаздар әр бағыт бойынша және жас ерекшеліктеріне байланысты марапатталады. Жеңімпаздар дипломдармен, мақтау қағаздарымен және ұйымдастыру алқасы тағайындаған сыйлықтармен марапатталады. Байқау жеңімпаздарымен қатар жетекшілері және ұжым да марапатталады.
14. Ерекше көзге түскен жұмыстар байқаудың қорытынды жинақтамасында басылып шығарылады.
15. Әр бағыт бойынша жеңімпаздар тізімі және ең үздік жобалар (авторлардың келісімі бойынша) сайтқа қойылады.
Конкурстың берілген белгілі бір тақырыбын бересіздерме?
Конкурс технология саласы бойынша зерттелген кез-келген ғылыми жобаны қамтиды.Яғни тақырыпты өздеріңіз таңдайсыңдар, технология, өнер саласына жататын болса болды….