Болашақты бірге жасаймыз


Жақсыбаева Әсемгүл Тәңірбергенқызы

Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы №132 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі

Әрбір мемлекеттің болашағы ол жастардың қолында. Болашақта ел тізгінін ұстайтын азаматтар – бүгінгі жастар. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт болашағы-білімді ұрпақ қолында» дегені жарқын істерге апарар жолды меңзеп тұрғандай. Расында, бүгінгі жас- ертеңгі елдің тірегі, келешектің келбеті емес пе? Сол себепті олардың білімді, алғыр, бәсекеге қабілетті болып өсуі ел дамуындағы аса маңызды фактор.

Ұрпақ тәрбиелеу – ұстаздар мен ата-ананың басты міндеті. Бүгінде жан-жақты білім аламын деген жастарға мемлекет барынша жағдай жасап отыр. Кез- келген ата-ана өз баласының бірнеше тілді меңгеріп, болашақта білікті маман болғанын қалайды. Ал мұндай жетістікке жетер жолдың бастауы – мектеп, сол мектепте берілген білім жеткіншектің бар тірлігінің қайнар бастауы болып табылады.

Ғұлама ғалым Ахмет Байтұрсынұлы «Балам дейтін жұрт болмаса, жұртым дейтін бала қайдан болсын»,-деп бекерге айтпаса керек. Сондықтан кіші жасынан балаларға тәлім – тәрбие беру, отанын, отбасы мүшелерін сүюді үнемі ұстаздар қауымы бала бойына сіңіру жолында аянбай насихаттап келетіндігі баршамызға белгілі. Осы тұрғыда мұғалімдердің ерен еңбегі өлшеусіз деп айтсам еш қателеспейпін деп ойлаймын. Яғни, бала болашағы – бір отбасының ғана емес, бүкіл қоғамның, тұтас бір ұлттың бүгіні мен ертеңін жалғайтын көпірі іспетті. Жас буынның саналы да тәрбиелі болып өсуіне алдымен отбасындағы тәрбиенің маңызы ерекше екендігі бәсенеден белгілі. Бала деген жас шыбық тәрізді. Өнегелі тәрбиені бала бойына сіңіретін отбасы. Қай заманда болмасын адамзаттың алдында тұратын басты мұраты мен міндеттерінің алғашқысы – өзінің ісін, өмірінің жалғасы болатын ұрпақ тәрбиесі. Адамзат баласы ұрпағымен мың жасайды деп айтқан дана халқымыз. Олай болса адамзат баласы сан ғасырлар бойы ұрпақтар жалғастығымен келеді. Осы орайда, Елбасының «Әрбір адам бала кезінен «Қазақстан – менің, Отаным, оның мен үшін жауапты екені сияқты, мен де ол үшін жауаптымын» деген қарапайым ойды, бойына сіңіріп өсетіндей болғаны жөн» деген жақсы сөзді еш уақытта жадымыздан шығармағанымыз абзал болар еді. Біздің өмір сүріп жатқан ХХІ-ғасыр-білім ғасыры. Білімді игеруге, бәсекеге қабілетті бола білуді, парасатты ұрпақтың ұлылыққа қол жеткізе алатын алтын ғасырымыз болып тұрағандығы белгілі. Ең бастысы өзімізді жоғалтпауымыз қажет. Өз ұлтымызды, өз тілімізді, өз дінімізді, қазақ деген атымызды жоғалтпауға өсіп келе жатқан ұрпақ мүдделі болуы қажет. Жерін, елін, отбасын қорғау қашанда әрбір азаматтың борышы деп түсінуіміз керек. Бүгінгі жастарымыз жат ағымдардан, дәстүрлі емес діндерден аулақ болуын қадағалау біздер ұстаздар қауымының маңызды міндеттерінің бірі екендігін және айта кеткім келеді. Қазақстан азаматтарының оқып, білім алуына, ұрпақ өсіруіне барлық жағдай жасалған. Біз бақыттымыз. Бақытты елде өмір сүріп жүргенімізді еш уақытта жадымыздан шығармағанымыз абзал.

матрица конкурс.doc

Ответить

Этот сайт использует Akismet для борьбы со спамом. Узнайте, как обрабатываются ваши данные комментариев.

Больше на

Оформите подписку, чтобы продолжить чтение и получить доступ к полному архиву.

Читать дальше