«Қош бол, құтты – «Әліппе» Тәрбие сағаты

Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы № 47 жалпы білім беретін
орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Рахатбаева Жазира Капаровна

Тақырыбы: «Қош бол, құтты –  «Әліппе» Тәрбие сағаты
Мақсаты:  1) білімнің сара жолы әліппе екенін, әліппеден оқып үйренген білімнің негіз болып қаланатынына көз жеткізу.
2) алғаш әріпті үйреніп, қолына қалам алып жаза білуінүйреткен әліппемен қоштасу.
3) Білім берер ордасы – мектепті, ұстазды құрметтеп, ата-аналарды сыйлай білуге және оқушылардың білімге құштарлығын арттыру.
Көрнекілігі: «Шуағын төккен балалық шақ» фотомонтаж. Слайдтар. Қанатты сөздер мен тақырып. Кіріспе сөз:
Мұғалім: Бұл оқу тамақ болар қарны ашқанда,
Жол табар қараңғыда, адасқанда
Мал озбас біле білсең білім озар,
Ақыры керек болар бір сасқанда,-деп
Міржақып ақын айтпақшы, тарыдай болып кіріп, ақыл-ойлары толысып, оң мен солды танып, жақсы мен жаманды айыра білуді үйреткен – бұл, қолдарына алғаш рет ұстап, бетін ашып оқыған кітаптары «әліппе» екені бәрімізге мәлім.
Әліппе кітабы білімге бастайтын алғашқы жол. Ендеше, Бүлдіршіндеріміздің және ата-аналарымыздың ұйымдастыруымен өткізгелі отырған  «Қош бол, әліппе» мерекесін бастауға рұқсат етіңіздер.
Бесіктегі баланың,
Күлгенің көрген-бір мұрат
Алдына түсіп ананың
Жүргенің көрген бір мұрат,
дегендей әжелеріміздің шашуымен әліппемен қоштасқалы отырған түлектерімізді ортаға шақырайық.
Толқимыз, толқып тұрсың баршаңызда
Мұндай күй болған шығар баршаңызда
Қол соғып қошеметтеп ортамызда
1 «В» бүлдіршіндер ортамызда.
Музыка әуенімен 1 «В» сынып ортада. Слайд.
Биыл тәуелсіз мемлекетіміздің 20 жыл мерейтойымен бүлдіршіндеріміздің мектеп табалдырығын аттағаны тұспа-тұс келіп тұр. 1986 жылы желтоқсан көтерілісі – ХХ ғасырдағы айтылулы оқиға.  Ол халық жүрегінде мәңгі сақталады. Сол желтоқсан батырлары Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Қайрат Рұсқылбеков, Ербол Сыпатаевтарды тағы басқа қаза болған ержүрек ұл-қыздарымызды орындарыңыздан 1 минут үнсіз тұрып, еске алуды сұраймыз.
Әнұран
Қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған,, білім нәрімен сусындатқан ұстаздарға және ата-аналарға өз өнерін көрсетуге дайын. Олай болса жүргізушілерді ортаға шақырайық.

I жүргізуші:
Бала шаққа болашақты жырлатып,
Шәкірттерге ой түзеткен сымбатты
Күн нұрындай сәуле құйған көңілге,
Армысыздар ұстаз қауым қымбатты.
II жүргізуші:
Армысыздар әжелер мен аналар,
Ұрпағымыз күнде өзіңнен бата алар
Ел дәстүрін мәңгі сыйлап оқы деп,
Үйреткен ғой Абай, Ыбырай бабалар
I жүргізуші:
Армысыздар өр тұлғалы әкелер,
Қыран құстай балапанын мәпелер
Бүгін міне, әліппемен қоштасып
Азамат болды, кешегі сәби-еркелер.
II жүргізуші:
Өсті міне бойлары
Өсті міне ойлары
Қуанышқа ортақпың
Құтты болсын тойлары.
I жүргізуші:
Шашу шашу шашайық
Ақ сандықты ашайық
Бұл мереке бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық.
Ендеше, сонау алыс жақтан бүлдіршіндерге арнап өздерінің ән шашуын ала келіпті.
Әжелер тобы. «Қазағым менің»
Ұстаздар, I, II жүргізуші сөзі.
II жүргізуші:
Ендігі кезекті бүлдіршіндерге берейік.
Арсен:
Ата-апа атын сен
Бізге үйреттің әліппе
Қоштасқалы тұрсың сен
Жақын келші  әліппе.
(әліппені хормен шақырамыз )
Назира:
Білім-оймен арымыз
Рухани нәріміз
Әне, әліппе келеді
Қол соғайық бәріміз.
(әліппе ортаға шығады)
Әліппе (Ажар 5 сынып):
Армысыңдар, жас достар!
Армысыңдар ата-ана,
«Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға»
–    Балалар, сендер мені оқып тауыстыңдар, әріптерді жақсы меңгердіңдер. Енді сендерге әрі қарай білім беретін «Ана тілі» және өздерінің оқып жүрген пәндерін…
Мерей:
Әліппені сыйлаймыз
Қоштасуға қимаймыз
Бізбен бірге отырып
Ән шашуды тыңдаңыз.
(«әліппе» әні орындалады)
Балнұр:
Ең алғаш алғанымда «әліппені»
Қызығып қарай бердім әріптерді
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді
Ұстазым оның кілтін алып берді.
Расул:
Оқуды көп ойладық
Қызығына тоймадық
Әріптерді үйреніп
Сауат аштық тойладық.
Талшын:
Гүлге толып жан-жағым
Асыр салып жүгірдім
Өсті талап-талғамым
Көп нәрсенә ұғындым
Сен үйреттің сөйлеуді
Сенде ойым есейді.
Мади:
Әліппемен аштым өмір есігін
Тербетемін білім бөбек бесігін
Өмір деген өрлі өзеңге шомылып
Жаттап өттім ұстазымның есімін.
Ө.Әйгерім:
Ашыла берді алдымнан
Кең дүние есігі
Соғылған сомдар алтыннан
«Әліппе» білім бесігі
К.Расул:
«Әліппем» менің «әліппем»
Сені алып қолға мен
Есігін аштым білімнің
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Н.Еркежан:
Алғаш рет өзіңнен
Білім алды балалар
Оқу сырын өзіңнен
Ұғым алды балалар.
Қазбек:
Күндерге күн ұласты
Жылжып-жылжып жыл асты
Ойдағыдай бітірдім
Мен әліппе сабақты.
Дана:
Бар әріппен достасып
Бала болдым, жол білдім
Әліппемен қоштасып
«Ана тілге ендім мен»
I жүргізуші:
Көп, рахмет балалар, қандай әдемі өлең шұмақтарын оқыдыңдар! Енді, өздерің жақсы көріп сыйлайтын, сендерді өз баласынан кем көрмей, оқуға және жазуға үйреткен мұғалім еңбегі шексіз, мұғалім мектептің жүрегі – деп Ыбырай атамыз бекер айтпаған. Келесі жырларды Ұстазға арнайық.
Хор «Мұғалім ол біздің»
Диана :
Өтті оқу сан сабақ
Бүгін үлкен салтанат
Оқулықпен достасып
Әліппемен қоштастық.
Қ.Еркежан:
Қолыңа тұңғыш қалам ап
А әрпін алғаш жазарсың
Білі ал А-ны саралап
Б-сына көзді саларсың.
Әділ Әлібеков:
Болды кезім ұқпаған
Болды кезім мақтаған
Болды кезім ұстаздың
Ойынан дәл шықпаған.
Аяулым:
Көлге айналған бұлақтың
Қайнар көзін көріп пе ең?
Том-том қалың кітаптың
Басы болар «әліппең»
II жүргізуші:
Балалар сендердің жамандықтарыңды жасырып, жақсылықтарыңды асырып жүрген ата-аналарын  қатарларының теңі болып, көйлектері көк, тамақтарын тоқ болулары сол кісілердің арқасы. Ендеше осы ата-аналарымызға да лебізімізді білдірейік.
Диана :
Алфавиттің А тұрады басында
Әрқашанда Ә тұрады қасында
Байқадың ба
Б тұрады үшінші
Ал осының
Сыры неде түсінші.
Айдана:
А деген ол –
Аналар ғой ардақты
Ә деген ол –
Әкелер ғой ардақты
Б деген ол –
Балалар ғой әдемі.
Альбина:
Алшақ кетпей
Сондықтан да
Тұрады олар
Алфавиттің басында.
(Мерейдің мамасы әң айтады: «сенің анаң алтын, менің анам алтын»)
Бәрімізді сүйіп өткен
Балаларға үйреткен
Әліппе мен ұстазға
Бас иеміз құрметпен.
–    Жарайсыңдар балғындар. Сендерге рахмет. Ана тілін сүйіңдер, осыған бас иіндер.
–    Ал, балалар өнерлеріңізді тамашаладым, өте жақсы.
–    Менің басқа да баратын жерлерім бар. Талаптарына нұр жаусын демекпін.
(сыйлығын береді, ертеңгілік соңынан мұғалімнің табыс етуі сұралады)
Қош бол, сүйікті «әліппем» (Хормен)
I жүргізуші:
Қош бол құтты әліппе
Көп нәрсені үйреттің
Таныстырып әріппен
Тақылдатып сөйлеттің.
II жүргізуші:
Жаңадан келген достары
Өнерлі болар достарың
Ортасында жүре бер
Аман болсын бастарың.
Хормен: Әліппемен қош айтысып қаламыз
Енді қолға басқа кітап аламыз.
Ана тілі (амандасу)
-Балалар, енді бұрынғыдан да қөп оқитын боласыңдар. Мен сендерге Ана тілі кітабымды таратып бердім. Ынта қойып оқысыңдар, көп нәрсені үйренесіңдер.
-Ал, кім маған өз өнерлерін көрсетіп, кітап оқып береді. (Кітап оқу)
Математика (Мерей 5 сынып):
Сәлемет пе достарым
Сабағы боп жоспардың
Төрт амалды қалданған
Төресімін ғылымның.

Ақыл-ойға кетемін
Ақиқатқа жетемін
Есептесе дұрыстап
Елге қызмет етемін.

Есептері қыруар
Ерекше мол сыры бар
Есеп оның анасы
Санамақты санашы.
(Қ.Раул санамақ айтады)
-Балалар, кім ойын есепті шапшаң, нешеге шығара білер екен, зеректеріңді тексеріп көрейік.
Бір балапан ұяда
Бір балапан қияда
Екеу болды есебі
Қонды ұяда нешеуі (біреу)

Ақбаз, көкбаз – екі жұлдыз
Жетіқарақшы жеті жұлдыз
Шоғымен шоғыр жұлдыз
Тобымен неше жұлдыз.  (тоғыз)

-Балалар, математиканы да жақсы меңгеріпсіңдер, «көп рахмет» әлі де сендермен жолым бір болады, өмір бойы сендермен бірігіп жұмыс істеймін, сабақтарыңдв жақсы ққыңдар.
I жүргізуші:
Жаза білді ананы
Жаза білді баланы
Ортаға шығып Қазбек
Жақсы бір әнге салады.
Қазбектің орындауында  «Жас даурен» әні
II жүргізуші:
Қыздарымыз бұралып
Қамажайды билейді
Шора апамдай бөпем деп
Жасқануды білмейді.
Аяулым, Альбина, Назира, Диана орындауында «Қамажай » биі
I жүргізуші:
Ертегілер әлемі
Қазір бізге келеді
Оқушылар бірігіп
«Мақтақызды» қайтып береді.
( «Мақтақыз бен мысық ертегісі»)
II жүргізуші:
Айдана бар біздерде
Тең келмейді жүздерге
Ортаға шығып сіздерге
Ханшайым биін билейді.
Диана, Арсен, Назира
Әнді жақсы көреді
Сіздерге қазір Қошақаным әнін
Айтып береді.
I жүргізуші:
Отбасылық өмірдің
Қойылымын қояды
Қызықты бір сәттердің
Бәрі де есте қалады.
(көрініс)
Ән айтылады «Әжелердің әні»
II жүргізуші:
Әліппенің тойында
Әркім құмар ойынға
Әріптер сырын ашады
Ұлдар мен қыздар
«Қара жорғаға» басады.
I жүргізуші:
Мың бұран билейміз
Өлең, әнді сүйеміз
Өз елім менің деп
Әнде шырқап береміз,-деп Арсеннің орындауында  «Өз елім» әні
Ұстазым ұлағатым саябағым,
Шәкіртті өз балаңдай аяладың
Қолына әліппенің кілтін беріп
Адалдық ақ жолында бағаладың.
II жүргізуші:
Ұстаз жолы қиынырақ басқадан
Сырлары мол әлі сыртқа шашпаған
Шаршаса да осы жолдың бойында
Қандай жақсы шын бақытын тапса адам.
( «Ұстазым» әні ата-аналар орындауында)
№47 жалпы орта білім беретін мектеп меңгерушісі Гүлнар Мұратовнаға сөз беріледі  және т.б.
I жүргізуші:
Әліппемен қош айтысып қоямыз
Енді қолға басқа кітап аламыз
Ата-ана қуанышқа ортақ боп
Сауатты боп шықты міне балаңыз.
II жүргізуші:
Қол жаяйық халайық
Бата тілеп алайық
Ертеңгілік кешінің
Пердесін осымен жабайық.
(әжелердің ән- шашуы  «Бұлқынған жүрек», «Ақ көгершін»  әнін орындау, құс ұшыру)

Добавить комментарий

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше