ӨЗГЕРІС ТУРАЛЫ ОЙЛАР
Ақтөбе облысы. Шалқар қаласы
№ 1 орта мектеп. физика пәні мұғалімі
Қайралапова Қуаныш Байдрахманқызы
Іс-әрекеттегі зерттеу – өзгеріс енгізуге түрткі болатын проблемаларды қалыптастырып, оны шешуді қамтитын әлеуметтік жағдайлардағы оқыту үдерісі. Элейн Уилсон
Қоғамның даму деңгейі мен өзгерген әлеуметтік-мәдени ортаға бейімделу үшін әлем елдері соның ішінде Қазақстан білім беру жүйесін реформалауда. Мектепті зерттеуші мектепетіп түрлендіру мектепке ғылыми дәлелдемелерді енгізу және зерттеу жүргізу жөніндегі міндеттеме алу дегенді білдіреді. Тиімді көшбасшылық мектеп жүйесін жетілдірудің басты элементі болып табылады. Тиімді көшбасшылық мектеп нәтижесіне және оқушылардың білімді меңгеру деңгейіне тікелей болмаса да ,қатты ықпал ететіндігін ескере отырып,өзіме де өзгеріс қажет екендігін сезіндім.
Олар – өз бойымда мұғалім көшбасшылығының сипаттамаларына сай дағдыларды қалыптастыру.Мұғалімнің көшбасшылығы ынтымақтастық, кәсіптік оқу мүмкіндіктерін дамытып, мектеп пен сыныпта өзгеріс енгізуге оң әсер етеді.Біз білікті мұғалім ретінде өзіміздің кәсіби беделімізге және жеке тұлға ретінде моральдық беделімізге сүйене отырып, оқыту мен оқу тәжірибесіне өзгеріс енгізуге ықпал ете аламыз.
Жаңарған әлемдегі жаңа Қазақстан тәуелсіздікке орнықты, қуатты және ширақ мемлекет ретінде қадам басып отыр. Тәуелсіздік жылдарында сезім, әдет, дағды, сана өзгеріске түсті. Біздің қоғамның басты мәселесі жас ұрпақтың түсінігін, тілегін, арманын, білімін, көзқарасын, ең бастысы, оның қазақ еліне деген патриоттық сезімін тәрбиелеп, қалыптастыру, себебі, ол Қазақ елінің Ренессанс ғасырының азаматы, қазағы. Қазақтың Ренессанс ғасыры деген елдік тілектен туған ізгі сана – идея. Оның болмысы – Қазақ елінің бүгінгі күні. Ренессанс идеясы – өткен ғасырдың 60-жылдарынан бастау алып, 1991 жылы егемен ел атанғанда айқындалып, бүгінгі тұрмыс, болмысымызбен толығып, жетіліп, келешекке бастайтын елдік идеяның сара бағыты.
Қазақтың Ренессанс ғасыры басында тұрған ұрпақ – Тәуелсіздікке құрдас, қазіргі жас ұрпақ. Бұл – Ренессанс-ұрпақ. Еліміздің білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған іс-шаралар оқу-тәрбие процесінің барлық қатысушыларының рөлін, өзара қарым-қатынасын қайта қарауға мүмкіндік беретін оқу ортасын түзеуге тәуелді. Ең бастысы – қазіргі заманда ұстаздар үшін де, оқушылар үшін де басты бәсекелес уақыт екенін есте ұстауымыз керек.
