«Әдебиет пәні бойынша негізгі сатыда құзыреттіл ікті қалыптастыру тапсырмаларын жобалау»

Балқаш қаласы С.Сейфуллин атындағы

№7 мектеп-гимназиясы Уәлиева Әсемгүл

Тақырыбы: «Әдебиет пәні бойынша негізгі сатыда құзыреттілікті

қалыптастыру тапсырмаларын жобалау»

Қазақстан бәсекеге қабілетті елдің қатарына ену жолында білім берудің жаңа даму кезеңін және жаңару үрдісін басынан кешіруде. Сондықтан білім беру мақсаты мен мазмұны қазіргі заман талабына сай анықталуда. Өзге мемлекеттер тәрізді Қазақстан да әлемдік өркениеттер қатарынан лайықты орынды иеленуге ұмтылуы қажет екендігі белгілі. Мұндай биік мұраттардың орындалуында танымдық құзіреттілікті дамытудың атқарар қызметі, қосар үлесі зор.

Бүгінгі заман талабына сай XXI ғасыр азаматын тәрбиелеу үшін құзіретті білім беру басты нысан болып табылады.

Ал білім берудегі қазақ тілі мен әдебиетінің рөлі ерекше. Өйткені, ананың ақ сүтімен бойға дарыған ана тілі – баланың жалпы дүниетанымын, ойлау қабілетін қалыптастыратын негізгі құрал екендігі Қазақстан Республикасының «Тілдер туралы Заңында» нақты айтылған. Яғни тіл арқылы адамдық болмысың қалыптасады, ненің жақсы, ненің жаман екенін салмақтай аласың.

Олай болса, бүгінгі өскелең ұрпаққа ана тілі мен әдебиетін жетік меңгерту, оны қарым-қатынас құралы ретінде емін-еркін пайдалана алатын оқушы дайындау – біздің міндетіміз. Осы міндетті дұрыс орындау үшін құзіреттіліктер жиынтығын қолдана отырып, қазақ әдебиеті пәнінен 5-сыныпта Н.Серәлиевтің «Аңсау» әңгімесі бойынша тапсырмалар жүйесін жобалайық.

Құзіреттілікке бағытталған тапсырмалар арқылы өз пікірі , эстетикалық талғамы бар сауатты, мәдениетті оқырман дайындауға және өзгенің пікірімен санаса білуге жағдай жасалады. Бұл әрекетті іске асыру үшін төмендегідей жұмыс түрлері іске асырылады:

– мазмұндық жоспар құрып, әдеби талдау жасау

– тапсырмалар арқылы құзіреттілікті қалыптастыру

-әңгіме бойынша қосымша ақпараттар жинау

-Кейіпкерлерге мінездеме беру.

-шығармашылық жұмыстар орындау

Яғни осы әрекеттер нәтижесінде авторлық позицияны таныта отырып, оқушының тұлғалық қасиетін дамыту және оны шынайы өмірде пайдалана алуға мүмкіндік беруге жол ашады. Тапсырмалар арқылы өзіндік пікірлері қалыптасады, бір-біріне деген сыйласымдылықтары мен тілге деген құрмет артады.

Сондықтан оқушылар шығарманы талдай отырып, әдеби талдау жасауға, өз бетінше қажетті ақпаратты табуға, шығармашылық жұмыстарды орындауға үйренеді, құзыреттілік қасиеттерді игереді.

Негізгі құзыреттіліктер түріндегі күтілетін нәтижелер ретінде ұсынылған білім беру жүйесінің мақсаттары:

  • проблеманың шешімін табу құзыреттілігі (өзіндік менеджмент);
  • ақпараттық құзыреттілік;
  • коммуникативтік құзыреттілік.

Проблеманың шешімін табу құзыреттілігі:

  • әр түрлі жағдайлардағы проблемаларды анықтауға, жауапты шешім қабылдауға, өз шешімінің нәтижесін бағалауға;
  • өз қызметіне мақсат қоюға, оны іске асыру үшін қажетті жағдайларды анықтауға, жетістікке жету үрдісін жоспарлауға және ұйымдастыруға;
  • өзіндік бағалау мен қорытынды жасауға, өзінің әрекеті мен оның нәтижелерін бағалауды жүзеге асыруға;
  • барабар қойылған міндеттерге технологияларды таңдауға, технологияларды нақты қадағалауға мүмкіндік туғызады.

Ақпараттық құзыреттілік:

  • сыни тұрғыдан талданған ақпараттар негізінде саналы шешім қабылдауға;
  • өз бетінше мақсат қоюға және оны негіздеуге, жоспарлауға, осы мақсаттарға жету үшін танымдық қызметтерді жүзеге асыруға;
  • өз бетінше табуға, талдауға, іріктеу жасауға, қайта құруға, сақтауға, түсіндіруге және ақпараттарды тасымалдауды, АКТ – ның көмегімен жүзеге асыруға;
  • логикалық операцияларды қолдана отырып, ақпараттарды өңдеуге;
  • қызметін жоспарлау және жүзеге асыру үшін ақпараттарды қолдануға мүмкіндік береді.

Коммуникативтік құзыреттілік:

  • нақты өмірлік жағдайларда өзінің міндеттерін шешу үшін қазақ және басқа тілдерде ауызша және жазбаша коммуникациялардың түрлі құралдарын қолдануға;
  • стиль мен жанрды қатысымдық міндеттердің барабар шешімдерін таңдауға және қолдануға, әдеп нормасына сәйкес өзіндік пікірін білдіруге;
  • қарым – қатынас диологына түсе отырып, жанжалдық ахуалды шешуге, жалпы нәтижеге қол жеткізу үшін түрлі позициядағы адамдармен топта қарым – қатынас орнатуға мүмкіндік береді.

Олай болса, бүгінгі өскелең ұрпаққа ана тілі мен әдебиетін жетік меңгерту, оны қарым-қатынас құралы ретінде емін-еркін пайдалана алатын оқушы дайындауда құзіреттіліктер жиынтығын қолдана отырып, қазақ әдебиеті пәнінен 5-сыныпта Н.Серәлиевтің «Аңсау» әңгімесі бойынша тапсырмалар жүйесін жобалайық. Міне осы бір оқушыны өзіне бірден баурап алатын шағын ғана әңгіменің көтеріп тұрған жүгін біреу білсе, біреу білмес. Сондықтан төменде берілген тапсырмалар жүйесі әңгіменің табиғатын ашып, оқушының жан-жақты талдауына бірден-бір жол ашары анық.

Деңгей Бөлім Тақырып Проблеманың шешімін табу құзіреттілігі Ақпараттық құзыреттілік (аспектілер, тапсырмалар) Коммуникативтік құзыреттілік (аспектілер, тапсырмалар)
Негізгі саты

5-сынып

ХІХ – ХХ ғасыр әдебиеті Н.Серәлиев «Аңсау» 1.Проблеманы сәйкестендіру (анықтау)

Тапсырма:

– Мәтінді жоспар бойынша әңгімелеп, басты оқиғалар мен кейіпкердің іс-әрекетін сәйкестендір.

(кесте №1)

-Ермек пен қарттың жолығуына себеп болған сәйкестікті тап.

– Қазақ баласының

орысша араластырып сөйлеуінің себебін анықтау.

-Немеренің ата мен

әжені баурап алар

қасиеттерін ашу, өз бо-

йыңнан іздеу.

-Ермекті ата мейіріміне бөлеген Қалымбет қарт сені қандай әсерге бөледі?

2. Әрекетті жоспарлау және мақсат қою

Тапсырма:

-Өзіне ұнаған үзіндіні

тауып, «Түсініктеме

күнделігін» толтыру.

-Қарт пен Ермек арасын-

дағы қарым-қатынасқа өз пікіріңді білдір.

-«Күнде көріп жүргеннен

Таулардың биіктігі бай-

қалмайды немесе күнде көріп жүрген адамдар арасында аңсау деген бола ма?» ойтолға.

3. Технологияларды қолдану

Тапсырма:

– Кейіпкерлер бейнесі бойынша концептуалды кесте толтыр.

(кесте №2)

4. Ресустарды жоспарлау

Тапсырма:

Алдын ала берілген тапсырмалар бойынша әр топ төмендегі тапсырмаларды орындайды:

1-топ Есік ашу, киіт беру, қыздың дүниесін беру салттары туралы мәліметтер жинау.

2-топ: Әңгімедегі кейіпкерлердің портреттерді теріп жаз.

3-топ: әңгімедегі мата атауларын теріп жаз.

5. Қызметті бағалау

Тапсырма:

– Әр топтың дайындаған пікіріне басқа топтар өз пікірлерін білдіріп, нәтижені бағалайды.

1.Ақпараттық ізденісті жоспарлау

Тапсырма:

-Аңсау, сағыныш тақырыбында өлеңдер

оқып, әндер шырқау.

2. Тіл туралы мақал-мәтел

дер тауып жаз.

3. Қонақ күту жоралғылары туралы не білесің?

2. Алғашқы ақпаратты бөліп алу

Тапсырма:

-Аңсау деген қандай сезім?

-Тіліміздегі «Шала қазақтар» сөзінің мәнін ашу.

-«Жақсы келсе, құт болар» әңгімелеу

-ауыл баласы мен қала баласының

ұқсастықтары мен айырмашылықтарын және ортақ белгілерін кестеге толтыр. (кесте №3)

– 3. Қайта алынған ақпаратты бөліп алу

Тапсырма:

Ақпарат көзінен алынған мәліметтерді бір жүйеге келтіріп топтау.

– Қ.Әбілдақызының «Жіберейік қыдыртып…» өлеңін оқығаннан кейін түйген ой.

-Қала баласының ана тілінде еркін сөйлей алмауының себептерін аш.

-«Келіні жақсының -керегесі алтын» ойтолға.

4. Ақпаратты өңдеу.

Тапсырма:

-Әңгімедегі «аңсаудың» астарында не жатыр деп ойлайсың?

-Қазақ келіндеріне тән тән қасиеттерді топтап жаз.

– Өзің қонақ болып барғандағы іс-әрекеттеріңе баға беріп көр.

5. Ақпаратты өңдеу кезінде логикалық операцияларды пайдалану

Тапсырма:

-Танымайтын адамды үйіңе кіргізесің бе? (кіргіземін немесе кіргізбеймін) Пікірталас ұйымдастыру

6. Қызмет өнімінің нәтижесін бағалау.

1.Жазбаша қарым-қатынас

Тапсырма:

1. Шығарманың автор-

лық позициясын

таныта отырып,

ондағы көтерілген мәселеге өз көзқара-

сыңды білдір.

2. «Өзіңді аңсап…» ойтолғау жазу

3. Ауылдағы ата мен әжесіне хат жазу.

2. Көпшілік алдында сөз сөйлеу:

Тапсырма:

-Бала тәрбиесіндегі ата мен әженің рөлі.(ойталқы)

-«Бұл кезде Ермек

ұйқы құшағында жатқан…» Сенің ойыңша оның

түсі не болуы мүмкін?

-Бауырсақты дайындау тәсілі

– 3. Диалог

Тапсырма:

-Рөлдік ойын. (Қарт

пен бала арасын-

дағы диалог бойынша )

-Ермектің атасына

деген сағынышын

сөндірмеу үшін.. не

істер едің?

4. Өнімді топтық қарым-қатынас

Тапсырма:

– «Немере де тәтті-ау» сөзінің мағынасын аш.

-«Менің атам» ойтолғау.

-«Менің түсім» суретті кітапша жасау.

5.- Әр топтың жұмысын қорытындылап, шешімдерін жинақтайды, пысықтау үшін сұрақтар қояды, өз идеялары мен өзге топ мүшелерінің идеяларын сәйкестендіреді.

Қорыта айтқанда, елімізді бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына жеткізетін, басқа дамыған елдермен терезесін тең ететін – білім екені баршаға аян. Қазіргі білім жүйесінің ерекшілігі – тек біліммен қаруландырып қана қоймай, өздігінен білім алуды дамыта отырып, үздіксіз өз бетінше өрлеуіне қажеттілік тудыру. Осы орайда құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар арқылы оқыту өз нәтижесін беріп, оқушы бойында адами құндылықтардық қалыптастыра отырып, ойы ұшқыр , ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны қалыптастыра алады.Осындай құзырлы тұлғаны қалыптастыруда ұстаздардың алдында тұрған міндет: табысты және тиімді әрекетке дайын, өзінің пікірін білдіруге және өзінің іс-әрекеті мен өмір сүріп отырған қоғам үшін жауапкершілігін түсінуге қабілетті, отбасындағы, қоғамдағы, еңбек ұжымындағы әлеуметтік рөлін сезінетін тұлғаны қалыптастыру.

Жалпы білм беру мазмұнын жаңарту стратегиясында бірден – бір білім берудегі жаңару негізі «құзыреттілік қарым – қатынас» деп аталады. Бұл жалпы білім беру мазмұнын жаңарту негізіндегі оның басты мақсатының сапасы.

«Құзыреттілік» анықтамасы әдебиетте білім мен мүмкіндіктің бірігуін, зерттеу еңбегінің нәтижесін, жеке тұлғаның сапасын, жалпы мәдениет пен істің күрделі мәдени жиынтық түрлерін іске асыра алуын, адамның өзгелермен қажетті байланыс құрып, оны сақтай алуын білдіреді.

Ендеше, орта мектептің негізгі сатысында әдебиет пәнін оқытуда құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды пайдалану нәтижеге қол жеткізудің бірден – бір тиімді жолы.

Тәжірибеде кеңінен тараған, әрі тиімділігімен, нәтижелілігімен ерекшеленетін шағын шығармаларды талдаудың түрі – проблемалық талдау. Ол оқушылардың танымын арттыру, ойлау белсенділігін жетілдіруде үлкен рөл атқарады және өзіндік ізденісіне мол мүмкігдік ашады, әрі дамыта оқытудың бір жолы ретінде де пайдалы болып келеді. Оқытудың бұл әдісі көркем шығарма негізіндегі проблеманы дәл тауып, нақты проблемалық сұрақтар әзірлеуді талап етеді. Сұрақтың бұл түрі негізінде оқушыға «бейтаныс», шешуді қажет ететін мәселе, проблема болады. Проблемалық жағдаят, проблемалық сұрақтар сол көркем туынды мазмұнында жатқан, сол туынды көтерген проблемалар арқылы туындап, оны шешу жолында оқушының жан – жақты құзырлығын талап етеді.

шығармашылық баяндама.docx

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше