Біржылдық, екіжылдық және көпжылдық өсімдіктер
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, №47 жалпы білім беретін
орта мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Амирова Ляззат Базархановна
Дүниетану
Сабақтың тақырыбы: Біржылдық, екіжылдық және көпжылдық өсімдіктер.
Сабақтың мақсаты: Өсімдіктер жайлы түсінік қалыптастыру.
Сабақтың міндеттері:
Білімділік: өсімдіктердің өмір сүру ұзақтығы , олардың біржылдық, екіжылдық және көпжылдық болатыны туралы түсінік қалыптастыру.
Дамытушылық: Топпен жұмыс істей білуге және шығармашылық қабілеттерін шыңдай отырып, өз ойларын толық жеткізе білуге дағдыландыру. Сөздік қорларын көбейту;
Тәрбиелік мәні: Өсімдіктердің пайдасын біліп,оларды күтіп баптауға,қорғауға тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: оқулық, плакаттар, өсімдік суреттері.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ, топпен жұмыс
Сабақтың әдісі: жазбаша орындау, сұрақ – жауап
Сабақтың барысы:
1.Ұйымдастыру кезеңі Оқушылармен амандасу, кезекшілікті қадағалау, сыныпты түгендеу. Оқушыларды топқа бөліп отырғызу, топтарына ат қою. 2.Қызығушылықты ояту 3.Оқулықпен жұмыс 4.Ойлау.Логикалық тапсырма.Үш топқа ортақ тапсырма. -Неліктен тамырын, сабағы мен жапырақтарын өсімдіктің қоректену мүшелері деп атайды?(Әр топ өз жауаптарын береді) 5.Жүзеге асыру. 1.Сабақтың бұл сатысын өсімдіктеркөрмесіне топсеруен ретінде сөткізуге болады.Тақта үш бөлікке бөлінеді: Біржылдық Екіжылдық Көпжылдық өсімдіктер өсімдіктер өсімдіктер
2.Оқулық бойынша жұмыс. А) Мәтінді бөлімдер бойынша оқу
1-топ-біржылдық өсімдіктер жайлы 1-бөлімді оқиды 2-топ-екіжылдық өсімдіктер жайлы 2-бөлімді оқиды 3-топ-үшжылдық өсімдіктер туралы 3-бөлімді оқиды Әр топ олардың неліктен олай аталғанына талдау жасайды.
Б) Дәптермен жұмыс. ІV. Қорытынды
V. Үйге тапсырма:Мәтінді оқып мазмұндау. Сурет салу. Сұрақтарға жауап дайындау.
Әдебиеттік оқу
Сабақтың тақырыбы: Ұшқан ұя
Сабақтың мақсаты: Мәтін мазмұнымен таныстыру
Сабақтың міндеттері:Білімділік: батырдың балалық шағы немесе жалпы ол туралы не білетіндерін ескере отырып, мәтінді өз бетімен оқып, талдап шығуға мүмкіндік беру.
Дамытушылық: оқушыға өзіндік жұмыс жасату арқылы оның оқулықпен жұмыс істеу мәдениетін көтеруге , проблемалық мәселелерді шешудегі іскерлігін арттыруға жағдай туғызу.
Тәрбиелік мәні: отбасындағы қағидалар туралы ой қозғау арқылы мейірімділікке , қамқорлыққа, сана сезімді биіктетуге ұмтылу әрекеттері
Сабақтың көрнекілігі: батырдың портреті, альбом,оқулық, топтау сызбасы.
Сабақтың түрі: жаңа сабақ,топпен жұмыс
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап
Сабақтың барысы:
І.Ұйымдастыру кезеңі
ІІ.Үй тапсырмасы
ІІІ.Жаңа сабақ
І:Қызығушылықты ояту
а)Балалардан батырлар туралы сұрап өту
ә)Ал біз бүгін кеңес одағының батыры, жазушы Бауыржан Момышұлының «Ұшқан ұя» кітабынан үзінді оқимыз
Тақтаға кесте ілінеді.
Білемін Білгім келеді Не үйрендім?
Кестенің бірінші бөлігі оқушылардың айтуы бойынша толтырылады.
2.Мағынаны тану
-Ендеше біз бүгін батырдың балалық шағы туралы өзі жазған естелігін оқимыз.
3.Ой толғау.
Оқушылардың өздері де іштерінен «Мен жеті атамды білемін бе?» деген сауалға тап болады.Ал Отанын сүйген адам Қ.Мырза Әли жазғандай қандай болушы еді? Ендеше , ата- баба өсиеттері мен мақал- мәтелдеріне кезек беріп, оқулық бойынша жұмыс жасау ары қарай жалғасады.
Сабақтың барлық жұмыстар аяқталғаннан кейін кестенің соңғы бөлігі- «Не үйрендім?» бөлігі толтырылады.
4. Оқшыларға мәтінді мәнерлеп оқытып, сұрақтармен жұмыс жүргізу.
Дәптермен жұмыс
ІV.Қорытынды
V.Үйге тапсырма:1.Бауыржан Момышұлының фотосуреттерін жинап, өсиет сөздерін теріп жазып, альбом құрастыр.
2. Мәтінді мәнерлеп оқып ,мазмұндап келу.
