Ән сабағы. Сөйлем

Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин селосы.
Абай атындағы қазақ орта мектебі. Бастауыш сынып мұғалімі
Каримова Айгүл Аманбайқызы

Сабақтың тақырыбы : Ән сабағы. Сөйлем.
Cабақтың презентациясын жүктеп алу:  Ән сабағы. Сөйлем. (PDF)
Сабақтың мақсаты : 1. Қазақтың атақты әншісі Күләш Байсейітова мен би өнерінің негізін қалаған Шара Жиенқұлова туралы  түсінік беру. Өлеңді мәнерлеп, түсініп оқуға  машықтау. Сөйлем туралы білімдерін толықтыра түсу. 2. Өз ойларын еркін жеткізе білу қабілеттерін дамыту. 3. Өнерге деген құштарлығын ояту. Әсемдікке,  әдемілікке баулу.
Сабақтың түрі  :  Жаңа сабақты меңгерту.
Сабақ көрнекілігі : Мультимедия  Пәнаралық байланыс : Музыка
Жүру барысы : І Ұйымдастыру.
Психологиялық дайындық
Бір, екі, үш,
Бойға жинап күш.
Ана тілін бастаймыз,
Білімнен біз қашпаймыз.

ІІ . Өткен сабаққа шолу.
–    Жамбыл атаның қандай өнері болған ?
–    Жамбыл атаның балаларға арналған қандай өлеңін оқыдық ?

ІІІ. Жаңа сабақ
1.«Ой шақыру »
– Балалар, тақтадағы суреттерге назар аударайық.
–  Суреттегі зат атауларының алғашқы дыбыстарын атайық.
– Қандай сөз шықты? ( Өнер )
– Өнер деген не?
( Өнер – адам бойындағы қасиет, дарындылық. Өнердің туа біткен және жүре бара үйренетін түрлері болады. )
– Өнердің қандай түрлерін білесіңдер ?
( Балалар жауабы )
Өнердің түрі көп. Біздер бүгін өнер адамдарымен таныс боламыз.

2. «Жаңа есімдер қонақта »
Олар- қазақтың атақты әншісі – Күләш Байсейітова мен «би падишасы »- Шара жиенқұлова апаларың.
Күләш Байсейітова – 1912 жылы дүниеге келген. Қазір Алматы қаласында Күләш байсейітова атында консерватория бар.
Шара Жиенқұлова – 1912 жылы дүниеге келген.
Күләш « Қыз Жібек » операсында « Гакку » әнін орындаған, ал Шара бұл операда билер орындаған.
– Қазір біздер К. Байсейітованың « Гакку » әнін тыңдап көрейік.

3. Әдеби мәтін тапсырмасы.
Оспанхан Әубәкіров (1934-1986 )- актер, сатира жанрын дамытушы.
« Ән сабағы » өлеңімен таныс боламыз.
4. Өлеңмен жұмыс
– Мұғалім оқып, өлең мазмұнын ашу.
– Оқушыларға мәнерлеп оқыту.

Сергіту сәті
( Өлеңнің әуенін тыңдау )
Мектепте «Балауса » бишілер тобы бар.
5. Шығармашылық жұмыс
( Сөйлем құрап жазу )
Көктем                           Бәйшешек                       Құстар
( Осы суреттер бойынша сөйлем құрау және оны тақтаға жазу )
6. Өздік жұмыс
– Оқушыларға сөйлемді дауыс ырғағын келтіре отырып оқыту
– Сөйлем соңына тиісті тыныс белгіні қойып жазу.

7. «Жалғасын тап !» ойыны
( мақалдар жалғасын табу, оның мағынасын ашу )

Асыл тастан шығар…
Өнер жастан шығар

Өнерлі өрге…( жүзер )

Ақыл көпке жеткізер…
Өнер көкке жеткізер.

ІV. Бекіту
1 . Сөйлем неден құралады ?
А. Буыннан      В.    Сөзден      С.     Дыбыстан
2. Сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады ?
А. Сызықша     В.   Үтір         С.  Нүкте
3. Сөйлемдегі сөздер қалай жазылады ?
А. Сөздер бір-бірінен бөлек.  В. Сөздер бірге жазылады.  С. Бәрі де бас әріппен
4. « Балаларға » өлеңін кім жазды ?
А. Жамбыл Жабаев      В. Ахмет Байтұрсынов       С.  Ыбырай Алтынсарин
5. Күләш Байсейітова кім ?
А. Биші        В. Суретші      С.   Әнші
6. Шара Жиенқұлова кім?
А. Ақын      В.  Биші     С. Күйші
V. Бағалау
VI . Үйге тапсырма

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше